Қауіпсіздік ережесі. Допқа ие болу әдісінің негізгі элементтерін дамыту. Дене шынықтыру, 6 сынып, қосымша материал. 83 сабақ.


Әдістемелік нұсқау

7 бөлім: Ойын арқылы дағдыларды жақсарту

Сабақтың тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі. Допқа ие болу әдісінің негізгі элементтерін дамыту.

Оқу мақсаты: 6.1.1.1 Аздаған ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты дағдыларын қолдану

Сабақтың мақсаты: Аздаған ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты дағдыларын қолдануды үйрету

  • Сабақтың басы.

 Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

  • Сабақтың ортасы.

Білім алушылар футболмен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.

ОҚУШЫЛАРҒА СПОРТ ЗАЛЫНДАҒЫ

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ БОЙЫНША НҰСҚАУ

I.Жалпы қауіпсіздік ережелері

1.Бұл нұсқауды сақтау спорт залында дайындалатын барлық оқушылар үшін міндетті.

2.Дене шынықтыру сабағына дәрігерлік тексеруден және қауіпсіздік техникасы нұсқамалығынан өткен оқушылар жіберіледі.

3.Спорт залында тек спорт киімі мен табаны таймайтын аяқкиімде ғана дайындалуға болады.

4.Спорт залына сырт киіммен кіруге болмайды .

5.Жеке гигиена талаптарын сақтау керек (дене таза болуы,тырнақ қысқа етіп алынуы тиіс).

6.Спорт залына портфель мен сөмке алып кіруге болмайды.

7.Спорт залындағы жарақат алу қаупі:

-электр жарығын қосқан кезде (электр тогынан зақымдану );

-ҚТ сақтамаудан (қолдарды,буындарды жарақаттау,соғып алу);

-бұзық немесе даындалмаған спорт снарядтарында жұмыс істеу кезінде.

8.Сүлгі мен сабын салынған жеке дорбаша болуы тиіс.

II.Сабақ басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары

1.Спорт киімнін киім шешетін орында ауыстырып кию керек.

2.Мұғалімнің рұқсатынсыз немесе кезекшінің бұйрығынсыз спорт залына кіруге болмайды.

3.Спорт залына сабырмен,асықпай,тәртіп пен реттілікті сақтап кіреді.

4.Электр жарығын өз бетінше қосуға болмайды.

5.Мұғалім рұқсат бермей тұрып желдету үшін есікті ашуға болмайды.

6.Мұғалімнің нұсқауынсыз спорт құралдары мен снарядтарының орындарын ауыстыруға болмайды.

7.Осы сабаққа арналған ҚТ бойынша нұсқамалықты мұқият тыңдау керек.

III.Сабақ кезіндегі қауіпсіздік талаптары

1.Мұғалімнің бұйрығынсыз жаттығуларды және оқу тапсырмаларын орындауға кірісуге болмайды.

2.Төсеніш төселмеген жағдайда спорттық снарядтарда жаттығу орындауға болмайды.

3.Снарядтарда жұмыс істердің алдында оларды құрғақ,таза шүберекпен сүртіп алу керек.

4.Жаттығуларды орындау кезінде бір-біріңе сақтық етуді естеріңнен шығармаңдар.

5.Доптарды бір-біріне қарма-қарсы лақтыруға болмайды,жұп-жұп болып жұмыс істегінде бір ғана доп болуы тиіс.

6.Мұғалімнің тапсырмасында көрсетілмеген жаттығуларды орындамаңдар.

7.Сабақта тәртіп пен реттілікті сақтаңдар.

8.Сабақтан мұғалімнің рұқсатынсыз кетпеңдер.

9. Жаттығу жасар алдында снарядқа жақын тұрған оқұшының жоқтығына көз жеткізіп алыңдар.

IV.Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары

1.Өз-өзіңді нашар сезінген жағдайда сабақты тоқтатып,бұл туралы мұғалімге хабарлау керек.

2.Жарақат алған жағдайда мұғалімге хабарлаңдар,ол сендерге алғашқы көмек көрсетеді.

3.Кабинетте апатты жағдай орын алғанда,өрт шыға қалған жағдайда мұғалімнің нұсқауымен ұйымдасқан түрде,жылдам,абыржымай,спорт залын тастап шығыңдар.

V.Сабақ біткеннен кейінгі қауіпсіздік талаптары

1.Спорт залынан мұғалімнің командасымен,асығып-үсікпей,сабырмен шығыңдар.

2.Беті-қолдарыңды сабындап жуыңдар.

3.Спорт киімдеріңді,аяқкиімдерінді шешіндер,оны тек спортпен айналысуға ғана пайдаланындар.

4.Сабақ кезінде өздерің байқаған барлық кемшіліктер туралы мұғалімге хабарлаңда.

Футбол ойынның қауіпсіздік ережелері:

  • Футбол ойнайтын ойыншылардың саны алаңның кең-тар екендігіне байланысты.
  • Ойын барысында даурығып айқайлауға болмайды. Ойыншы әріптесіне белгі беруіне болады.
  • Ойынға төрешілік етушінің ескертпесін ойыншы мүлдіксіз орындауы тиісті.
  • Допты алып бара жатқан қарсыласты қуып жеткен жағдайда оның аяғын емес, допты тебу арқылы тартып алуға болады.
  • Қандай жағдайда болмасын, допты алып келе жатқан қарсыласпен бетпе-бет келгенде, тек допты ғана тебу керек.
  • Төрешінің берген белгісін (ысқырықты) естіген сәтте ойынды тоқтауға болады.
  • Жүгіріп бара жатқан қарсыласты артынан келіп итеріп жіберуге болмайды.
  • Жоғарыдағы допқа таласқанда қарсылас ойыншыны итеруге болмайды.
  • Қандай жағдайда болмасын, қақпашыға тисуге болмайды. Жалпы дөрекелік жасау футболшыға жат құбылыс.
  • Ойынға киетін спорт киімдері ауа райына қарай өзгереді.
  • Футбол ойынына сәйкес спорттық киім кию, (кроссовка).
  • Футбол ойынының техникасы мен такикасын орындау кезінде өте мұқият болу.

Ойнаушылар ойын кезінде бір-бірін ұстауына, дөрекі қылық жасауына жол берілмеу.

Жаттығуларды орындауды ұйымдастыру барысында қойылатын біріңғай тлаптарды.

Сабақ басталар алдында оқушылар алқа, сақина, сағат, сырға және т.б. жарақат алуға мүмкіндік тудыратын заттарды шешіп, қыз балалар шаштың түюлері қажет. Қауіпсіздікті сақтау үшін дене тәрбиесі сабағында тиісті спорт киімдерімен ғана қатысу қажет.

Допты алып жүру кезіндегі қауіпсіздік:

  • Жылдамдықты азайтып, тоқтай білу;
  • «финтті» қолдана білу;
  • Қарсыласының орын ауыстырылуларын сезіне білу;

Бір –бірін итермеу.

(С, ҚБ) Білім алушылар жүгіру жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне арналған ЖДДЖ орындайды.

Осыдан кейін келесі тапсырма беріледі.

  • Әртүрлі кедергілерден өтіп допты алып жүру:

А) Таяқшалардың арасынан жүгіріп өтіп, допты әріптесінен алып қақпаға соғу;

Ә) Арнайы шеңберлерден әртүрлі тәсілмен басып өтіп допты қақпаға енгізу;

Б) Допты әртүрлі кедергілерден айналып өтіп, қақпашыны әртүрлі тәсілдермен алдап допты қақпаға енгізу.

(Т, ЖЖ, ҚБ) «Допты аяқпен беру». Оқушылар 5-6 адамнан құралған екі топқа бөлінеді. Әр топ созылған қолдың немесе одан да ұзын қашықтықта шеңбер құра орналасады. Екі шеңбер пайда болады. Шеңбердегі ойыншылар нөмірлер бойынша саналады. Бірінші нөмірлі ойыншылар өз шеңберлерінің ортасына тұрып, алдарына доп қояды. Шеңберде тұрған ойыншылар өз орындарын сызықпен не дөңгелек түрінде белгілей алады. Ортақ белгі бойынша, ортадағы ойыншылар допты аяқтарымен екінші нөмірлі ойыншыларға береді, ал олар допты қабылдап, үшінші нөмірлерге тапсырады. Үшінші нөмірлі ойыншылар пас алғаннан кейін, допты келесі нөмірлерге береді, ойын осындай қалыпта жалғасады.

Қазіргі футболда дриблинг өте кеңінен қолданылады. Дриблинг еркін позицияға шығу үшін қолданылады. Ал ендіру өрдің ішкі және сыртқы бөлігімен, табанның ішкі және сыртқы бөлігімен, табанның ішкі бөлігімен беріледі.

1.Жай дриблинг. Допты түзу бойымен жай темппен әр қадам сайын аяқпен түртіп отырып беріледі.

2.Аяқпен кезектесе. Дәл жоғарыдағыдай. Тек аяқты кезектестіріп отырып беріледі.

3.Шеңбермен. алңда 5-6м шеңбер сызылады. Ойыншылар допты алып жүруде жаттығуды сағат тілімен – ішкі өрмен, сағат тіліне қарсы-сыртқы өрмену жасайды.

4.Коридормен. Алаңда 25 м ұзындықта коридор белгіленеді. Ені 1 м. Осыдан шықпай допты алып жүру.

5.Шеңбер ішінде. Алаңда 7 – 8 м диаметрлі шеңбер созылады. Оның ішіне тағы бір шеңбер. Екі шеңбердің арасы 1м. Ойыншы осы 1м арасынан шықпай, допты алып жүру керек. Жылдамдығы біртіндеп артылып отырады.

6.Басты көтер.Жаттығушылардан 20м қашықтықта бағана орнатылады. Дыбыс бойынша олар 5-6м интервалмен допты алға апарады.

7.Бағытын өзгерте. Алаңда бөлімше құрылады. Ойыншылар сигнал бойынша бір-біріне соқтықпай допты алып жүре бастайды, ол үшін ойыншылар үнемі бағыттарын өзгертіп отырулары керек.

Мұнда негізгі қате болып доп аяқтан қатты серпілуі және көзді доптан алмау. Мұны жою үшін 6-шы жаттығуды жасау керек.

Ойын барысында футболшылар жалған қозғалыстар да жасайды. Оның мақсаты- допты қарсыласынан сақтап қалу. Финт мағынасы футболда ерекше орын алады.

Бастауыш футболшыларға мұны үйретуде допсыз жасалатын жаттығулардан бастаған жөн.

1.Жай жүгірістен соң оңға (солға) ұмтылыс жасау.

2.Қатты жүгірістен соң бірден тоқтап ұмтылыс жасау.

3.Қозғалыс бағытын үнемі өзгерте отырып ағаштар арасымен жүру.

4.Ұмтылыс жасау, жанына құлау т.с.с.

5.Бағаналар арасымен жүру.

6.Квадратта жүгіру. Алаңда 4 метрлік квадрат сызылып оның ішіне 8-10 жаттығушы кіреді. Сигнал бойынша барлығы араласа бастайды. Жаттығу ұзақтығы 20-30 с.

7.Кеудемен жалған қозғалыс жасап үйретеді.

8.Бағана жанында. Екі ойыншы жаттығады. 2м диаметрлі шеңбер ортасына бағана қойылады. Ойыншының бірі аталған қозғалыс арқылы із кесушіден өтіп кетуге ұмтылады, бірақ шеңберден шығуға болмайды. Период бойынша орын алмасады.

Финт «допты тебуге аяқпен алдамшы серпіліс» бұл финтті қарсыласпен және қарсылассыз үйренуге болады (бағана, жалау, доп қажет). Футболшы допты алып келе жатып едергіге жақындағанда 2-3 м қалғанда допты оңға қарай тебу әрекетін жасай, өзі доптың қозғалысын тоқтатпай сол жаққа қарай алып кетеді, немесе керісінше.

Финт «жалған тоқтату». Бұл қабылдау екеуден жасалады. Әріптестер 8 м қашықтықта тұрады. Біреуі допты жолдасына бағыттайды. Оған 1,5-2 м жетпей, ол бірден тоқтап, допты табанмен жерге тірейді. Ары қарай тез арада аяқты көтеріп қозғалысты жасай береді.

Финт «допты таста». Жаттығу екеуден орындалады. Қарсыласына жақындаған ойыншы допты оның оң жағына жүгіртіп жіберіп, өзі сол оң жағынан өтеді.

Финт «денесімен көрсету». Ойыншы орташа темппен допты қарсыласына әкеледі. Одан 2-2,5 м қашықтықта ол денесін бірден оңға бұрып, допты керісінше солға жібереді.

Финт «доппен бірге өту». Бұл қарсыластан құтылуға тиімді. Қарсыласқа жақындай беріп, ойыншы аяқты көтеріп, кеудені сонда бұрады. Ал допты басқа аяқтың өрімен өткізіп жібереді.

Финт «шетке қарай ұмтылу». Допты алып келе жатып қарсыласқа 2 м қалғанда сол аяқпен серпіле оңға алға қарай ұмтылып қарсыластың да солай қарай ұмтылған әрекетін байқағаннан кейін аяқ өрінің сыртқы жағымен қарсыластың жанынан допты алып өту, допты ары қарай алып жүруді жалғастыру.

  • Сабақтың соңы.

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.

Ресурстар: Үлкен бос кеңістік.Футбол доптары, фишкалар, конустар.Қауіпсіздік ережесіне сілтеме:https://gigabaza.ru/doc/105337.html Ғаламтор ресурстарына сілтеме: Қозғалмалы ойындар. https://summercamp.ru/%D0%9F%D0%BE%D0%B4%D0%B2%D0%B8%D0%B6%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D0%B8%D0%B3%D1%80%D1%8B_%D1%81_%D0%BC%D1%8F%D1%87%D0%BE%D0%BC Допты беру техникасы интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=gXC95dD5cGY&t=2s

Футболдағы техника: https://www.youtube.com/watch?v=fIlXKvjAhcU

Футбол оқыту процесстерінің ерекшеліктері және әдістері

https://www.uniface.kz/index.php?post=article&section=3&id=533



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу