Жүгіру, секіру реттілігі. Дене шынықтыру, 6 сынып, дидактикалық материал. 2 сабақ.


Дидактикалық материал 6 сынып

Жеңіл атлетика

  • Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резина аяқ киім қию керек.
  • Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға болмайды.
  • Ойлы-қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешік т.б.) аспай-саспай өтуді есте сақтаған жөн.
  • Жүгіру, секіру, лақтыру алаңдарын көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.
  • Тырма мен күректі сабақ өтетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі т.б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) қаратып қоюға болмайды.
  • Спорт құралдарын (граната, диск, найза т.б) лақтырғанда, лақтыру бағытында адамның болмауын қарап, бақылап алу қажет.
  • Ұзындыққа , биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды майдалап, қопсытып алу керек.
  • Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.
  • Лақтырған ядроны қағып алуға болмайды және ядроны лақтырар кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.
  • Жауын-шашында күндері лақтыратын құрал-жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану керек.

Жеңіл атлетиканың тарихи дамуы.

 Жеңіл атлетика сияқты тарихи бай спорттың түрін табу қиын. Жүгіру, секіру жəне лақтыру адам баласының еңбегіне жəне күн көрісіне қажетті болғандықтан адам баласымен бірге дүниеге келген. Жеңіл атлетикалық жаттығулар барлық халықтардың бірінші ойындары, қызықты шаралары сонан кейін жарыстарына айналды. Археологиялық қазбаларға қарағанда табылған суреттерден Азия жəне Африка халықтарының арасында жеңіл атлетикадан жарыс болды деген ұғымға келуге болады. Ежелгі Египетте жəне Таяу Шығыс елдерінде жылдам жүгіру өнері пайда бола бастады.

 Ежелгі Грецияда жеңіл атлетика спорты жақсы дамыды. Сол кездегі көп соғыстар күшті жəне епті адамдарды тəрбиелеуді талап етті. Сондықтан осы елде спорттық жарыстар жақсы дамыды. Жарыстар сол елдің дəстүрі бойынша жүргізілді. Олимпия деген жерде халма Кронасада танымал храм Зевста дене жаттығуларымен айналысуға гимназия жəне палестрлер салына бастады, сонымен қатар стадион мен иппадромдар салынды, жалпы ұлттық жəне барлық халықтық жарыстар өткізілді. Осы жарыстар олимпиадалық ойындар атағын алды.

 Олимпиадалық ойындарға Грецияның барлық қалаларынан келе бастады. Осы спорттық мейрамның, олимпиаданың маңыздылығы сонша, болып жатқан соғыстар тоқтаған.

 Бірінші Олимпиада біздің эрамызға дейінгі 776 жылы болған. Соның бағдарламасында бір стадионнан екінші стадионға дейін жүгіру болды. (192,27 м.) бұл ара қашықтықты дромас деп атады. XIV Олимпиада ойындарында екі рет жүгіру сол арақашықтықты немесе драулос деп атады. Ал кейін ұзын арақашықтыққа жүгіру 24 стадия доликас деп аталды.

 Ежелгі Грецияда жеңіл атлетиканың барлық түрлері дамыды. Сондықтан қазіргі уақытта гректер біздің жеңіл атлетиканың алдында болды, əдісі жағынан. Əр түрлі дайындық жүгіру жаттығуларын орындады суда жəне құмда. Сөре арнаулы белгі арқылы берілді, сөреден қателескен спортшыларға ескерту берілді. Жүгірушілер колодканың орнына арнаулы плита (балбис) қолданды. Жүгірушілер əркім өз жолымен жүгірді. Жеңімпаздарды финалда қайтадан жүгіртіп анықтады. Ұзындыққа секіру кішкене өзгелеу болды. Олимпиадаға қатысушылар біздің уақыттағыдай секірді, бірақ қолдарында гантелі болды, салмағы 1,5 кг-нан 4,5 кг-ға дейін. Гректер найза мен дискні лақтырған салмағы 3 кг-нан бастап 5,7 кг-ға дейін. Дискнің орнына жалпақ (плоский) тас болды. Найзаның сабы ыңғайлы болу үшін теріден ілмек қондырған.

 Ежелгі Грецияда дене тəрбиесі Олимпиадалық ойындарында жүлделі орындарға ие болып жүргендері дене тəрбиесінің жақсы дамығанын көрсетті. Дене тəрбиесі спортта қолданбалы əскери сипаттама алды. Спартаныстар күшті шыныққан əскерлерді тəрбиеледі. Спартаныстардың балалары 7 жастан тəрбиеленді, жалпы мектептерде білімге көп көңіл бөлген жоқ, басты мақсат дене дайындығы болды.

 Афинада тəрбие жүйесі құрылды, дене тəрбиелеу мəдениеті мен қатар ғылым жəне өнер жақсы дамыды. Балалар бір уақытта граматикалық, музыкалық, гимнастикалық мектептерге қатысты. Жалпы гимназиялық мектептерде тəрбиелеу 6 жастан басталды. Гимназияда дене жаттығуларына көп көңіл бөлінді. Сонымен əскери дайындық басталды. Сондықтан Афинада жан-жақты дененің дамуына үлкен алаң ашты. Гректер жақсы дайындалған Олимпиадалық ойындарға қалай жарысу керек екендігін білген жəне жақсы көрді. Гректердің спортпен айналысуы соның ішінде жеңіл атлетикамен архетиктуралық, скульптурлық жəне əдебиеттік ескерткіштерден көрініп тұрды. Соңғы ғасырларда біздің эраға дейін Олимпиадалық ойындарға спортшылар мен кəсіпқойлар қатысты. Ойындар қатаң жарыстарға алып келді. Олимпиадалық ойын сондықтан Грецияның Римнің қол астына кіруімен тоқталды. Біздің эрамызға дейінгі 393 жылы Римнің императоры Феодосий I – ші жарлығымен Олимпиадалық ойын өтті.

ОҚУШЫЛАРҒА СПОРТ ЗАЛЫНДАҒЫ

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ БОЙЫНША НҰСҚАУ

I.Жалпы қауіпсіздік ережелері

1.Бұл нұсқауды сақтау спорт залында дайындалатын барлық оқушылар үшін міндетті.

2.Дене шынықтыру сабағына дәрігерлік тексеруден және қауіпсіздік техникасы нұсқамалығынан өткен оқушылар жіберіледі.

3.Спорт залында тек спорт киімі мен табаны таймайтын аяқкиімде ғана дайындалуға болады.

4.Спорт залына сырт киіммен кіруге болмайды .

5.Жеке гигиена талаптарын сақтау керек (дене таза болуы,тырнақ қысқа етіп алынуы тиіс).

6.Спорт залына портфель мен сөмке алып кіруге болмайды.

7.Спорт залындағы жарақат алу қаупі:

-электр жарығын қосқан кезде (электр тогынан зақымдану );

-ҚТ сақтамаудан (қолдарды,буындарды жарақаттау,соғып алу);

-бұзық немесе даындалмаған спорт снарядтарында жұмыс істеу кезінде.

8.Сүлгі мен сабын салынған жеке дорбаша болуы тиіс.

II.Сабақ басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары

1.Спорт киімнін киім шешетін орында ауыстырып кию керек.

2.Мұғалімнің рұқсатынсыз немесе кезекшінің бұйрығынсыз спорт залына кіруге болмайды.

3.Спорт залына сабырмен,асықпай,тәртіп пен реттілікті сақтап кіреді.

4.Электр жарығын өз бетінше қосуға болмайды.

5.Мұғалім рұқсат бермей тұрып желдету үшін есікті ашуға болмайды.

6.Мұғалімнің нұсқауынсыз спорт құралдары мен снарядтарының орындарын ауыстыруға болмайды.

7.Осы сабаққа арналған ҚТ бойынша нұсқамалықты мұқият тыңдау керек.

III.Сабақ кезіндегі қауіпсіздік талаптары

1.Мұғалімнің бұйрығынсыз жаттығуларды және оқу тапсырмаларын орындауға кірісуге болмайды.

2.Төсеніш төселмеген жағдайда спорттық снарядтарда жаттығу орындауға болмайды.

3.Снарядтарда жұмыс істердің алдында оларды құрғақ,таза шүберекпен сүртіп алу керек.

4.Жаттығуларды орындау кезінде бір-біріңе сақтық етуді естеріңнен шығармаңдар.

5.Доптарды бір-біріне қарма-қарсы лақтыруға болмайды,жұп-жұп болып жұмыс істегінде бір ғана доп болуы тиіс.

6.Мұғалімнің тапсырмасында көрсетілмеген жаттығуларды орындамаңдар.

7.Сабақта тәртіп пен реттілікті сақтаңдар.

8.Сабақтан мұғалімнің рұқсатынсыз кетпеңдер.

9. Жаттығу жасар алдында снарядқа жақын тұрған оқұшының жоқтығына көз жеткізіп алыңдар.

IV.Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары

1.Өз-өзіңді нашар сезінген жағдайда сабақты тоқтатып,бұл туралы мұғалімге хабарлау керек.

2.Жарақат алған жағдайда мұғалімге хабарлаңдар,ол сендерге алғашқы көмек көрсетеді.

3.Кабинетте апатты жағдай орын алғанда,өрт шыға қалған жағдайда мұғалімнің нұсқауымен ұйымдасқан түрде,жылдам,абыржымай,спорт залын тастап шығыңдар.

V.Сабақ біткеннен кейінгі қауіпсіздік талаптары

1.Спорт залынан мұғалімнің командасымен,асығып-үсікпей,сабырмен шығыңдар.

2.Беті-қолдарыңды сабындап жуыңдар.

3.Спорт киімдеріңді,аяқкиімдерінді шешіндер,оны тек спортпен айналысуға ғана пайдаланындар.

4.Сабақ кезінде өздерің байқаған барлық кемшіліктер туралы мұғалімге хабарлаңда.

Ресурстар: Үлкен бос кеңістік.Ысқырық, фишкалар, бор, Рефлексия парағы.Төменгі сөренің орындалу техникасы интернет ресурстарына сілтеме:http://msuathletics.ru/books/sprint/sprint_technique.html https://www.youtube.com/watch?v=L6bi7k_3gz0

Мектептегі жеңіл атлетика теориясы мен әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: http://emirb.org/mekteptegi-jeil-atletika-teoriyasi-men-edistemesi-penini-ou-ed-v2.html?page=2



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу