Қауіпсіздік ережесі. Төменгі сөре және сөрелік екпін. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Сабақ жоспары № 1

Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Жеңіл атлетика арқылы денсаулық пен фитнес 

Мектеп:

Күні:

Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі.Төменгі сөре және сөрелік екпін

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.4.1 денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендету, техника қауіпсіздігі бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне білу

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар келесіге қабілетті:

Қауіпсіздік ережесін біледі.

Жаттығулардың денсаулыққа тигізетін әсерін біледі

Оқушылар көпшілігі келесіге қабілетті:

Орта қашықтыққа жүгіру техникасын біледі.

 Бағалау критериі

Денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендету, техника қауіпсіздігі бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсінеді және біледі.

 Тілдік мақсаттар

Жеңіл атлетикадағы қозғалыс әрекеттерін және ағзадағы функционалды өзгерістерін талқылайды және көрсетеді

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • Қауіпсіздік ережесі
  • Спринтерлік жүгіріс,
  • стайерлік жүгіріс,
  • қашықтықта жүгіру
  • спринтер, стайер

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

  • Әріптесіңізбен жаттығу жасау қаншалықты нәтижелі болды?
  • Қысқа және алыс қашықтықтарға жүгіретін спортшыларды қалай атайды?

Құндылықтарды дарыту

Сабақ кезіндегі оқушылардың бір біріне деген сенімділігін арттыру Топта әділ жұмыс жасауға бейімдеу.

Командалық жұмыс жүргізуге дағдылану.

Пәнаралық байланыстар

Биология пәнімен байланыстыру.

АКТ қолдану дағдылары

Жүгіру техникаларын АКТ арқылы көрсету.

Бастапқы білім

Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7

7-8

  • Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі

Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз».

Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды.

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Күтілетін нәтижелер

- қауіпсіздік ережесін біледі.

-төменгі сөре және сөрелік екпін техникасын түсінеді.

-техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсінеді және біледі.;

II. «Маған қарай жүгіріңдер» ойынын ұйымдастырады.

Жүгіру барысында қажетті көмек және қолдау көрсетеді.

Саптізбекке бір-бірден сапқа тұру, қатарда өз орнын таба білу.

Саптізбекте бір-бірден жүру, (бірінен кейін бірі жүреді, бағытты сақтайды, саптізбектен шығып кетпеуге тырысады, саптізбекте өзінің орнын табады).

Шеңбер бойымен сапқа тұру, ажырау.

Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау

(қажетті бастапқы қалыпты қабылдайды, нұсқаушының көрсетуімен жаттығуларын сәйкестендіру).

Негізгі әрекеттерді орындау (сапқа тұру және бір-бірден саптізбекте жүру, аяқ және қолдарының қимылдарын үйлестіруге тырысу,

бағытын және тепе-теңдікті сақтау, саптізбекте өзінің орнын табады және сақтайды).

Ойынға қатысу ( белгі бойынша нұсқаушыға қарай жүгіреді, түрлі бағытта қимылдау мүмкіндіктеріне қуанады).

Оқушылар бір-бірін бағалайды

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «Көңіл-күй ағашы» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Сабақтың ортасы

10-20

20-30

 (Б, К) Қозғалмалы ойындардағы қауіпсіздік ережелерінің нұсқамасы.

 (Ж, К, ҚБ) Сыныпты бірнеше топқа бөлу. Әр топқа төменде берілген тапсырмалардың бірін беріп, 10-15 мин осы тапсырмамен жұмыс жасау және басқа топпен тапсырманы ауыстыру.

 1 тапсырма. «Дайындал!» қалпында 5с, 10с, 15с тұрып, жүгіріп шығу.

 2 тапсырма. Отырған, жатқан қалыптан және арқамен алға қозғалыс бағыты бойынша сөрелік екпінін орындау.

 3 тапсырма. Төменгі сөреден «дөңге» қарай жүгіру.

 4 тапсырма. Төменгі сөреден, сөрелік екпін кезіндегі тиімді алға еңкеюді сақтай жүгіру.

 5 тапсырма. Оқушылар «Сөреге!», «Дайындал!», «Жүгір!» төменгі сөреден шығу аралығын өзгерте сөреден жүгіріп шығады. Оқушылар кезекпен 4 адамнан сөреден шығады. Топтармен 2-3 оқу тапсырмасын орындағаннан кейін, 30-60 м қысқа қашықтыққа бірнеше жүгірулер орындау.Топтың жұмысын қорытындылау.

  Дескриптор

 - жүгіру кезеңдерін орындайды.

 -жүгіру кезінде жылдамдық алуды түсінеді.

 -жүгіру кезінде қауіп қатердің алдын алу жолдарын орындайды.

Мұғалім сұрақ қояды:

- Осы тапсырма қандай дене қасиеттерді дамытады?

Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді.

 Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады.

Кең ойын алаңы, ысқырық, фишкалар, бор, конустар.

Стадионның жүгіру алаңы, төменгі сөреге арналған сөрелік тірегіш, ысқырық, фишкалар, бор, конустар. https://www.youtube.com/watch?v=jlo77qeDnSE

Сабақтың соңы

35-40

Жабдықты топпен ақырын орнына қою және басқа топтар бұны аяқтамағанша, орын тауып, жату және тізенің жерде жатуы үшін бұрылу. Оқушыларды қолы жерге созуды, тізелерді ақырын бір жақтан екінші жаққа бұруды және салмақты ақырын жерге түсіруді сұраңыз. Кең созылған қол берік ұстайтынын түсіндіру. Оқушыларды екінші жаққа ақырын бұрылып, тізіге отыруды сұраңыз. Қолды дененің бір жағынан екінші жағына қарай бұрап, омыртқаны ақрын созу. Иықты үш рет алға және үш рет артқа айналдыру жәе бұл кезде жақсылап тыныс алу. Көзді жұму және бүгін жақсы жасаған нәрсе туралы ойлану.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.
  • Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.
  • Сәл әлсіз оқушыларға көмектесу үшін композициялық тапсырмаларды және де топ мүшелері санын азайту немесе жеңілдету.
  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.
  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?
  • Оқушылар иірілу мен бұрылу арасындағы айырмашылықты біле ме?
  • Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу