Ұлттық ойындар аясындағы тактикалар мен стратегияларды оқып үйрену. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 48 сабақ.


4-бөлім Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары

Оқу мақсаты:

6.2.5.1. Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсіну және қолдана білу, оны шешудің балама жолдарын ұсыну

Сабақтың тақырыбы:

Ұлттық ойындар аясындағы тактикалар мен стратегияларды оқып үйрену.

Сабақтың мақсаттары:

Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсіну және қолдана білу, оны шешудің балама жолдарын ұсынуға үйрету.

Бағалау критерийлері :

Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсінеді және қолданады, оны шешудің балама жолдарын ұсына алады.

Тілдік мақсаттар

Түрлі ойын контексттеріндегі ойын ережелерін және қозғалыс дағдыларын біліп, талқылай алады.

Мыналарды қамтиды:

Ұлттық ойындар

асық, алшы, тәйке, бүк,шік

«Тоғызқұмалақ», құмалақ, тұздық, отау, атсырау, қазандық

команда, ойыншы, төреші

қарсылас, шабуыл, қорғаныс

ереже, баға, әділ ойын

Талқылауға арналған сұрақтар:

Жарыс кезінде ойындарда серіктестік қалай дамиды?

Жарыс кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады?

Командаңыз бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз?

Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі:

Білім алушылар алдыңғы сыныптарда және сабақтан тыс уақытта түрлі қазақ ұлттық ойындарында алған жалпы шеберліктері мен стратегиялық түсініктеріне ие.

1-ші тапсырма

Білім алушыларды ойынның ережесімен таныстырып, «Асық ату» ойынын өткіземін. Сыныпты бірнеше командаларға бөлу. Алаңда асық тігілетін сызық сызылады. Осы жерге әр қатысушы екі асықтан қояды. Асық тігілетін сызықтан 5-7 метр қашықтықта тізілген асықтарды шығару үшін, сақа ататын сызық сызылады. Осы сызықтан қатысушылар кезекпен асықтарды атып, тігілген асықтарды 50 см асатын қашықтыққа шығарулары қажет.

Асықты атып шығарған ойыншы, сол асыққа ие болады. Егер ол атып шығара алмай, тигізген болса, онда асық қайтадан орнына қойылады да, келесі ойыншы сақаны лақтыратын болады.

Ойын кезекпен жалғасады. Ең көп асық жинаған ойыншы – жеңімпаз болады.

1-ші тапсырманың дескрипторлары:

- Асық ату ойынында өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсінеді және қолданады;

- оны шешудің балама жолдарын ұсынады.

Сұраңыз: Ойын кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады? Ойын кезінде серіктестік қалай дамиды? Ойыншылар бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз? Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз? Ойында қандай стартегияларды қолдандыңыздар?

2-ші тапсырма.

(Т, Ж, ҚБ) ) Білім алушылармен «Тоғызқұмалақ» ойынындағы негізгі ережелер қарастырылады. Ойыншылар «тоғызқұмалақ» ұлттық зияткерлік ойынын жұп болып ойнамастан бұрын ойынның басын таңдайды. Тоғызқұмалақта барлық ойындар 3 топқа бөлінеді:

1. Комбинациялық ойын

2. Позициялық ойын

3. Аралас ойын

Бұл 3 бағыт өзіндік ерекшеліктерге ие және түрлі әдістер мен айланы қажет етеді. Сондықтан бұл сабақта «Комбинациялық ойын», «Позициялық ойын», «Аралас ойын» қарастырылады.

1. Комбинациялық ойындарда тұздық дебютте ақ құрбандыққа шалынады. Бұлтұздықты құрбандыққа шалып, ойын соңына дейін тұздық алмай, 82 құмалақты барынша жылдам ұту тәсілі.

2-ші тапсырма.

(Т, Ж, ҚБ) 2. Позициялық ойындардың негізгі бағдарын атсырау жағдайынан бөлек қарастыру – қиын дүние және бұл ойын екі негізгі сипатқа ие: - тұздықсыз позициялык ойындар; тұздықтар тартысына құрылған позициялық ойын. Мұндай ойын көбінесе ара салмағы теңдес тұздықтар тартысы кезінде орын алады.

3. Комбинациялық ойындарда құрбандыққа неғұрлым күшті тұздық шалынады

2-ші тапсырманың дескрипторлары:

- Тоғызқұмалақ ойынында өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсінеді және қолданады;

- оны шешудің балама жолдарын ұсынады.

Сұраңыз: Ойын кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады? Ойыншылар жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз? Сыныптастарыңыз бен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз? Ойын қалай басталады? Ойын қалай аяқталады?

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізу ұсынылады.

Рефлексия

Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердім

Сары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым бар

Қызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедім

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік.

Тоғызқұмалақ тақтасы және құмалақтар(әр жұпқа), асықтар, сақалар, алаңды белгілеу үшін бор.

«Асық ату» интернет ресурсына сілтеме:

new.zhuldyzai.kz/wp-content/uploads/2017/01/Prilozhenie-1.docx

«Асық ату» ойыны:

https://www.youtube.com/watch?v=Y85yf2S5HwE

Асық ату мобильді нұсқасын жүктеп алу:

https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.KEOLimits.asyk

«Тоғызқұмалақ» ойынының ережесіне сілтеме:

http://soyle.kz/article/view?id=176

Оқыту бейнесі:

https://www.youtube.com/watch?v=IwD_8vqU2k0

Зияткерлік ойындар(ойын тарихы):

http://sportwiki.to/%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%BB%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%83%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D0%B8%D0%B3%D1%80%D1%8B

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу