Ұлттық ойындар аясындағы тактикалар мен стратегияларды оқып үйрену. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 47 сабақ.
4-бөлім Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары
Оқу мақсаты:
6.2.5.1. Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсіну және қолдана білу, оны шешудің балама жолдарын ұсыну
Сабақтың тақырыбы:
Ұлттық ойындар аясындағы тактикалар мен стратегияларды оқып үйрену.
Сабақтың мақсаттары:
Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсіну және қолдана білу, оны шешудің балама жолдарын ұсынуға үйрету.Бағалау критерийлері :
Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсінеді және қолданады, оны шешудің балама жолдарын ұсына алады.
Тілдік мақсаттар
Түрлі ойын контексттеріндегі ойын ережелерін және қозғалыс дағдыларын біліп, талқылай алады.Мыналарды қамтиды:Ұлттық ойындарасық, алшы, тәйке, бүк,шік«Тоғызқұмалақ», құмалақ, тұздық, отау, атсырау, қазандықкоманда, ойыншы, төреші қарсылас, шабуыл, қорғанысереже, баға, әділ ойынТалқылауға арналған сұрақтар:Жарыс кезінде ойындарда серіктестік қалай дамиды?Жарыс кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады?Командаңыз бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз?Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?Құндылықтарды дарыту:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.Пәнаралық байланыстар:
Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.
АКТ қолдану дағдылары:
Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.Алдын ала білімі:
Білім алушылар алдыңғы сыныптарда және сабақтан тыс уақытта түрлі қазақ ұлттық ойындарында алған жалпы шеберліктері мен стратегиялық түсініктеріне ие.
1-ші тапсырма
Білім алушыларды ойынның ережесімен таныстырып, «Бестабан» ойынын өткіземін. Сынып екі топқа бөлінеді. Алаңға көмбе сызығы сызылады. Осы жерге әр қатысушы екі топайдан тігеді. Көмбе сызығынан бес табан өлшеніп сызық сызылады.Бұл бес табан сызығы болады. Бес табан сызығынан 5 метр қашықтықта атыс сызығы сызылады. Осы сызықтан ойыншылар кезек-кезек көмбедегі топайды қатты құлаштап атып, тігілген кенейлерді көмбедегі сызықтан әрі қарай 5 табан сызығынан шығаруы керек.Ойыншылар екіге бөлініп сақаларын иіріп ату кезегін анықтап алады, содан кейін атуды бастайды. Көмбеден шыққан топай атқан ойыншыныкі болып есептеледі. Егер ол көмбеден шығара алмаса, сақа тиген топай қайта тігіледі де келесі ойыншы атады. Ойын осылайша жалғаса береді. Ең көп топай жинаған ойыншы жеңімпаз болып табылады.1-ші тапсырманың дескрипторлары:
- Бестабан ойынында өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсінеді және қолданады;- оны шешудің балама жолдарын ұсынады.Сұраңыз: Ойын кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады? Ойын кезінде серіктестік қалай дамиды? Ойыншылар бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз? Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз? Ойында қандай стартегияларды қолдандыңыздар?2-ші тапсырма.
(Т, Ж, ҚБ) ) Білім алушылармен «Тоғызқұмалақ» ойынындағы негізгі ережелер қарастырылады. Ойыншылар «тоғызқұмалақ» ұлттық зияткерлік ойынын жұп болып ойнамастан бұрын ойынның басын таңдайды. Тоғызқұмалақта барлық ойындар 3 топқа бөлінеді:1. Комбинациялық ойын2. Позициялық ойын3. Аралас ойынБұл 3 бағыт өзіндік ерекшеліктерге ие және түрлі әдістер мен айланы қажет етеді. Сондықтан бұл сабақта «Позициялық ойын» қарастырылады. 2.Позициялық ойындардың негізгі бағдарын атсырау жағдайынан бөлек қарастыру – қиын дүние және бұл ойын екі негізгі сипатқа ие: - тұздықсыз позициялык ойындар; тұздықтар тартысына құрылған позициялық ойын. Мұндай ойын көбінесе ара салмағы теңдес тұздықтар тартысы кезінде орын алады.2-ші тапсырманың дескрипторлары:- Тоғызқұмалақ ойынында өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсінеді және қолданады;- оны шешудің балама жолдарын ұсынады.Сұраңыз: Ойын кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады? Ойыншылар жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз? Сыныптастарыңыз бен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз? Ойын қалай басталады? Ойын қалай аяқталады?
Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?- нені толық түсінбедім?- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізу ұсынылады.Рефлексия
Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердімСары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым барҚызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедімРесурстар:
Үлкен бос кеңістік.Тоғызқұмалақ тақтасы және құмалақтар(әр жұпқа), асықтар, сақа, бор.«Бес табан» ойынына сілтеме (14 бет):http://www.tursport.akmol.kz/public/uploads/pravila_igri_asik.pdf«Тоғызқұмалақ» ойынының ережесіне сілтеме: http://soyle.kz/article/view?id=176Оқыту бейнесі:https://www.youtube.com/watch?v=IwD_8vqU2k0Зияткерлік ойындар(ойын тарихы):http://sportwiki.to/%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%BB%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%83%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D0%B8%D0%B3%D1%80%D1%8BНазарларыңызға рахмет!
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру