Денені қыздыру және қалыпқа келтіру тәсілдері. Дене шынықтыру, 5 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары № 5

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: № 8: Жеңіл атлетика дағдыларын дамыту және шолу.

Мектеп: Қарағанды қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Денені қыздыру және қалыпқа келтіру тәсілдері.

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.3.3.3. Әртүрлі дене дайындығы жаттығуларының айырмашылығы мен олардың сыртқы белгілері бойынша ағзаның энергетикалық сыртқы жүйесіне әсерін анықтау.

Сабақ мақсаттары:

Оқушылардың барлығы кешенді денені қыздыру жаттығуларын құрастырып және талқылай алады.

Оқушылардың көбісі жаттығулардың күрделендірілген нұсқасын көрсете алады.

Оқушылардың кейбіреуі жоғарғы жаттығулардың кешенін жасап орындай алады.

Бағалау критерийлері:

Сабақ үрдісіне белсене қатысуы.

Өз әркетіне өзіндік баға беруі.

Серіктесінің әрекетіне сыни тұрғыдан баға беруі.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар: жүгіру, секіру және лақтырудың жан-жақты дене жаттығулары арқылы түсіндіріп және талқылай алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

сөре, қарқын, жылдамдық, мәре, орнынан ұзындыққа секіру, лақтыру.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Қозғалмай тұрып, біз неге денемізді қыздыруымыз керек?

Денені қыздыруға арналған қандай жаттығуларды білесіздер?

Дене жаттығуларын орындағаннан кейін неге қалыпқа келтіру жаттығуларын орындауымыз керек?

Қандай қауіпсіздік ережелерді білуіміз керек?

Құндылықтарды бойға сіңіру.

Азаматтық жауапкершілік, тұнықтық, серіктестік.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану.

АКТ пайдалану дағдылары

Бұл сабақта АКТ қолданылмайды.

Алдыңғы білім

Оқушылар үйде, сабақтан тыс уақытта, бұрынғы өткен бөлімдерінен алған жеңіл атлетика туралы дағдылары болады.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-15 мин.

Сыныптың жиыны. Сәлемдесу, бағалау критерийлерді және оқу мақсатын хабарлау. Сынып адам ағзасының маңыздылығына байланысты талқылау жүргізеді. Мынандай сұрақтар қарастырады: Ағза қандай сыртқы белгілерден қалжырайтынын анықтау? Интенсивті жұмыстағы демалу ритмі?

Жүру әдістері. Жүгіру және оның түрлері.

ЖДЖ орында орындау.

А.Ж.Ж және жылдамдыққа жүгіру.

Мектеп алаңы, ысқырық, уақыт өлшегіш.

Сабақтың ортасы

16-40 мин.

(Т Ж Ш) Мұғалім сыныпты 3 топқа бөледі. Оқушылар топта қандай жаттығулар секіруге, жүгіруге, лақтыруға арналған туралы денені қыздыру әрекетін жүргізеді. Оқушылар топта жаттығуларды жасау барысында талқылап және бірін-бірі бағалап отырады. Содан кейін мұғалім оқушыларға жаттығулардың кешенін дене дайындығына байланысты құрастырып көрсете алуын қадағалайды. Әр оқушы жаттығулар кешенін өз дене дайындығына байланысты жасайды.

«Қуыспақ» ойыны. Жүргізуші оқушы сыныпқа кешеннен алынған жаттығуды көрсетеді, ол басқа қатысушы оқушыларға тапсырма болады. Әр жүргізуші өзінің кешенді жаттығуын көрсетеді.

Дескрипторлар: ойынның ережесін сақтау, сабақ үрдісіне белсенді қатысу, жоғарғы күрделі тапсырмаларды орындау.

Мектеп алаңы, ысқырық, скакалка, гимнастикалық таяқшалар, құрсаулар, доптар және уақыт өлшегіш.

Сабақтың аяғы

41-45 мин.

Сапқа тұрғызу арқылы сыныптың жиыны. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: дене дайындығының жүктемесін орындауда қандай сыртқы белгілер көрінеді? Мұғалім осы сұрақтың жауабын алу үшін кез келген оқушыға волейбол добын лақтырады, оқушы жауапты қайтарған соң, мұғалімге допты қайта лақтырады.

Мектеп алаңы, волейбол добы.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру.

Топтық жұмыс кезінде мұғалім оқушыларды бақылап отырады.

Мұғалімнің көмегі.

Бұл сабақта әр оқушы өзінің дене дайындығына байланысты, қиындықты таңдап алады.

Топтық жұмыс кезінде сұрақтарды қою. Әдістемені игеруіне байланысты ашық сұрақтар қою. Сабақта өзін-өзі және бірін-бірі бағалауды қолдану.

Қауіпсіздік ережелерді еске салу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары іске асырмалы болды ма?

ОМ-ға барлық оқушылар қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, не себепті?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және не себепті?

Жалпы бағалау:

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру, сондай-ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал етуші еді (сабақ беру, сондай-ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Мен сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені айқындадым, келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

Қалыптастырушы бағалау

Дене шынықтыру: 5 сынып

Күні:

Бөлім: №8 Жеңіл атлетика дағдыларын дамыту және шолу.

Сабақтың тақырыбы: Денені қыздыру және қалыпқа келтіру тәсілдері.

Белгілеу

Оқу мақсаты

Бағалауға арналған нұсқаулық

Оқушылардың барлығы кешенді денені қыздыру жаттығуларын құрастырып және талқылай алады.

Оқушылардың көбісі жаттығулардың күрделендірілген нұсқасын көрсете алады.

Оқушылардың кейбіреуі жоғарғы жаттығулардың кешенін жасап орындай алады.

5.3.3.3. Әртүрлі дене дайындығы жаттығуларының айырмашылығы мен олардың сыртқы белгілері бойынша ағзаның энергетикалық сыртқы жүйесіне әсерін анықтау.

Мұғалім сыныпты 3 топқа бөледі. Оқушылар топта қандай жаттығулар секіруге, жүгіруге, лақтыруға арналған туралы денені қыздыру әрекетін жүргізеді. Оқушылар топта жаттығуларды жасау барысында талқылап және бірін-бірі бағалап отырады. Содан кейін мұғалім оқушыларға жаттығулардың кешенін дене дайындығына байланысты құрастырып көрсете алуын қадағалайды. Әр оқушы жаттығулар кешенін өз дене дайындығына байланысты жасайды.

«Қуыспақ» ойыны. Жүргізуші оқушы сыныпқа кешеннен алынған жаттығуды көрсетеді, ол басқа қатысушы оқушыларға тапсырма болады. Әр жүргізуші өзінің кешенді жаттығуын көрсетеді.

Дағдылар

Бағалау критерийлері

Түсіну.

Қолдану.

Бағалау.

Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, онда оқу мақсатына жетеді:

Сабақ үрдісіне белсене қатысуы.

Өз әркетіне өзіндік баға беруі.

Серіктесінің әрекетіне сыни тұрғыдан баға беруі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу