Эстафеталық жүгіруді түрлендіру. Дене шынықтыру, 7 сынып, сабақ жоспары.


Дене шынықтыру пәнінің қысқа мерзімді

CАБАҚ ЖОСПАРЫ №

Бөлім:

1-бөлім. Лақтыру, секіру, жүгіру дағдыларын жақсарту және дамыту

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Атабаев А.М.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Эстафеталық жүгіруді түрлендіру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.5.5 Басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды анықтай білу

 Сабақ мақсаттары

Эстафеталық таяқшаны беруде дағдылар мен біліктерді дұрыс игеруге үйрету.

Коридорда дұрыс беруге үйрету.

Эстафеталық таяқшаны беруде жүгіру қарқынын азайтпауға үйрету.

Сабақтағы төзімділік сапасын жақсарту.

 Жетістік критерийлері

Қауіпсіздік техникасын біледі.

Эстафеталық таяқшаны дұрыс беруді біледі.

Коридорда эстафеталық таяқшаны беруді көрсетеді.

«Уақытқа қуаласпақ» ойынында эстафеталық жүгіруді пайдалана отырып ойша әрекеттерді дұрыс қолданады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

өздерінің жеңіл атлетикадағы ерекше қимылдарын сипаттай, талқылай әрі көрсете алады

Мыналарды қамтиды:

  • екпін алу, итерілу, ұшу, қону
  • көтерілу, жерге қону
  • фитнес құрамдастары: күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік
  • қадамдар, аттау
  • лақтырулар: итеріп шығару, итеру, көтеріп тастау, лақтыру
  • қауіпсіздік, қауіп-қатер
  • сөрелік екпін алу, қашықтық бойынша жүгіру, мәреге жету

 Құндылықтарды дамыту

 

 

Құндылықтарды дамыту …

-жеке, жұпта және командада жұмыс істеу қабілетін;

-сайыстық, жеке немесе байланыс болсын дене жаттығуларын орындау кезінде әлеуметтік мінез-құлықты нығайту арқылы/көмегімен жүзеге асады (іс-әрекетті және/немесе тақырып мазмұнын сипаттау).

 

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, жас өспірімдер физиологиясы, физика.

 АКТ қолдану дағдылары

  • АКТ дене тәрбиесіндегі теориялық және практикалық сабақтарында қолдану (бейне, презентация, график, кесте, қосу динамикасы);
  • Фото және бейне материалдарды оқушыларға қозғалыс өнімділіктерін өлшеу және нығайту үшін өзін-өзі бағалау, бағалау техникалары үшін қолдану;
  • АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану.

Бастапқы білім

Бұл бөлімде оқушылар бірқатар жеңіл атлетикалық жаттығулар орындау кезінде өздерінің жеке қозғалыс техникаларын жетілдірумен жұмыс істейді. Оқушылар шағын топтарда бірлесе жұмыс істеп, оқу тапсырмаларын пысықтайды.

Сабақ барысы.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақ басында:

- оқушылардың зейінін шоғырландыруға;

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алуға;

- оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтауға

көңіл бөлу қажет

Жүгіру жолы немесе үлкен бос кеңістік. кедергілер.

Фишкалар, конустар, мұғалімге арналған ысқырық, бор

Сабақтың ортасы

(С, Т)8-10 адамнан тұратын 3-4 команда бір-бірден сапқа тұрады. Әрбір саптың алдында бір гимнастикалық орындық болады (тақтайы жоғары қараған). Белгі бойынша бірінші ойыншылар тақтаймен жүгіріп өтеді, қабырғаға дейін жүгіреді және оған қолынт тигізіп, кері қайтады. Екінші ойыншы қайтып келген ойыншы оған қолын тигізгенде ғана жүгіреді. Тапсырманы орындаған оқушы саптың соңына тұрады.

(С, Ф)Сынып командаларға бөлінеді, олардың әрқайсысында капитан таңдалады. Командалар сөре сызықтарының артына – бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Командалар арасындағы арақашықтық – 20-30 м. Алаңның ортасында, ені 2-3 м жолақты шектейтін екі сызықтың арасында, шахмат тәртібінде жалаушаларды лақтырады.

Белгі бойынша ойыншылар жылдам жалаушыларға қарай жүгіріп, оларды барынша көп жинауға тырысады. Белгіленген уақыттан кейін команда бойынша балалар орындарына қайтып келіп, сапқа тұрады. Капитандар ойыншылар әкелген жалаушаларды жинап, санайды. Әрбір жалауша үшін бір ұпай есептеледі.

Көбірек ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

Әрбір тапсырма үшін үлкен бос кеңістік

Мұғалімге арналған ысқырық

https://www.youtube.com/watch?v=wUnJCkoANRA

https://www.youtube.com/watch?v=VVeM508Ds10

https://www.youtube.com/watch?v=7dy0yiZiSEI

Үлкен бос кеңістік, жалаушалар, бор, ысқырық

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:

Оқушылардан бұл жаттығуда қандай тәуекел бар екенін және оны қалай азайтуға болатынын сұрау.

Оқушылар таңдаған тірек-қимыл дағдыларын бақылау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Берілген тапсырмаларды, жаттығуларды барынша біркелкі орындау.Қабілеті жоғары оқушылар ойындардағы қозғалыс әрекеттерін қайталап, сынып алдында орындалуын өз бетінше көрсету, жетістіктер мен кемшіліктеріне назар аудару.

Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу.Сабақ барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар.

Әр оқушыға жекелей тапсырмалар беру, тапсырмалардың орындалу дағдыларын тексеру.

Жекеле және топпен тапсырмаларды орындау және топ ішінде талқылау қарастырылады.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу.

Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді.

Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Дұрыс тыныс алу.

Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу