Жүгіру, секіру реттілігі. Дене шынықтыру, 6 сынып, дидактикалық материал. 8 сабақ.


Дидактикалық материал 6 сынып

Жеңіл атлетика

  • Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резина аяқ киім қию керек.
  • Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға болмайды.
  • Ойлы-қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешік т.б.) аспай-саспай өтуді есте сақтаған жөн.
  • Жүгіру, секіру, лақтыру алаңдарын көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.
  • Тырма мен күректі сабақ өтетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі т.б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) қаратып қоюға болмайды.
  • Спорт құралдарын (граната, диск, найза т.б) лақтырғанда, лақтыру бағытында адамның болмауын қарап, бақылап алу қажет.
  • Ұзындыққа , биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды майдалап, қопсытып алу керек.
  • Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.
  • Лақтырған ядроны қағып алуға болмайды және ядроны лақтырар кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.
  • Жауын-шашында күндері лақтыратын құрал-жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану керек.

Жеңіл атлетиканың түрлері мен тарихи дамуына сипаттама.

Жеңіл атлетиканың тарихи дамуы.

 Жеңіл атлетика сияқты тарихи бай спорттың түрін табу қиын. Жүгіру, секіру жəне лақтыру адам баласының еңбегіне жəне күн көрісіне қажетті болғандықтан адам баласымен бірге дүниеге келген. Жеңіл атлетикалық жаттығулар барлық халықтардың бірінші ойындары, қызықты шаралары сонан кейін жарыстарына айналды. Археологиялық қазбаларға қарағанда табылған суреттерден Азия жəне Африка халықтарының арасында жеңіл атлетикадан жарыс болды деген ұғымға келуге болады. Ежелгі Египетте жəне Таяу Шығыс елдерінде жылдам жүгіру өнері пайда бола бастады.

 Ежелгі Грецияда жеңіл атлетика спорты жақсы дамыды. Сол кездегі көп соғыстар күшті жəне епті адамдарды тəрбиелеуді талап етті. Сондықтан осы елде спорттық жарыстар жақсы дамыды. Жарыстар сол елдің дəстүрі бойынша жүргізілді. Олимпия деген жерде халма Кронасада танымал храм Зевста дене жаттығуларымен айналысуға гимназия жəне палестрлер салына бастады, сонымен қатар стадион мен иппадромдар салынды, жалпы ұлттық жəне барлық халықтық жарыстар өткізілді. Осы жарыстар олимпиадалық ойындар атағын алды.

 Олимпиадалық ойындарға Грецияның барлық қалаларынан келе бастады. Осы спорттық мейрамның, олимпиаданың маңыздылығы сонша, болып жатқан соғыстар тоқтаған.

 Бірінші Олимпиада біздің эрамызға дейінгі 776 жылы болған. Соның бағдарламасында бір стадионнан екінші стадионға дейін жүгіру болды. (192,27 м.) бұл ара қашықтықты дромас деп атады. XIV Олимпиада ойындарында екі рет жүгіру сол арақашықтықты немесе драулос деп атады. Ал кейін ұзын арақашықтыққа жүгіру 24 стадия доликас деп аталды.

 Ежелгі Грецияда жеңіл атлетиканың барлық түрлері дамыды. Сондықтан қазіргі уақытта гректер біздің жеңіл атлетиканың алдында болды, əдісі жағынан. Əр түрлі дайындық жүгіру жаттығуларын орындады суда жəне құмда. Сөре арнаулы белгі арқылы берілді, сөреден қателескен спортшыларға ескерту берілді. Жүгірушілер колодканың орнына арнаулы плита (балбис) қолданды. Жүгірушілер əркім өз жолымен жүгірді. Жеңімпаздарды финалда қайтадан жүгіртіп анықтады. Ұзындыққа секіру кішкене өзгелеу болды. Олимпиадаға қатысушылар біздің уақыттағыдай секірді, бірақ қолдарында гантелі болды, салмағы 1,5 кг-нан 4,5 кг-ға дейін. Гректер найза мен дискні лақтырған салмағы 3 кг-нан бастап 5,7 кг-ға дейін. Дискнің

орнына жалпақ (плоский) тас болды. Найзаның сабы ыңғайлы болу үшін теріден ілмек қондырған.

 Ежелгі Грецияда дене тəрбиесі Олимпиадалық ойындарында жүлделі орындарға ие болып жүргендері дене тəрбиесінің жақсы дамығанын көрсетті. Дене тəрбиесі спортта қолданбалы əскери сипаттама алды. Спартаныстар күшті шыныққан əскерлерді тəрбиеледі. Спартаныстардың балалары 7 жастан тəрбиеленді, жалпы мектептерде білімге көп көңіл бөлген жоқ, басты мақсат дене дайындығы болды.

 Афинада тəрбие жүйесі құрылды, дене тəрбиелеу мəдениеті мен қатар ғылым жəне өнер жақсы дамыды. Балалар бір уақытта граматикалық, музыкалық, гимнастикалық мектептерге қатысты. Жалпы гимназиялық мектептерде тəрбиелеу 6 жастан басталды. Гимназияда дене жаттығуларына көп көңіл бөлінді. Сонымен əскери дайындық басталды. Сондықтан Афинада жан-жақты дененің дамуына үлкен алаң ашты. Гректер жақсы дайындалған Олимпиадалық ойындарға қалай жарысу керек екендігін білген жəне жақсы көрді. Гректердің спортпен айналысуы соның ішінде жеңіл атлетикамен архетиктуралық, скульптурлық жəне əдебиеттік ескерткіштерден көрініп тұрды. Соңғы ғасырларда біздің эраға дейін Олимпиадалық ойындарға спортшылар мен кəсіпқойлар қатысты. Ойындар қатаң жарыстарға алып келді. Олимпиадалық ойын сондықтан Грецияның Римнің қол астына кіруімен тоқталды. Біздің эрамызға дейінгі 393 жылы Римнің императоры Феодосий I – ші жарлығымен Олимпиадалық ойын өтті.

Секіру түрлері мен орындау техникасы. Ұзындыққа секіру техникасы

Секіру – бұл тігінен жəне көлденең кедергіні өтудің қарапайым жəне табиғи амалы.

Жеңіл атлетикада секірудің 4 түрі бар:

  • ұзындыққа секіру.
  • биіктікке секіру.
  • үш адымдап секіру.
  • Сырықпен секіру.

 Ұзындық пен биіктікке аралықсыз тірек арқылы секіреді, үш адымдап секіруде екі аралық тірек бар, сырықпен секіруде спортшы сырық арқылы тіреп секіреді.Əрбір секірудің өздеріне тəн əдістері жəне тəсілдері бар.

Ұзындыққа секіру – бұл қарапайым табиғи дене жаттығуы. Бұндағы басты мақсат жылдам жəне тұрақты екпінді жүгіріс, аяқпен итеретін жерге дəл түсуді білу., күшті итеру қажет, ұшуда тепе- теңдікті сақтау арқылы түсу немесе қону.Ұзындыққа секіргенде көрсеткен қорытынды екпінді жүгірістің жылдамдығынан жəне мықты итерудің көмегінен тұрады. Бұндағы басты рөльдерде итеру бұрышы, секіруші ұшуда тепе-теңдікті сақтауды білу жəне түсерде аяқты алға жəне алысқа түсу ойнайды. Ұзындыққа секіру мына тəсілдерден тұрады:

  • жүгіріп келіп «аяқты бүгіп» секіру
  • жүгіріп келіп «аяқты қайшылап» секіру
  • жүгіріп келіп «шалқалай» секіру.

Жеңіл атлетикада негізгі спорттық көрсеткішке жеті екі сатыдан

тұрады:

  • ұшудың бастапқы жылдамдығынан;
  • шығу бұрышынан.

Бұл екеуі де екпінді жүгіру жəне итеру арқылы орындалады. Ұзындыққа секіруді мына сатыларға бөледі:

  •  Екпінді жүгіріс жəне итеруге дайындық. (бастапқы екпінді жүгірістен басталып, итеретін жерге аяқты қойған кезде бітеді). Екпінді жүгіріс – бұл жылдамдық үлкен дəрежедегі секірушілердің екпінді жүгірісінің жылдамдығы 10,0-10,5 м/с. Екпінді жүгірістің ұзындығы ерлерде 36-46 метр аралығында жəне əйелдерде 30-36 метр. Соңғы адым 25-30 см, қысқа болады, басқа адымдарға қарағанда.
  • Итеру. (Аяқты итеретін жерге қойғаннан басталып, итеріп аяқты алған мезгілде аяқталады).

 Итеруді жылдам орындау қажет. (0,11 – 0,13 с) аяқ бүкіл табанмен, тіке жақын қойылады (жерге бірінші өкше тиелі) аяқ пен жолдың бұрышы 65-70о болады. Аяқты жылдам қою, екпінді жүгірістің жылдамдығын сақтайды. Итеретін аяқ барлық бүгілу жерлерінен бүгіліп жылдамдықтың екпіні арқылы жазыла бастайды. Тізенің бүгілу бұрышы 140о көп болмауы қажет. Аяқ түзелгеннен кейін бір мезгілде саны жоғары алға шығады. Сілтейтін аяқ дененің жазылуына көмектеседі. Иық жəне кеуде жоғары көтеріледі. Итеру бұрышы 70-75о тең. Тігінен секіру жылдамдығы 3,2-3,5 м/с жетеді.

  • Ұшу (итеретін жерден аяқты алған мезгілден басталып, түскенге дейінгі аралықты қамтиды). Ұшу 18-24о бұрышымен басталады. Ұшуда секіруші əр түрлі қозғалысты қолданады,

тепе-теңдікті сақтау үшін жəне қолайлы түсу үшін. Ұшудағы бірінші бөлім биік ұшу барлық тəсілдерінде ұзындыққа секіруде. «Аяқты бүгіп» секіру тəсілі тəсілдердің ішіндегі ең қарапайымы. Ұзындыққа секіруде мектепте осы тəсілден бастап үйретеді.

  • Түсу немесе қону (түсетін жерге түскен мезгілден бастап дене қозғалысының тақағанына дейінгі арлықты қамтиды). Түсу немесе қону секіруде көрсеткішке көп көмегін тигізеді. Ұзындыққа секіруде тəсілдердің бəрінде түсу бірдей. Бүгулі аяқ жоғары көтеріледі, өкше жамбастан кішкене төмен болады жəне алға қарай аяқ созылады. Түсу аяқтың бүгілуімен аяқталады жəне алға шығады немесе жанға құлайды.

Ұзындыққа секіруде ең маңызды сатысы болып итеру саналады, сонан

кейін екпінді жүгіріс, ұшу, түсу. Бұлар негізінен спорттық көрсеткішке көп көмегін тигізеді, ұзындыққа секіруде жəне үш адымдап секіруде.

 Екпінді жүгіріс жəне итеруге дайындық, екпінді жүгіріс үлкен жылдамдықтан басталады, соңғы үш адым қысқарады.

 Биіктікке жəне ұзындыққа секірудің техникасын меңгеру үшін бастапқыда бір орында тұрып секіруді үйренген жөн. Бір орында тұрып секірген кезде аяқты тіреп итерілу үшін қолайлы орынды қамтамасыз ету қажет. Яғни аяқты тіреп итерілген кезде аяқтың тайғанауымен ойластырған жөн. Бұл үшін спорт алаңында секірген кезде башайларымен шұңқырдың шетінен

«тіреу» ұсынылады. Жұмсақ жерге (қопсытылған құм, гимнастикалық төсеніш), сондай-ақ қатты жерге де секіріледі. Секірулер кезінде ұзындық пен биіктік онша үлкен болмауын жəне жерге жұмсақ секіріп тусуді ұйымдастыру керек.

 Ұзындыққа секірудің нəтижесі жүгіру жылдамдығына жəне серпіліске байланысты. Жүгіру кезінде адымның үнемділігі үшін жəне назар салу үшін бір қалыпты қолайлы жағдай болуы керек. Бақылау сызығына екі аяғын қойған спортшы аяқтарын жай ғана бүгіп, кеудесін алға қарай еңкейтеді, қолын тізесіне қарай немесе төмен салбыратады. Қозғалыс алға қарай

«құлаумен» басталады. Алғашқы адымдар барынша жігерлі орындалады, бұл қарқынды арттыруға жағдай туғызады. Кейде бір аяқ артқа қойылатын жағдай да болады.

 Жылдамдықты бірте-бірте арттырса, ол барынша қатты серпілуге жеткізеді, ал қатты жылдамдықпен келсе, ол серпілуге дейін сақталады. Жүгірудің бірінші бөлімі сөредегі желаяқты еске салады. Қол барынша сермеліп, кеуде алға қарай еңкейеді. Ал жүгірудің орта кезінде кеудені шалқайтып, соңғы адымдар кезінде оны тік қалыпқа келтіру қажет. Жүгіру соңына дейін жылдамжық сақталсын. Бұл жоғарыда айтқандай, қатты серпілуге жағдай туғызады. «Аяқты бүгу» тəсілі қарапайым, ал ұзындыққа секірудің «шалқаю» тəсілі мейлінше тиімді, өйткені ол ұшу кезінде айналып кетуден сақтайды жəне жерге жайлы түсуді көздейді. Көтерілгеннен кейін серпілетін аяқ төмен итерілген аяққа қарай, артқа жіберіледі. Жамбас төмен, алға қарай қозғалыс жасайды. Дененің кеуде жəне бел омыртқа тұсы бүгіледі, ал аяқ

аздап артқа жіберіледі. Осыдан кейін, жерге түсер алдында алғашқы жағдайға келеді.

«Қайшылау» тəсілінің алдындағы тəсілдерден біраз өзгешілігі бар. Секіруші көтерілген кезде белгілі бір жағдайда болмай, жүгірген кездегі қозғалыстарды жасайды. Ол бейне бір ауада жүгіріп жүрген тəрізді болады. Көтерілгеннен кейін серпілген аяқ төмен, артқа қарай жіберіледі. Серпілген аяқтың төмен жіберілуі жамбастың алға қарай жіберілуімен қоса атқарылады. Содан кейін итерілген аяқ артқа, серпілген аяқ алға жіберіледі. Бұл жағдайда аяқтар тізе тұсынан бүгіледі, қолдар аяқ қозғалысымен қатар қозғалады. Жерге түсер кезде секіруші аяқтарын қосып, оларды кеудесіне тақайды, содан кейін алға қарай сермейді.

 Сөйтіп, «қайшылау» тəсілімен секіргенде секіруші жүгерген кездегідей қозғалыс жасап, көтерілген кезде 2,5 немесе 3,5 қадам жасайды.

 Жерге түсудің жаттығудыңбасынан бастап итеруге назар аударған жөн себебі ол секірудің нəтижесіне əсер етпек. Жерге түсу ұзындыққа секірудің барлық тəсілдеріне бірдей.

 Жерге түсуді бір орында тұрып секіруден бастау қажет. Бұлжағдайда аяқты неғұрлым алға қарай серпу қажет. Содан кейін жерге түсу «адымдап» секірумен, аяқты бүгіп секірумен орындалады. Аяқты неғұрлым алға жіберу үшін белгілі бір қашықтықты белгілеп, ол жерге жіп, лента қойып, жерге түсер кезде аяқты белгіленген жерден əрі қарай түсуге итермелеу керек.

 Көтеріліп келе жатқан кездегі қозғалыс. Егерде жаттығушы итерілуді жəне адымдауды игерген болса, онда оған аяқты бүгу көп қиындық тудырмайды.

    •  Адым жасағаннан кейін итерген аяқты серпілген уақаттан ерте қоспауға тырысу қажет
    •  Қысқа қашықтықтан жүгіре отырып., 50-60 см биіктіктегі таяқшадан секіру, ол таяқша итерілген жерден 180-200 см қашықтықта орналасады.
    • Б. Қ. – итерілетін аяқ алда. 6-8 адымнан ұзындыққа секіру: «бір» дегенде адым жасап,

«екі» дегенде жамбасты алға қарай қозғап, серпетін аяқтың сирағын сəл төмен түсіріп, «үш» дегенде баяу жылжыту қажет, аяқты артқа шалқайтпау керек. Денені түзу ұстап, орташа жылдамдықпен орындаған дұрыс.

 «Шалқаю» тəсілі. Бұл тəсілді үйрену кезінде біршама қиындық кездеседі. Мұнда төмендегідеі жаттығуларды қолдану ұсынылады:

  • Үш адымнан жүгіріп, серпілетін аяқты жерге тірегеннен кейін, алға қарай жүгіріп өту;
  • Серпілетін аяқты адымдап секіруде жерге түсіріп, қос аяқты да артқа жіберу;
  • Қолды жан-жаққа немесе төмен, артқа, жоғары қозғап ұштастыру;
  • Толық шалқаю жəне секіру, бұл жағдайда гимнастикалық көпіршені пайдалану, көпіршеден итерілу;
  • Жүгіру қашықтығын бірте-бірте 10-12 қадамға дейін арттыра отырып секіру.

«Қайшылау» тəсілі. Осы тəсілді үйрену үшін мына жаттығуларды орындау керек: Серпілетін аяқпен жерге түсу арқылы «адымдап» секіру, содан кейін алға қарай жүгіру;

Жұмсақ төсенішке «адымдап» секіру арқылы түсу;көтеріліп келе жатып, «адымдап» секіруде аяқты алмастыру жəне адымдау жағдайынан жерге түсу;

Гимнастикалық көпіршеден «қайшылау» тəсілімен секіру жəне бірте-бірте қашықтықты арттыра отырып, жүгіріп келіп секіру.

Ұзындыққа секіруде тұтастай алғанда мынадай жаттығулар қолданылады:

  • Таңдап алған тəсілмен қысқа, орта қашықтықтан жəне алыстан жүгіріп келіп секіру;
  • соңғы адымдарға назар аудара отырып, жүгіру жылдамдығын мүмкіндігінше азайтпай, тезірек итерілу,
  • Орта қашықтықтан жүгіріп келіп 60-80 см биікте тұрған кедергіден секіру;
  • Ұзындыққа секіруден жарыс өткізу. Басты назарды жедел жəне нық итерілуге назар аудару қажет.

ОҚУШЫЛАРҒА СПОРТ ЗАЛЫНДАҒЫ

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ БОЙЫНША НҰСҚАУ

I.Жалпы қауіпсіздік ережелері

1.Бұл нұсқауды сақтау спорт залында дайындалатын барлық оқушылар үшін міндетті.

2.Дене шынықтыру сабағына дәрігерлік тексеруден және қауіпсіздік техникасы нұсқамалығынан өткен оқушылар жіберіледі.

3.Спорт залында тек спорт киімі мен табаны таймайтын аяқкиімде ғана дайындалуға болады.

4.Спорт залына сырт киіммен кіруге болмайды .

5.Жеке гигиена талаптарын сақтау керек (дене таза болуы,тырнақ қысқа етіп алынуы тиіс).

6.Спорт залына портфель мен сөмке алып кіруге болмайды.

7.Спорт залындағы жарақат алу қаупі:

-электр жарығын қосқан кезде (электр тогынан зақымдану );

-ҚТ сақтамаудан (қолдарды,буындарды жарақаттау,соғып алу);

-бұзық немесе даындалмаған спорт снарядтарында жұмыс істеу кезінде.

8.Сүлгі мен сабын салынған жеке дорбаша болуы тиіс.

II.Сабақ басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары

1.Спорт киімнін киім шешетін орында ауыстырып кию керек.

2.Мұғалімнің рұқсатынсыз немесе кезекшінің бұйрығынсыз спорт залына кіруге болмайды.

3.Спорт залына сабырмен,асықпай,тәртіп пен реттілікті сақтап кіреді.

4.Электр жарығын өз бетінше қосуға болмайды.

5.Мұғалім рұқсат бермей тұрып желдету үшін есікті ашуға болмайды.

6.Мұғалімнің нұсқауынсыз спорт құралдары мен снарядтарының орындарын ауыстыруға болмайды.

7.Осы сабаққа арналған ҚТ бойынша нұсқамалықты мұқият тыңдау керек.

III.Сабақ кезіндегі қауіпсіздік талаптары

1.Мұғалімнің бұйрығынсыз жаттығуларды және оқу тапсырмаларын орындауға кірісуге болмайды.

2.Төсеніш төселмеген жағдайда спорттық снарядтарда жаттығу орындауға болмайды.

3.Снарядтарда жұмыс істердің алдында оларды құрғақ,таза шүберекпен сүртіп алу керек.

4.Жаттығуларды орындау кезінде бір-біріңе сақтық етуді естеріңнен шығармаңдар.

5.Доптарды бір-біріне қарма-қарсы лақтыруға болмайды,жұп-жұп болып жұмыс істегінде бір ғана доп болуы тиіс.

6.Мұғалімнің тапсырмасында көрсетілмеген жаттығуларды орындамаңдар.

7.Сабақта тәртіп пен реттілікті сақтаңдар.

8.Сабақтан мұғалімнің рұқсатынсыз кетпеңдер.

9. Жаттығу жасар алдында снарядқа жақын тұрған оқұшының жоқтығына көз жеткізіп алыңдар.

IV.Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары

1.Өз-өзіңді нашар сезінген жағдайда сабақты тоқтатып,бұл туралы мұғалімге хабарлау керек.

2.Жарақат алған жағдайда мұғалімге хабарлаңдар,ол сендерге алғашқы көмек көрсетеді.

3.Кабинетте апатты жағдай орын алғанда,өрт шыға қалған жағдайда мұғалімнің нұсқауымен ұйымдасқан түрде,жылдам,абыржымай,спорт залын тастап шығыңдар.

V.Сабақ біткеннен кейінгі қауіпсіздік талаптары

1.Спорт залынан мұғалімнің командасымен,асығып-үсікпей,сабырмен шығыңдар.

2.Беті-қолдарыңды сабындап жуыңдар.

3.Спорт киімдеріңді,аяқкиімдерінді шешіндер,оны тек спортпен айналысуға ғана пайдаланындар.

4.Сабақ кезінде өздерің байқаған барлық кемшіліктер туралы мұғалімге хабарлаңда.

Ресурстар: Үлкен бос кеңістік, фишкалар, конустар, мұғалім үшін ысқырық, бор, өлшеуіш, рефлексия парағы. Дене қыздыру жаттығуларына сілтеме: http://okafish.ru/tennis/114_123.htmЕкпінмен жүгіріп келіп ұзындыққа секіру интернет ресурсына сілтеме: http://www.rosatletika.ru/content/%D0%BF%D1%80%D1%8B%D0%B6%D0%BE%D0%BA-%D0%B2-%D0%B4%D0%BB%D0%B8%D0%BD%D1%83-%D1%81-%D1%80%D0%B0%D0%B7%D0%B1%D0%B5%D0%B3%D0%B0.htmlМектептегі жеңіл атлетика теориясы мен әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: http://emirb.org/mekteptegi-jeil-atletika-teoriyasi-men-edistemesi-penini-ou-ed-v2.html?page=2



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу