Зияткерлік ойындар. Дене шынықтыру, 4 сынып, сабақ жоспары.
Дене шынықтыру пәні
CАБАҚ ЖОСПАРЫ №
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-бөлім: Қазақтың ұлттық ойындары. Ортақ тақырып: Мамандықтар әлемі. | Мектеп: ФМБ НЗМ Талдықорған қ. | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Б.С. Ахметов | |||||||||
Сынып: 4 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы: | Зияткерлік ойындар. | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.2.2.1 Анықтай және баламалай әзірлеу, бірлескен жұмыс арқылы бірқатар көшбасшылық қасиеттерді көрсету. 4.2.3.1 Әділ ойында нәтижеге қол жеткізу үшін стратегия мен тактикалар құру. | |||||||||
Сабақ мақсаттары | Қазақтың ұлттық зияткерлік ойындарының шарттық ережелерін анықтай білу, бірлескен жұмыс атқару және ойында нәтижеге қол жеткізу үшін стратегия мен тактикаларды пайдалану. | |||||||||
Жетістік критерийі | Бірлескен, жеке жұмыста қазақтың ұлттық ойындардың орындалуын дұрыс көрсетеді, ережелерін, бірлескен жұмыстың мағынасын анықтайды және әділ ойында стратегия мен тактикаларды құрады. | |||||||||
Тілдік мақсаттар | Рөлдік және зияткерлік ойындар арқылы әртүрлі дене жаттығулары бойынша қозғалыс дағдыларын талқылай және көрсете алады;
| |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Дене шынықтыру арқылы қазақтың ұлттық ойындарындағы ақыл-ойын, ақыл-ой дамуына, жалпы түсінік пен ұғымның қалыптасуында, маңызды ойлау операциялары: талдау, салыстыру, қорыту, қабілетіне бағыттау. | |||||||||
Мектеп миссиясын, пайымдауын және жаһандық азаматтықты жүзеге асыру | Ұлттық ойындарды дене тәрбиесі сағаттарында пайдалану нәтижесінде әділ ойында нәтижеге қол жеткізу, рухани -адамгершілік құндылықтар мен патриоттық сезімді және көшбасшылық қасиеттерді көрсету. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі, дүние тану, математика. | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Фото және бейне материалдарды оқушыларға қозғалыс өнімділіктерін өлшеу және нығайту үшін өзін-өзі бағалау, бағалау техникалары үшін қолдану. | |||||||||
Бастапқы білім | Бұл бөлімде командалық жұмыс та, және бақталастық та болып табылатын, қазақтың ұлттық ойындары дағдыларын жетілдіруге, мұғаліммен жүргізілетін зияткерлік қабілеттерді дамытуға айрықша мән бөлінеді. | |||||||||
Жоспарлардағы әрекеттер | Б = барлық сынып ЖЖ = жұптық жұмыс Тәж = оқушы тәжірибесі ф = формативтік бағалауды қолдайды Т = топтық жұмыс Ж = жеке жұмыс К = оқытушы көрсетеді | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 15 минут | Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Адымның ұзындығына көңіл бөу. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Арнайы жүгіру жаттығуларын, аяқтың бұлшық еттерін созу, жиыру дағдыларын, ұқалау жаттығуларын ұқыптылықпен қайталату. | Үлкен, бос ойын кеңістігі. Мұғалімге ысқырық, секундомер. | ||||||||
Сабақтың ортасы | (Б, К, ЖЖ, Ф) «Тоғызқұмалақ». Ойынындағы негізгі ережелер. Көне қазақ ұлттық ойындарының бір «Тоғыз құмалақ» ойыны саналады. «Тоғыз құмалақ» - бұл тақтадағы логика мен бейімділікке арналған үстел үстіндегі ойын. Ол математикалық ойлау мен табандылықты дамытады. Ойын манкала тобына жатады, оған вари, калах ойындары кіреді. Ойынның негізінде келесідей сандар бар: 9 (9х9=81 және 2х9х9=162), олар ежелгі монғолдардың және түріктердің қасиеттері сандары. Әлемдегі ғалымдар оны «шабандардың алгебрасы» деп атайды, себебі ойын барысында қарлыласқа барлық төрт математикалық амалдарды қолдану қажет болады. Ойын есептеу жылдамдығына ғана құрылмайды, тактикаға да негізделеді. Сыныпты бірнеше командаға бөліп, «тоғызқұмалақ» бойынша командалық біріншілікті жүргізу. Жұптағы оқушылар интеллектілік ұлттық ойын «тоғызқұмалақты» ойнайды. Жалпы ұпай санын көп алған команда жеңімпаз болады. (Б, ЖЖ, К) «Дойбымен» ойнау Дойбыны екі оқушы ойнайды, біреуі ақ фигуралармен, екіншісі қараларымен ойнайды. Ойынның басында әр ойыншыда 12 дойбыдан болады. Ойынның мақсаты қарсыластың барлық дойбыларын жеңіп алудан немесе оларды қозғалу құқығынан айырудан құралған. Ойын төменде көрсетілген позициядан, 8х8 торлармен бөліген, 64 шаршыдан құралған ойын тақтасында басталады. Қара фигуралармен ойнайтын ойыншы бірінші бастайды. Содан кейін ойыншылар кезектесіп жүреді. Басқаша айтқанда, жүріс өткізілуі мүмкін емес. Жүріс бір дойбыны келесі шаршыға жылжытудан құралған. | Ойындарға арналған үлкен, бос кеңістік Тоғызқұмалақ тақтасы, Тоғызқұмалақ» ойынындағы ережелер бойынша ақпарат: http://soyle.kz/article/view?id=176 Қазақ ұлттық ойындардың интернет ресурстарына сілтеме: http://www.bilu.kz/kazah-igry.php Тоғызқұмалақ ұлттық ойынының интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=Ery51mKqHtE Тоғызқұмалақ ойынын үйрену https://www.youtube.com/watch?v=IwD_8vqU2k0 Онлайн ойынға сілтеме: Осы бетте Тоғыз Құмалақ ойынын бүкіл әлемдегі қарсыласқа қарсы ойнауды таба аласыз: http://www.iggamecenter.com/info/ru/maintoguz.html TogyzKumalak ұялы нұсқаны жүктеп алуға арналған сілтеме https://play.google.com/store/apps/details?id=com.gmail.amanbayev.TogyzKumalak Дойбы ойынының сипатталуы. Сілтеме:https://www.flyordie.com/games/help/checkers/ru/contents.html | ||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия. Кері байланыс.Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі: Қазақтың ұлттық ойындарында бірлескен және жеке жұмыс кезінде зияткерлік ойындардың шарттық ережелерін анықтайды, анықтамалар береді. Оқушылар таңдаған белгілі ойын нұсқаларына балалардың қызығушылықтарын қолдап және дамытып, оңтайлы қозғалыс дағдыларына әдістемелік нұсқаулық беру. | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.. | ||||||||
Қазақтың ұлттық зияткерлік ойындары бойынша жалпылау. Ұлттық зияткерлік ойындарыдағы негізгі элементтерді жүйелей білуге негізделеді. Зияткерлік ойындардың, мағынасын ашу. Баламалы нұсқаларының әзірлеу, орындалуын анықтау. Бірлескен, жеке жұмыста әділ ойынның құндылықтары мен стратегиясын, тактикаларын пайдалану. | Оқушылардың өз бетінше ұлттық ойындардың нұсқаларын белсенді орындау, өз бетінше қателерін түзеу. Үйлесімділікті, реттілікті дамытуға ынталану. Нұсқаларын орындалу маңыздылығына көңіл бөлу. Зияткерлік ойындарды белсендендіру. Ойындар, бірлескен, жеке жұмыстар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар. | Сабақ барысында қиындықтар мен тәуекелдерді анықтап, техника қауіпсіздік ережелерін сақтау Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Бірлескен және жеке жұмыстағы ойынның ережесіне ,шартына, мағынасына, сапасына көңіл бөлу. Топтың деңгейін, белсенділігін анықтау. 2: Ойын барысындағы амал-тәсілдердің орындалу үйлесімділігінің сақталуы. Өзін-өзі бағалау. Ойындағы белсенділік. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Саралап тапсырмалар беру. Түрлі деңгейдегі тапсырмалар. Қозғалыстың айырмашылығы. 2: Ойындағы қозғалыстарға ықпал ететін факторлар. Тапсырманың, рольдік ойындардың мағынасын ашу. Танымдылығын дамыту. (Когнитив) Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Сыныптың белсенділігі, бірлескен және жеке жұмыстарда әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру, ұсыну әдістерін қарастыру. Зияткерлік ойындарға байланысты сұрақтар қою. Танымдылығын дамыту. Қимыл-қозғалыстарды бірнеше рет қайталап көрсетуге мүмкіндік беру. | ||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру