Қауіпсіздік ережесі. Допқа ие болу әдісінің негізгі элементтерін дамыту. Дене шынықтыру, 6 сынып, қосымша материал. 80 сабақ.


Әдістемелік нұсқау

7 бөлім: Ойын арқылы дағдыларды жақсарту

Сабақтың тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі. Допқа ие болу әдісінің негізгі элементтерін дамыту.

Оқу мақсаты: 6.3.4.1. Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіне білу

Сабақтың мақсаты: Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіндіру

  • Сабақтың басы.

 Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

  • Сабақтың ортасы.

Білім алушылар футболмен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.

ОҚУШЫЛАРҒА СПОРТ ЗАЛЫНДАҒЫ

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ БОЙЫНША НҰСҚАУ

I.Жалпы қауіпсіздік ережелері

1.Бұл нұсқауды сақтау спорт залында дайындалатын барлық оқушылар үшін міндетті.

2.Дене шынықтыру сабағына дәрігерлік тексеруден және қауіпсіздік техникасы нұсқамалығынан өткен оқушылар жіберіледі.

3.Спорт залында тек спорт киімі мен табаны таймайтын аяқкиімде ғана дайындалуға болады.

4.Спорт залына сырт киіммен кіруге болмайды .

5.Жеке гигиена талаптарын сақтау керек (дене таза болуы,тырнақ қысқа етіп алынуы тиіс).

6.Спорт залына портфель мен сөмке алып кіруге болмайды.

7.Спорт залындағы жарақат алу қаупі:

-электр жарығын қосқан кезде (электр тогынан зақымдану );

-ҚТ сақтамаудан (қолдарды,буындарды жарақаттау,соғып алу);

-бұзық немесе даындалмаған спорт снарядтарында жұмыс істеу кезінде.

8.Сүлгі мен сабын салынған жеке дорбаша болуы тиіс.

II.Сабақ басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары

1.Спорт киімнін киім шешетін орында ауыстырып кию керек.

2.Мұғалімнің рұқсатынсыз немесе кезекшінің бұйрығынсыз спорт залына кіруге болмайды.

3.Спорт залына сабырмен,асықпай,тәртіп пен реттілікті сақтап кіреді.

4.Электр жарығын өз бетінше қосуға болмайды.

5.Мұғалім рұқсат бермей тұрып желдету үшін есікті ашуға болмайды.

6.Мұғалімнің нұсқауынсыз спорт құралдары мен снарядтарының орындарын ауыстыруға болмайды.

7.Осы сабаққа арналған ҚТ бойынша нұсқамалықты мұқият тыңдау керек.

III.Сабақ кезіндегі қауіпсіздік талаптары

1.Мұғалімнің бұйрығынсыз жаттығуларды және оқу тапсырмаларын орындауға кірісуге болмайды.

2.Төсеніш төселмеген жағдайда спорттық снарядтарда жаттығу орындауға болмайды.

3.Снарядтарда жұмыс істердің алдында оларды құрғақ,таза шүберекпен сүртіп алу керек.

4.Жаттығуларды орындау кезінде бір-біріңе сақтық етуді естеріңнен шығармаңдар.

5.Доптарды бір-біріне қарма-қарсы лақтыруға болмайды,жұп-жұп болып жұмыс істегінде бір ғана доп болуы тиіс.

6.Мұғалімнің тапсырмасында көрсетілмеген жаттығуларды орындамаңдар.

7.Сабақта тәртіп пен реттілікті сақтаңдар.

8.Сабақтан мұғалімнің рұқсатынсыз кетпеңдер.

9. Жаттығу жасар алдында снарядқа жақын тұрған оқұшының жоқтығына көз жеткізіп алыңдар.

IV.Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары

1.Өз-өзіңді нашар сезінген жағдайда сабақты тоқтатып,бұл туралы мұғалімге хабарлау керек.

2.Жарақат алған жағдайда мұғалімге хабарлаңдар,ол сендерге алғашқы көмек көрсетеді.

3.Кабинетте апатты жағдай орын алғанда,өрт шыға қалған жағдайда мұғалімнің нұсқауымен ұйымдасқан түрде,жылдам,абыржымай,спорт залын тастап шығыңдар.

V.Сабақ біткеннен кейінгі қауіпсіздік талаптары

1.Спорт залынан мұғалімнің командасымен,асығып-үсікпей,сабырмен шығыңдар.

2.Беті-қолдарыңды сабындап жуыңдар.

3.Спорт киімдеріңді,аяқкиімдерінді шешіндер,оны тек спортпен айналысуға ғана пайдаланындар.

4.Сабақ кезінде өздерің байқаған барлық кемшіліктер туралы мұғалімге хабарлаңда.

Футбол ойынның қауіпсіздік ережелері:

  • Футбол ойнайтын ойыншылардың саны алаңның кең-тар екендігіне байланысты.
  • Ойын барысында даурығып айқайлауға болмайды. Ойыншы әріптесіне белгі беруіне болады.
  • Ойынға төрешілік етушінің ескертпесін ойыншы мүлдіксіз орындауы тиісті.
  • Допты алып бара жатқан қарсыласты қуып жеткен жағдайда оның аяғын емес, допты тебу арқылы тартып алуға болады.
  • Қандай жағдайда болмасын, допты алып келе жатқан қарсыласпен бетпе-бет келгенде, тек допты ғана тебу керек.
  • Төрешінің берген белгісін (ысқырықты) естіген сәтте ойынды тоқтауға болады.
  • Жүгіріп бара жатқан қарсыласты артынан келіп итеріп жіберуге болмайды.
  • Жоғарыдағы допқа таласқанда қарсылас ойыншыны итеруге болмайды.
  • Қандай жағдайда болмасын, қақпашыға тисуге болмайды. Жалпы дөрекелік жасау футболшыға жат құбылыс.
  • Ойынға киетін спорт киімдері ауа райына қарай өзгереді.
  • Футбол ойынына сәйкес спорттық киім кию, (кроссовка).
  • Футбол ойынының техникасы мен такикасын орындау кезінде өте мұқият болу.

Ойнаушылар ойын кезінде бір-бірін ұстауына, дөрекі қылық жасауына жол берілмеу.

Жаттығуларды орындауды ұйымдастыру барысында қойылатын біріңғай тлаптарды.

Сабақ басталар алдында оқушылар алқа, сақина, сағат, сырға және т.б. жарақат алуға мүмкіндік тудыратын заттарды шешіп, қыз балалар шаштың түюлері қажет. Қауіпсіздікті сақтау үшін дене тәрбиесі сабағында тиісті спорт киімдерімен ғана қатысу қажет.

Допты алып жүру кезіндегі қауіпсіздік:

  • Жылдамдықты азайтып, тоқтай білу;
  • «финтті» қолдана білу;
  • Қарсыласының орын ауыстырылуларын сезіне білу;

Бір –бірін итермеу.

(С, ҚБ) Білім алушылар жүгіру жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне арналған ЖДДЖ орындайды.

Осыдан кейін келесі тапсырма беріледі.

А) Ойыншы допты қарсы тізбектегі басқа адамға аяқтың іш жағымен беріп өз тізбегінің ең соңына барып тұрады. Беруді допқа аяқты екі рет тигізіп беруге тиісті. Ойыншылар уақытында орын алмастыруға тиісті.

В) Бір-біріне қарама-қарсы екі тізбек, ортасында бір ойыншы, сол адам өзіне келген допты аяқтың ішіменен оған доп берген ойыншымен доп алмастырады. Ойыншылардың доп беру кезінде уақытында орын алмастыруы қажет. Ортадағы ойыншы 1 минут өткесін басқа ойыншымен орын алмастыруға тиісті.

(С, Ж, ҚБ) «Допты аяқпен беру». Ойыншылар екі топқа бөлінеді (5-6 адамнан), олардың әрқайсысы арақашықтығы қол созымдай етіп шеңбер құрып тұрады. Сонда 2 шеңбер шығады. Ойыншылар шеңберде тұрып нөмір ретімен саналады. Бірінші нөмірлер өздерінің шеңберінің ортасына тұрады да, алдарына допты қояды. Шеңбер бойымен тұрғандар өз орындарын сызықпен немесе дөңгелектермен белгілеуге болады. Ортақ белгі бойынша ортада тұрған білім алушылар допты аяқтарымен екінші нөмірлерге беріп, олардан қайта дәл солай алады да, үшіншілерге береді. Олардан пас алғаннан кейін допты төртінші нөмірлерге береді және әрі қарай т.с.с.

Футбол ойынында допты тоқтау тәртіп бойынша қалыпты қозғалыстардың бірі болып саналады. Допты тоқтату толық болып саналады, егер доп тоқтап, қимылсыз жатса, толық емес болады, егер тоқтамай, тек жылдамдығын ғана азайтса. Ойында көбінесе толық емес тоқталулар қолданылады. Допты тоқтатуда табанның ішкі жағы қолданылады.

Домаланған допты ішкі табанмен тоқтату ойында көбірек қолданылады. Бұл әдіс ыңғай және оңды болып табылады. Допты өзіне қабылдаған футболшы сол мезетте-ақ допты бағыттауға дайын болып тұрады.

Оқыту барысында:

1.Соққы бер және тоқтат. Қабырғадан 5м қашықтықта тұрып, қабырғаға соғылып кері қайтатындай етіп лақтыру керек. Допты тоқтатып, қайтадан қабырғаға лақтыру т.с.с.

2.Қабылдау және беру. Ойыншылар екі-екіден бөлінеді. Олар бір-біріне қарама қарсы 6м қашықтыққа орналасады. Бір-бірне допты кезекпен беру арқылы допты табанның ішкі жағымен тоқтатуға жаттығады.

3.Доп ортаға. Жаттығушылар шеңбер бойымен тұрады. Диаметрі 12-14м . ойыншылардың біреуі ортаға тұрады. Ол допты басқаларына кезекпен беріп отырады. Соңғы ойыншы ортамен орын алмасады.

  4.Шеңберден-шеңберге. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Олардың саны тең. Команда әр-әр  жерде орналасады. Олардың алдына 2м диаметрлі шеңбер сызылады. Команданың біріншісі  шеңбер ішінде доппен бірге тұрады. Ол допты өз командасына береді. Олар кері бағытта команда соңына барып тұрады. Осылайша қайталана береді. Үш реттен кейін орын алмасады. Топтың бір-бірінен қашықтығы 5-6м.

  5.Қозғалыста ойыншылар қос-қостан бөлініп бір-бірінен 7-8м қашықтықта тұрады. Алға жылжып, олар допты бір-біріне төмендетіп жіберіп, аяқпен тоқтатып отырады. Қозғалыс темпі біртіндеп арта бастайды.

  Бастауыш ойыншыларда кездесетін қателердің көпшілігі допты қатты серпілту болып табылады. Бұл кемшілікті болдырмас үшін жаттығу кезінде әлсіз желдетілген доппен жаттығу керек.

  Домаланған допты табанмен тоқтату. Бұл доп ойыншыға қарама қарсы кезде орындалады. Бұл қабылдаудың техникасы оншалықты күрделі емес. Тоқтатушы аяқ кішкене тізесі бүгіліп, жақындаған допқа қарсы тұрады. Допқа аяқ тиген кезде, тізе кішкене артқа жылжиды, бұл кезде доп жерге қысылады.

  Оқыту барысында:

  1.Доп әріптеске. Ойыншылар екі-екіден бөлініп, бір-бірінен 5м қашықтықта тұрады. Біреуі әріптесі лақтырған допты табан арқылы тоқтатады. Осылайша қайталана береді.

  2.Сигналмен. жаттығу қос қостан жасалады. Әріптестер бір біріне 6-7м қашықтықтықта орналасады. Біреуінде доп, екіншісінде оған теріс қарап тұрады, біріншісі оған допты тебеді. Доп жақындаған кезде дыбыс беріледі.   Теріс тұрған ойыншы тез бұрылып допты табанымен тоқтатады, соңынан орын алмасады.

  3.Үштік. Бір мезгілде үш ойыншы жаттығады. Екі ойыншы бір-бірінен 5-6 қадам қашықтықтықта кезекпен допты үшінші жаққа домалатады. Период бойынша орын алмасады.

  Бастауыш ойыншылар бұл кезде көбінесе тоқтатушы аяқты өте жоғары көтеріп жібереді. Қателіктерді болдырмас үшін жоғарыдағы жаттығуды көбірек жасау керек.

  Ойын барысында көптеген ойыншылар допты табанның ішкі жағымен тоқтатады. Сонымен қатар табан арқылы. Бірінші жағдайда тірек аяқ доп тұсымен 40см алда орналасады.

  Оқыту барысында:

  1.Допты лақтыр. Екі ойыншы жаттығады. Біреуі допты лақтырады. Екіншісі аяқпен табанның ішкі жағымен немесе табанмен допты тоқтатады. Әріптестер ара қашықтығы 3-4 қадам. Әрқайсысы 10-15 доптан тоқтатады.

  2.Серпілістен кейін. Допты, бастан жоғары тастау және серпілгеннен кейін ішкі табанмен немесе табанмен допты тоқтатады. Жаттығу 10-15 рет жасалады.

  3.Тоқтат та бер. Екі ойыншы жаттығады. Біреуі допты әріптесінің сол жағына лақтырады. Ол сол аяғының ішкі табанымен допты тоқтатады да кері қайтарады. Сонан соң оң аяғымен 10 реттен соң орын алмасады.

  4.Жүгірумен. Жаттығушылар 8м қашықтықта тұрады. Бірінші ойыншы допты әріптесінің алдына лақтырады.   Әріптесі ұмтылып, допты тоқтатадыда, соққы арқылы кері қайтарады. период бойынша орын алмасады.

  5.Бұрылыс арқылы. Жаттығушылар 8м қашықтықта тұрады. Олар кезекпен бір-біріне допты 45°-қа сонан соң 90°-қа лақтырады. Қарсы тұрған ойыншы бұрылып допты тоқтатады.

  6.Жанына ұмтылыстан соң. Екі ойыншы бірінен 10-12 қадам қашықтықта тұрады. Біреуі әріптесіне допты лақтырады. Ол ұмтылып допты тоқтатып, кері қарай лақтырады. Бірінші ойыншы допты тоқтатады.

  7.Соққыдан соң. Екі ойыншы жаттығады. Олар бір-бірінен 20 қадам қашықтықта тұрады және бір-біріне допты бағыттайды. Серпілістен соң допты ішкі табанмен немесе табанмен тоқтатады.

  Аяққа тигенде доп ойыншыдан кері серпіледі. Бұл қателік көп кездеседі. Мұны болдырмас үшін 1-2 жаттығуларды жиі орындау керек.

  • Сабақтың соңы.

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.

Ресурстар: Үлкен бос кеңістік.Футбол доптары, фишкалар, конустар.Қауіпсіздік ережесіне сілтеме:https://gigabaza.ru/doc/105337.html Футбол элементтері бар қозғалмалы ойындар ғаламтор ресурстарына сілтеме: http://www.igraza.ru/page-3-1-8.html https://www.maam.ru/detskijsad/kartoteka-podvizhnyh-igr-i-uprazhnenii-s-yelementami-sportivnoi-igry-futbol.html Допты беру техникасы интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=gXC95dD5cGY&t=2s

Футбол оқыту процесстерінің ерекшеліктері және әдістері

https://www.uniface.kz/index.php?post=article&section=3&id=533



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу