Денені қыздыру және қалыпқа келтіру тәсілдері. Дене шынықтыру, 5 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары № 6

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: № 8: Жеңіл атлетика дағдыларын дамыту және шолу.

Мектеп: Қарағанды қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Денені қыздыру және қалыпқа келтіру тәсілдері.

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.3.3.3. Әртүрлі дене дайындығы жаттығуларының айырмашылығы мен олардың сыртқы белгілері бойынша ағзаның энергетикалық сыртқы жүйесіне әсерін анықтау.

Сабақ мақсаттары:

Оқушылардың барлығы әртүрлі дене дайындығының жаттығуларын анықтай алады.

Оқушылардың көбісі ұсынылған жаттығулардың қиындығын жеңе алады.

Оқушылардың кейбіреуі әртүрлі жаттығулар жиынтығының қиындық деңгейін құрастырып, көрсете алады.

Бағалау критерийлері:

Оқушылар өз ағзасына түскен салмақты анықтай алуы.

Орындау техникасын жетілдіруі.

Қойылған мақсатқа өзінің көзқарасын білуі.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар: жүгіру, секіру және лақтырудың жан-жақты дене жаттығулары арқылы түсіндіріп және талқылай алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

сөре, қарқын, жылдамдық, мәре, орнынан ұзындыққа секіру, лақтыру.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Қозғалмай тұрып, біз неге денемізді қыздыруымыз керек?

Денені қыздыруға арналған қандай жаттығуларды білесіздер?

Дене жаттығуларын орындағаннан кейін неге қалыпқа келтіру жаттығуларын орындауымыз керек?

Қандай қауіпсіздік ережелерді білуіміз керек?

Құндылықтарды бойға сіңіру.

Құрметтеу, серіктестік, шындық.

Пәнаралық байланыс

Информатика.

АКТ пайдалану дағдылары

https://www.youtube.com/watch?v=mLJDi2UyMR4

https://www.youtube.com/watch?v=7GqhqmYjMpE

https://www.youtube.com/watch?v=DopYGSv5Pb0

Алдыңғы білім

Оқушылар үйде, сабақтан тыс уақытта, бұрынғы өткен бөлімдерінен алған жеңіл атлетика туралы дағдылары болады.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-15 мин.

Сыныптың жиыны. Сәлемдесу, бағалау критерийлерді және оқу мақсатын хабарлау. Мұғалім оқушыларды 3 топқа бөледі. Топқа бөліну оқушылардың өз қалауымен орындалады. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: Кім хайуанаттар бағына барғанды ұнатады? Сен нені таңдайсын сафари паркты ма әлде ресторан Маг Дак па? Оқушылар топты қызығушылықпен құрады. Әр топ өзінің аймағында денені қыздыру жаттығуларын өткізеді. Негізгі міндет дене шынықтыру жаттығуларын саралап беру болып табылады. Мұғалім жаттығулардың дұрыс орындауын қадағалап, әдістемелік ұсыныстар беру.

А.Ж.Ж және жылдамдыққа жүгіру.

Мектеп алаңы, ысқырық, уақыт өлшегіш.

Сабақтың ортасы

16-40 мин.

(К Т Жж) Мұғалім сыныппен бірге жеңіл атлетиканың негізгі түрлерін анықтау мақсатында әңгіме құру. Олар: спринтерлік жүгіріс, лақтыру және жан-жақты секірулер. Мұғалім осы айтылған негізгі түрлерінің ішінде әйгілі танымал спортшыларды айтуын сұрау. Мысалы: Усэйн Болт, Ян Железны, Елена Исинбаева. Оқушылар өздерінің топтарында осы айтылған спортшылардың денені қыздыру жаттығуларын ғаламтор арқылы табуы және оны жасап көруін бақылау. Оқушылар денені қыздыру жаттығуларының жан-жақты түрлерін құрастырып, көрсету керек. Орындап болғаннан соң оқушы өзінің әрекетін талқылап, өзін-өзі бағалау.

Төзімділікті дамыту. 5 минуттық жүгіріс, жылдамдық бағытын мұғалімнің дыбыс беру арқылы өзгерту. Жүгіру мақсатында мұғалім оқушыға дұрыс стратегия қолдану туралы тапсырма беру.

Дескрипторлар: қозғалыс қарқынын мөлшерлеуін біледі, пәннің білімін жоғарлатады және дене сапаларын жетілдіреді.

Мектеп алаңы, ысқырық, ноутбук және уақыт өлшегіш.

Сабақтың аяғы

41-45 мин.

Сапқа тұрғызу арқылы сыныптың жиыны. Сабақтың қорытындысын шығару. Оқушы екі немесе үш сөйлеммен өзінің сабақтағы жұмысын түсіндіреді.

Мектеп алаңы.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру.

Топтық жұмыс кезінде мұғалім оқушыларды бақылап отырады.

Мұғалімнің көмегі.

Бұл сабақта әр оқушы өзінің дене дайындығына байланысты, қиындықты таңдап алады.

Топтық жұмыс кезінде сұрақтарды қою. Әдістемені игеруіне байланысты ашық сұрақтар қою. Сабақта өзін-өзі және бірін-бірі бағалауды қолдану.

Қауіпсіздік ережелерді еске салу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары іске асырмалы болды ма?

ОМ-ға барлық оқушылар қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, не себепті?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және не себепті?

Жалпы бағалау:

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру, сондай-ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал етуші еді (сабақ беру, сондай-ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Мен сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені айқындадым, келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

Қалыптастырушы бағалау

Дене шынықтыру: 5 сынып

Күні:

Бөлім: №8 Жеңіл атлетика дағдыларын дамыту және шолу.

Сабақтың тақырыбы: Денені қыздыру және қалыпқа келтіру тәсілдері.

Белгілеу

Оқу мақсаты

Бағалауға арналған нұсқаулық

Оқушылардың барлығы әртүрлі дене дайындығының жаттығуларын анықтай алады.

Оқушылардың көбісі ұсынылған жаттығулардың қиындығын жеңе алады.

Оқушылардың кейбіреуі әртүрлі жаттығулар жиынтығының қиындық деңгейін құрастырып, көрсете алады.

5.3.3.3. Әртүрлі дене дайындығы жаттығуларының айырмашылығы мен олардың сыртқы белгілері бойынша ағзаның энергетикалық сыртқы жүйесіне әсерін анықтау.

Мұғалім сыныппен бірге жеңіл атлетиканың негізгі түрлерін анықтау мақсатында әңгіме құру. Олар: спринтерлік жүгіріс, лақтыру және жан-жақты секірулер. Мұғалім осы айтылған негізгі түрлерінің ішінде әйгілі танымал спортшыларды айтуын сұрау. Мысалы: Усэйн Болт, Ян Железны, Елена Исинбаева. Оқушылар өздерінің топтарында осы айтылған спортшылардың денені қыздыру жаттығуларын ғаламтор арқылы табуы және оны жасап көруін бақылау. Оқушылар денені қыздыру жаттығуларының жан-жақты түрлерін құрастырып, көрсету керек. Орындап болғаннан соң оқушы өзінің әрекетін талқылап, өзін-өзі бағалау.

Төзімділікті дамыту. 5 минуттық жүгіріс, жылдамдық бағытын мұғалімнің дыбыс беру арқылы өзгерту. Жүгіру мақсатында мұғалім оқушыға дұрыс стратегия қолдану туралы тапсырма беру.

Дағдылар

Бағалау критерийлері

Білу.

Түсіну.

Қолдану.

Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, онда оқу мақсатына жетеді:

Оқушылар өз ағзасына түскен салмақты анықтай алуы.

Орындау техникасын жетілдіруі.

Қойылған мақсатқа өзінің көзқарасын білуі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу