Ұлттық ойындар аясындағы тактикалар мен стратегияларды оқып үйрену. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 46 сабақ.


4-бөлім Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары

Оқу мақсаты:

6.2.6.1. Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін түсіне білу

Сабақтың тақырыбы:

Ұлттық ойындар аясындағы тактикалар мен стратегияларды оқып үйрену.

Сабақтың мақсаттары:

Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін түсіне білуге үйрету.

Бағалау критерийлері :

Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін түсіне алады.

Тілдік мақсаттар

Түрлі ойын контексттеріндегі ойын ережелерін және қозғалыс дағдыларын біліп, талқылай алады.

Мыналарды қамтиды:

Ұлттық ойындар

асық, алшы, тәйке, бүк,шік

«Тоғызқұмалақ», құмалақ, тұздық, отау, атсырау, қазандық

команда, ойыншы, төреші

қарсылас, шабуыл, қорғаныс

ереже, баға, әділ ойын

Талқылауға арналған сұрақтар:

Жарыс кезінде ойындарда серіктестік қалай дамиды?

Жарыс кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады?

Командаңыз бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз?

Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі:

Білім алушылар алдыңғы сыныптарда және сабақтан тыс уақытта түрлі қазақ ұлттық ойындарында алған жалпы шеберліктері мен стратегиялық түсініктеріне ие.

1-ші тапсырма.

(Т, Ж, ҚБ) ) Білім алушылармен «Тоғызқұмалақ» ойынынның шығу тарихы бойынша қысқаша ақпарат беріліп, ойынындағы негізгі ережелер қарастырылады. Осыдан кейін «Тоғызқұмалақ» ойынын өткіземін. Ойынның мақсаты – ойыншы өз серіктесіндегі 81 тастан көбірек жеңу болып табылады. Ойыннан кейін олар пайдаланылған тактиканы және ойынды жақсарту бойынша стратегияларды талқылайды.

1-ші тапсырманың дескрипторлары:

- Тоғызқұмалақ ойынындағы іс-әрекеттерін түсінеді;

- төрелік ету ережелерін біледі.

Сұраңыз: Ойын кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады? Ойыншылар жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз? Сыныптастарыңыз бен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз? Ойын қалай басталады? Ойын қалай аяқталады?

2-ші тапсырма

Білім алушыларды ойынның ережесімен таныстырып, «Хан алшы» ойынын өткіземін. «Хан алшы» ойынының мәні – ойлау қабілетін, зейінді, ықыластылық пен бипаздықты дамыту. Бұл ойынға 5 оқушыдан 10 оқушыға дейін қатыса алады. Ойынды ойнау үшін барлық қатысушыларға асық жеткілікті болатындай беріледі. Асықтардың ішінен ең ірісі қызыл түске боялған болады. Бұл асық «хан» болады. Ойын санамақ арқылы жүргізушіні таңдаудан басталады, ол асықтардың барлығын алақанына жинап, шеңбер бойымен отырған ойыншылардың алдына лақтырады, солайша «хан» қай жағымен түскендігін мұқият қарап алады. Егер «хан» «бүк», «шік» немесе «тайқы» түссе, жүргізуші сұқ саусақпен, бас бармақ көмегімен ең жақында жатқан асықтарды атуы керек. Атылған асықтарды жүргізуші өзіне алады. Міндетті шарт — «ханды» «хан» түскен жақпен түскен соңғы қалған асықпен ғана атуға болады. Егер жүргізуші басқа асықтарға қолымен немесе асықпен тиіп кетсе, жүргізуші болып басқа ойыншы таңдалады. Егер «хан» «алшы» болып түссе, әр ойыншы оны атып алуға тырысуы қажет. Солайша, «ханды» кім иеленсе, сол жеңімпаз болады. Келесі ойынды жеңімпаз бастайды.

2-ші тапсырманың дескрипторлары:

- «Хан алшы» ойынындағы іс-әрекеттерін түсінеді;

- төрелік ету ережелерін біледі.

Сұраңыз: Ойын кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады? Ойын кезінде серіктестік қалай дамиды? Ойыншылар бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз? Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз? Ойында қандай стартегияларды қолдандыңыздар?

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізу ұсынылады.

Рефлексия

Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердім

Сары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым бар

Қызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедім

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік.

Тоғызқұмалақ тақтасы және құмалақтар(әр жұпқа), асықтар, бор.

«Тоғызқұмалақ» ойынының ережесіне сілтеме:

http://soyle.kz/article/view?id=176

Оқыту бейнесі:

https://www.youtube.com/watch?v=IwD_8vqU2k0

«Хан алшы» интернет ресурсына сілтеме:

http://bilimsite.kz/tarbie_sagaty/8831-ulttyk-oyyn-asyl-kazyna.html

https://articlekz.com/article/5852

«Хан ату» (11 минут 25 секундтан бастап):

https://www.youtube.com/watch?v=zpavGOT2GmM

Асық ату мобильді нұсқасын жүктеп алу:

https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.KEOLimits.asyk

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу