Жүгіру, секіру реттілігі. Дене шынықтыру, 6 сынып, дидактикалық материал. 5 сабақ.


Дидактикалық материал 6 сынып

Жеңіл атлетика

  • Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резина аяқ киім қию керек.
  • Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға болмайды.
  • Ойлы-қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешік т.б.) аспай-саспай өтуді есте сақтаған жөн.
  • Жүгіру, секіру, лақтыру алаңдарын көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.
  • Тырма мен күректі сабақ өтетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі т.б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) қаратып қоюға болмайды.
  • Спорт құралдарын (граната, диск, найза т.б) лақтырғанда, лақтыру бағытында адамның болмауын қарап, бақылап алу қажет.
  • Ұзындыққа , биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды майдалап, қопсытып алу керек.
  • Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.
  • Лақтырған ядроны қағып алуға болмайды және ядроны лақтырар кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.
  • Жауын-шашында күндері лақтыратын құрал-жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану керек.

Жеңіл атлетика жаттығуларына классификация жəне жалпы сипаттама.

Жеңіл атлетика – спорттың түрі ретінде адам баласы үшін, мынадай дене жаттығуларын біріктіреді: жүру, жүгіру, секіру жəне лақтыру. Сонымен қатар жеңіл атлетика ғылыми- педагогикалық пəн болып саналады. Өзіне тəн ілімі, əдісін, тактикасын үйретуін жəне жаттығуын қарайтын сұрақтыры болады. Басқа пəндер сияқты педагогикалық пəн ретінде философияға жəне басқа да аралас ғылымға – физиологияға, психологияға, анатомияға, биомеханикаға, медицинаға негізделеді.

 Жеңіл атлетика дене тəрбиелеу мəдениеті жəне педагогикалық институттарда ілімін оқуға, əдістемесін үйретуге, осы спорттың негізгі əдісін меңгеруге, білімін алуға жəне өз еркімен мектепте педагогикалық жұмысты жүргізуге қарап дайындады.

 Жеңіл атлетика дене жаттығуларының 5 түрінен тұрады: спорттық жүру, жүгіру, секіру, лақтыру жəне көп сайыстан. Осы түрлердің өзіне тəн түрлері жəне тəсілдері болады.

 Спорттық жүру – адам баласының табиғи қозғалыс тəсілі. Спорттық жүрістің қарапайым жүрістен айырмашылығы үлкен жылдамықта өзіне тəн əдісі болады жəне үлкен жылдамдықты қамтамасыз етіп қозғалысты үнемдейді. Спорттық жүріспен айналысқанда жүректің, тыныс алу мүшелерінің жəне басқа да ағзаның мүшелерінің жұмыстары жақсарып нығаяды. Жарыс кезінде қиындықты жеңуге, шыдамдылыққа, төзімділікке, жігерлілікке тəрбиелейді. Спорттық жүрістен жарыс стадион жолдарында мына қашықтықтардан өтеді: 3, 5, 10, 15,

20, 30, 50 шақырымдарға. Сонымен қатар стадион жолдарында 1 сағаттық жəне 2 сағаттық жүріс болады. Спортшылар жарыстың ережесін бұзбаулары қажет. Аяқтың жермен байланысы (1 немесе 2 тірек кезең) болуы қажет.

 Жүгіру – жеңіл атлетикада негізгі жəне басты түрі болып табылады. Жүгіру барлық жарыстың орталық бөлімі болып тұрады. Жүгіру жеңіл атлетика жаттығуларының атап айтқанда ұзындыққа секірудің, биіктікке секірудің, сырықпен жəне үш адымдап секірудің, найза, гранат, доп лақтырудың құрамдас бөлігі. Паркте немесе тоғайда жай, ұзақ жүгіріс гигиеналық, сауықтыру маңызы бар. Жылдам, спринттік жүгіріс жылдамдық-күш сапасын, ал орта жəне ұзын қашықтыққа жүгіріс – шыдамдылықты, төзімділікті, кедергілі жүгіріс – ептілікті, жоғарғы қозғалыстың үйлесімділігін келтіріп жетілдіреді.

 Жүгіру – тегіс жерде, атап айтқанда стадиондардағы жолдарда,табиғи кедергілерде, кросс жəне қолданбалы кедергілерге жүгіру жəне эстафеталық жүгіріс болып бөлінеді.

 Қысқа арақашықтық 30 метрден бастап 400 метрге дейін классикалық түрлеріне жататын арақашықтықтар: 100, 200, 400 метр. Орта арақашықтық 500 метрден бастап 2000 метрге дейін классикалық түріне жататын арақашақтықтар: 800 метр, 1500 метр. Ұзын арақашықтық 3000 метрден бастап 10000 метрге дейін, классикалық түрлеріне жаттатын арақашықтықтар: 5000, 10000 метр. Үлкен ұзын арақашықтық – 20,25,30 шақырым, бір сағаттық, екі сағаттық жəне марафондық жүгіріс 42 км. 195 м. Кросс 500 метрден бастап 14 шақырымға дейін, сонымен бірге тас жолмен 30 шақырымға дейін жүгірістер өткізіледі. Кедергілі жүгіру стадиондағы жолдарда 50 метрден 400 метрге дейін классикалық түріне жататын қашықтықтар: кедергіл жүгіру: қойылған кедергілерден, су құйылған шұңқырдан тұрады. Мына қашықтықтардан 1500, 2000 жəне 3000 метрден классикалық түріне жататын арақашықтықтар.

 Эстафеталық жүгіріс қашықтықтың ұзындығына, этаптың санына қарай бөлінеді, қысқа қашықтыққа өтуі мүмкін: 4х60 м, 4х100 м, 4х200 м, 4х400 м, 4х300 м. Классикалық түріне жататын орта қашықтық: 3х800 м, 4х800 м, 10х1000 м, 4х1500м., аралас эстафета: 400 + 300 + 200 + 100 немесе 100 + 200 + 300 + 400 м. немесе 800 + 400 + 200 +100 м.

 Секіру – жеңіл атлетикада ұзындыққа, биіктікке, үш адымдап жəне сырықпен секіру болып бөлінеді. Олар бəрі де екпінді жүгірістен орындалады. Секіру əр түрлі тəсілдермен орындалады. Ұзындыққа секіру мына тəсілдермен орындалады: «аяқты бүгіп» тəсілімен, «иілу» тəсілімен жəне «қайшылап» тəсілімен. Биіктікке секіру мына тəсілдермен орындалады: «аттау» тəсілімен, «домалау» тəсілімен, «толқын» тəсілімен, «асырма» тəсілімен, «фосбери-флоп» тəсілімен. Үш адымдап секіру үш сатыдан тұрады: секіріп итеруден, адымнан жəне секіруден. Ал сырықпен секіру сырықтың көмегімен тіреп секіру арқылы орындалады. Секіру біріншіден секірулігін, жылдамдық-күшінің сапасын адам баласының жан-жақты дамытуға, ептілікке, ержүректілікті дамытып тəрбиелейді.

 Лақтыру – бұл жаттығу күш-жылдамдығы сипатында белгілі бір снарядты алысқа лақтыру. Аяқ-бел, иық-қол күштерінің аз уақытқа күш салуы. Лақтыру күш арқылы дамып, жылдамдық, ептілік, қозғалыстың икемдігі арқылы жетілдіреді. Лақтыру мына түрлерге бөлінеді: негізгі түрлері диск, найза, балға, ядро. Қосымша түрлері гранат, кіші доп. Бұлардың өздеріне тəн əдісі мен тəсілдері болады.

 Көп сайыс – жеңіл атлетика түрлерінен тұрады. Неше түрден тұрса солай аталады. Жеңіл атлетиканың мына түрлерінен: жүгіру, лақтыру, секіруден тұрады. Қазіргі уақытта əйелдер арасында бес сайыс, жеті сайыс, ал ерлер арасында он сайыс, жеті сайыс жəне бес сайыс жақсы дамыған. Көп сайыстың қорытындысы ұпай санымен анықталады.

Орта жəне ұзын қашықтыққа жүгіру техникасы.

 Орта жəне ұзын қашықтыққа жүгіруде сөреден шығудын маңызы зор. Спортшылар, əдетте жоғарғы сөрені пайдаланады.Кейбір жүгірушілер 800 метрге жүгіргенде төменгі сөрені пайдаланады.Жалпы жоғарғы сөреде тұру кезінде сөре сызығына күшті аяқты, ал екінші аяқты артқа қою керек. Дайын бол пəрменімен естігеннен кейін аяқтарды бүгіп, кеудені алға еңкейтеді. Жүгірістін басталуында қысқа қашықтыққа қарағанда кеуде сөреден шыққаннан кейін тез жазылады. Жүгірудің жеңілдігі, туралығы, аяқты жерге жұмсақ тіреу, жүгірген кезде мүсінді жақсы ұстау-шапшандыққа жүгірудің де, төзімділікке жүгірудің де техникасын үйренгенде жұмыс істеуі керек ететін маңызды кезендер. Спортшы қозғалысының үнемділігі, эффектілігі, сол қозғалыста күш шығаруға сатылап бұлшық еттердің жұмыс істеуін жəне демалуын білу керек. Жүгірген кезде спортшының денесі алға еңкейеді 850-қа. Көп еңкейсе

адымның қысқаруына əкеліп соғады. Жылдамдықты өзгертсе дененің еңкейуіде өзгереді. Спринтерлік жүгіріске қарағанда орта жəне үлкен қашықтыққа жүгіргенде бұрышы ұштылау (500-550). Мынадай сатылардан тұрады: сөреден жүгіру, мəреден өту, бұрылыста жүгіру. Сөрелік екпіннің мақсаты аз уақыттың ішінде үлкен жылдамдық алу, еркін сілтейтін жүгіріске мүмкіндік туғызу, жылдамдықты пайдалану, жолда өзіне пайдалы қажетті жерді табу. Орта жəне үлкен қашықтыққа жүгіргенде жылдамдықты туғызу үшін 30-40 метрлік қашықтық керек. Дем алу. Орта жəне үлкен қашықтыққа жүгіргенде адам ағзасына оттегі қажеттігі өсеі.

Бұлшық еттерін босату немесе босап еркін жүгіру спортшыларда ең қиын жəне басты мақсат болып саналады. Əрбір жүгіруші өз қозғалысының əдісін жақсарту қажет, соның ішінде жүгіру арқылы келеді. Орта жəне үлкен қашықтыққа жүгіру жоғары сөреден басталады. Содан кейін жүгірушілер бірінші жолға түсуге тырысады.

 800 немесе 1500 метрге жүгірудің, негізінен алғанда, 60 не 100, 200 метрлерге жүгірулерден тек аз жылдамдықпен жүгіру арқылы ғана, демек жеке үдемелете жүгірудің аз болатындығымен ғана айырмашылығы бар.

 Қашықтық ұзарған сайын адымның арасы да азайады. Жүгіру техникасын жетілдіремін деп бір қалыпты шапшандықты ұстап жүгірумен ғана тежеліп қалмау керек. Бір қалыпты шапшандықпен жүгіріп өтуді орындаған кезде, назарды жүгіру техникасының жеке бөліктерін меңгеру мен жетілдіруге жəне тыныс алуға аударған жөн.

ОҚУШЫЛАРҒА СПОРТ ЗАЛЫНДАҒЫ

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ БОЙЫНША НҰСҚАУ

I.Жалпы қауіпсіздік ережелері

1.Бұл нұсқауды сақтау спорт залында дайындалатын барлық оқушылар үшін міндетті.

2.Дене шынықтыру сабағына дәрігерлік тексеруден және қауіпсіздік техникасы нұсқамалығынан өткен оқушылар жіберіледі.

3.Спорт залында тек спорт киімі мен табаны таймайтын аяқкиімде ғана дайындалуға болады.

4.Спорт залына сырт киіммен кіруге болмайды .

5.Жеке гигиена талаптарын сақтау керек (дене таза болуы,тырнақ қысқа етіп алынуы тиіс).

6.Спорт залына портфель мен сөмке алып кіруге болмайды.

7.Спорт залындағы жарақат алу қаупі:

-электр жарығын қосқан кезде (электр тогынан зақымдану );

-ҚТ сақтамаудан (қолдарды,буындарды жарақаттау,соғып алу);

-бұзық немесе даындалмаған спорт снарядтарында жұмыс істеу кезінде.

8.Сүлгі мен сабын салынған жеке дорбаша болуы тиіс.

II.Сабақ басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары

1.Спорт киімнін киім шешетін орында ауыстырып кию керек.

2.Мұғалімнің рұқсатынсыз немесе кезекшінің бұйрығынсыз спорт залына кіруге болмайды.

3.Спорт залына сабырмен,асықпай,тәртіп пен реттілікті сақтап кіреді.

4.Электр жарығын өз бетінше қосуға болмайды.

5.Мұғалім рұқсат бермей тұрып желдету үшін есікті ашуға болмайды.

6.Мұғалімнің нұсқауынсыз спорт құралдары мен снарядтарының орындарын ауыстыруға болмайды.

7.Осы сабаққа арналған ҚТ бойынша нұсқамалықты мұқият тыңдау керек.

III.Сабақ кезіндегі қауіпсіздік талаптары

1.Мұғалімнің бұйрығынсыз жаттығуларды және оқу тапсырмаларын орындауға кірісуге болмайды.

2.Төсеніш төселмеген жағдайда спорттық снарядтарда жаттығу орындауға болмайды.

3.Снарядтарда жұмыс істердің алдында оларды құрғақ,таза шүберекпен сүртіп алу керек.

4.Жаттығуларды орындау кезінде бір-біріңе сақтық етуді естеріңнен шығармаңдар.

5.Доптарды бір-біріне қарма-қарсы лақтыруға болмайды,жұп-жұп болып жұмыс істегінде бір ғана доп болуы тиіс.

6.Мұғалімнің тапсырмасында көрсетілмеген жаттығуларды орындамаңдар.

7.Сабақта тәртіп пен реттілікті сақтаңдар.

8.Сабақтан мұғалімнің рұқсатынсыз кетпеңдер.

9. Жаттығу жасар алдында снарядқа жақын тұрған оқұшының жоқтығына көз жеткізіп алыңдар.

IV.Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары

1.Өз-өзіңді нашар сезінген жағдайда сабақты тоқтатып,бұл туралы мұғалімге хабарлау керек.

2.Жарақат алған жағдайда мұғалімге хабарлаңдар,ол сендерге алғашқы көмек көрсетеді.

3.Кабинетте апатты жағдай орын алғанда,өрт шыға қалған жағдайда мұғалімнің нұсқауымен ұйымдасқан түрде,жылдам,абыржымай,спорт залын тастап шығыңдар.

V.Сабақ біткеннен кейінгі қауіпсіздік талаптары

1.Спорт залынан мұғалімнің командасымен,асығып-үсікпей,сабырмен шығыңдар.

2.Беті-қолдарыңды сабындап жуыңдар.

3.Спорт киімдеріңді,аяқкиімдерінді шешіндер,оны тек спортпен айналысуға ғана пайдаланындар.

4.Сабақ кезінде өздерің байқаған барлық кемшіліктер туралы мұғалімге хабарлаңда.

Дене шынықтыру бойынша

рефлексивті карточка

Оқушының аты-жөні

Сынып

Сабақ күні

Мен тапсырманы орындадым: …...

Менің түсінгенім: ……

Енді менің қолымнан келеді: ……

Дене шынықтыру бойынша

рефлексивті карточка

Оқушының аты-жөні

Сынып

Сабақ күні

Мен тапсырманы орындадым: …...

Менің түсінгенім: ……

Енді менің қолымнан келеді: ……

Ресурстар: Үлкен бос кеңістік, жүгіру жолы, бор, жалаушалар, ысқырық, уақыт өлшеуіш, рефлексия парағы.Жаттығудың денеге әсері интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=mdfRx6FNLxk&list=PLI-5x-YK2SVFXUwRw0E6PY8ZG6FIdCPX4Орта қашықтықтарға жүгіру интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=XJT5Tai7otY Мектептегі жеңіл атлетика теориясы мен әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: http://emirb.org/mekteptegi-jeil-atletika-teoriyasi-men-edistemesi-penini-ou-ed-v2.html?page=2



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу