Денені қыздыру және қалыпқа келтіру тәсілдері. Дене шынықтыру, 5 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары № 8

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: № 8: Жеңіл атлетика дағдыларын дамыту және шолу.

Мектеп: Қарағанды қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Денені қыздыру және қалыпқа келтіру тәсілдері.

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.3.3. Қарайпайым спорттық-спецификасының техникасын орындауындағы қозғалыс реттілігі мен дағдыларын анықтау және білу.

Сабақ мақсаттары:

Оқушылардың барлығы секіру техникасын көрсете алады.

Оқушылардың көбісі секірудің техникасының жақсартуына арналған жаттығуларды ұсына алады.

Оқушылардың кейбіреуі секіру жаттығуларынан кейін, қалыпқа келтіру жаттығуларын құрастырып, көрсете алады.

Бағалау критерийлері:

Қауіпсіздік ережелерді сақтауы.

Қозғалыс белсенділігін жетілдіруі.

Нәтижені жоғарлатуына байланысты талдау жасай алуы.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар: жүгіру, секіру және лақтырудың жан-жақты дене жаттығулары арқылы түсіндіріп және талқылай алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

сөре, қарқын, жылдамдық, мәре, орнынан ұзындыққа секіру, лақтыру.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Қозғалмай тұрып, біз неге денемізді қыздыруымыз керек?

Денені қыздыруға арналған қандай жаттығуларды білесіздер?

Дене жаттығуларын орындағаннан кейін неге қалыпқа келтіру жаттығуларын орындауымыз керек?

Қандай қауіпсіздік ережелерді білуіміз керек?

Құндылықтарды бойға сіңіру.

Ынтымақтастық, жауапкершілік, тұнықтық.

Пәнаралық байланыс

Әлемді тану.

АКТ пайдалану дағдылары

https://www.youtube.com/watch?v=aRbjf-iwwnw

Алдыңғы білім

Оқушылар үйде, сабақтан тыс уақытта, бұрынғы өткен бөлімдерінен алған жеңіл атлетика туралы дағдылары болады.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-15 мин.

Сыныптың жиыны. Сәлемдесу, бағалау критерийлерді және оқу мақсатын хабарлау. Теориялық білімін тексеру кезінде мұғалім оқушыға сұрақ қояды: секіруде жақсы нәтиже көрсету үшін қандай тәсілдерді жүзеге асыруға болады? Қандай қауіпсіздік шарттарды сақтау керек?

Кроссфит тәртібінде денені қыздыру. 5 рет отырып, тұру., 30 метрге жеңіл жүгіру., 5 рет кеудені жерден көтеру, қолды бүгіп жазу., қайталап жүгіру., 5 рет отырып, тұру., 30 метрге жеңіл жүгіру., 5 рет отырып, секіру., қайталап жүгіру. Жұмыс уақыты 5 минут. Жүру, денені қалыпқа келтіру.

Ж.Д.Ж. орнында орындау.

А.Ж.Ж және жылдамдыққа жүгіру.

Мектеп алаңы, ысқырық, уақыт өлшегіш.

Сабақтың ортасы

16-40 мин.

Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: жеңіл атлетикада қандай секіру түрлері болады?

(Т,Ж) Мұғалім сыныпты екі қатарға, арақашықтығы 1-1,5 метрге тұрғызады. Оқушылар 5 рет оң аяқта секіру керек. Ал екінші қатарда тұрған оқушы бірінші қатарда тұрған оқушыға дейін секіру керек. Орындап болғаннан соң оқушылар мұғалімнің командасы арқылы орнымен ауысады.

Орнынан ұзындыққа секіру. Әр оқушы 7 рет секіруді орындайды. Әр секірген сайын нәтижені жақсартуына байланысты талдау жүргізіледі.

Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: секіруді дамыту үшін қандай жаттығуларды орындау керек? Оқушылардың қалауымен сынып 3 топқа бөлінеді. Тапсырма: ғаламтордан жеңіл атлетикадағы секірудің ең оңтайлы жаттығуларын табу. Талқылап болғаннан соң топтың спикері оны қорғайды.

Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: секіру жаттығуларынан кейін қандай жаттығулар денені қалыпқа келтіреді? Талқыланғаннан кейін бірнеше қалыпқа келтіру жаттығулары таңдалып, барлық оқушыларға орындалады. Дескрипторлар: ғаламтордан нақты жаттығулар жүктеу, оны сабақ үрдісінде талқылау.

Мектеп алаңы, ысқырық.

Сабақтың аяғы

41-45 мин.

Сапқа тұрғызу арқылы сыныптың жиыны. Сабақтың қорытындысын шығару. Рефлексияда оқушы сұраққа жауап береді: күнделікті өмірде адам қанша секіру жаттығуларын орындайды?

Мектеп алаңы.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру.

Топтық жұмыс кезінде мұғалім оқушыларды бақылап отырады.

Мұғалімнің көмегі.

Бұл сабақта әр оқушы өзінің дене дайындығына байланысты, қиындықты таңдап алады.

Топтық жұмыс кезінде сұрақтарды қою. Әдістемені игеруіне байланысты ашық сұрақтар қою. Сабақта өзін-өзі және бірін-бірі бағалауды қолдану.

Қауіпсіздік ережелерді еске салу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары іске асырмалы болды ма?

ОМ-ға барлық оқушылар қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, не себепті?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және не себепті?

Жалпы бағалау:

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру, сондай-ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал етуші еді (сабақ беру, сондай-ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Мен сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені айқындадым, келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

Қалыптастырушы бағалау

Дене шынықтыру: 5 сынып

Күні:

Бөлім: №8 Жеңіл атлетика дағдыларын дамыту және шолу.

Сабақтың тақырыбы: Денені қыздыру және қалыпқа келтіру тәсілдері.

Белгілеу

Оқу мақсаты

Бағалауға арналған нұсқаулық

Оқушылардың барлығы секіру техникасын көрсете алады.

Оқушылардың көбісі секірудің техникасының жақсартуына арналған жаттығуларды ұсына алады.

Оқушылардың кейбіреуі секіру жаттығуларынан кейін, қалыпқа келтіру жаттығуларын құрастырып, көрсете алады.

5.1.3.3. Қарайпайым спорттық-спецификасының техникасын орындауындағы қозғалыс реттілігі мен дағдыларын анықтау және білу.

Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: жеңіл атлетикада қандай секіру түрлері болады?

Мұғалім сыныпты екі қатарға, арақашықтығы 1-1,5 метрге тұрғызады. Оқушылар 5 рет оң аяқта секіру керек. Ал екінші қатарда тұрған оқушы бірінші қатарда тұрған оқушыға дейін секіру керек. Орындап болғаннан соң оқушылар мұғалімнің командасы арқылы орнымен ауысады.

Орнынан ұзындыққа секіру. Әр оқушы 7 рет секіруді орындайды. Әр секірген сайын нәтижені жақсартуына байланысты талдау жүргізіледі.

Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: секіруді дамыту үшін қандай жаттығуларды орындау керек? Оқушылардың қалауымен сынып 3 топқа бөлінеді. Тапсырма: ғаламтордан жеңіл атлетикадағы секірудің ең оңтайлы жаттығуларын табу. Талқылап болғаннан соң топтың спикері оны қорғайды.

Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: секіру жаттығуларынан кейін қандай жаттығулар денені қалыпқа келтіреді? Талқыланғаннан кейін бірнеше қалыпқа келтіру жаттығулары таңдалып, барлық оқушыларға орындалады.

Дағдылар

Бағалау критерийлері

Түсіну.

Қолдану.

Талдау.

Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, онда оқу мақсатына жетеді:

Қауіпсіздік ережелерді сақтауы.

Қозғалыс белсенділігін жетілдіруі.

Нәтижені жоғарлатуына байланысты талдау жасай алуы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу