Акробатиканың жеңіл элементтері. Дене шынықтыру, 4 сынып, презентация.
III-бөлім: Гимнастиканың негізгі элементтері Сабақ тақырыбы: Акробатиканың жеңіл элементтері.
Оқу мақсаты:
4.1.2.1 дене дамуына ықпал ететін түрлі жүйелі жаттығулар мен қозғалыстарды орындау сапасын арттыруды түсіну және көрсету
Сабақ мақсаттары
Акробатикалық жаттығулардың қарапайым элементтерінің жинағын жекелеп, кешенді жинақтай, реттілік сақтап орындап көрсету
Бағалау критерийлері
Дене сапасын арттыратын түрлі жаттығулар мен қозғалыстарды орындайды және орындалу сапасын арттырады
Мойынға арналған арнайы жаттығулар
Мойын омыртқасына арналған;
Мойын бұлшық еттеріне арналған;
Мойынды айналдыу, қыздыру жаттығулары:
Гимнастикалық төсеніштегі жаттығулар
Қарапайым созылу түрлері;
Буындарды қозғалысқа икемдеу;
Бұлшық еттердің қозғалысын жақсарту.
Алға домалау: Орындау техникасы.
гимнастикалық төсенішке жақындау;
тізені бүгіп, денені алға еңгейту;
алақанды маттың шетіне қою;
саусақтар алға бағытталуы тиіс;
иек кеудеге жанасып тұрады;
шынтақты бүгіп, аяқпен аздап серпу;
матқа желкені, мойынды, жауырынды, белді ретімен қою;
дене бүгіліп тұрса, жұмсақ аунап түседі.
Артқа домалау: Орындау техникасы.
гимнастикалық төсенішке жақындау;
тізені бүгіп, денені алға еңгейте топтану;
иек кеудеге жанасып тұрады;
артқа тербетілуден бастаған жөн;
итереілу және аударылу;
арқаны доға тәріздес ұстау;
қолды иықтан асыра төсенішке тигізу;
қайтадан жүрелеп отыру.
Жауырынға тұру: Орындау техникасы.
гимнастикалық төсенішке жақындау;
төсенішке арқамен тұру;
тізені бүгіп, денені алға еңгейте топтану;
артқа тербетілуден бастаған жөн;
топтамада артқа аунап орындалады;
иыққа дейін аударылу;
шынтақты денеге жақындатып, төсенішке қою;
денені тік қалпында ұстап тұру;
қолдың буынын арқаға жауырынға жақындатып қою;
сирақты түзу, тік ұстау.
Көпірге тұру (мостик):Орындау техникасы.
гимнастикалық төсенішке жақындау;
төсеніштің үстіне тұру;
екі аяқты алшақ қою;
жамбасты ілгері жіберіп шалқаюды орындау;
бас пен екі қолды артқа қарай қатар ию;
қолды төсенішке тіреу.
ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА КЕРІ БАЙЛАНЫС
ДЕНЕНІ ҚЫЗДЫРУ ТАПСЫРМАЛАРЫН РЕТТІЛІКПЕН ОРЫНДАУ;
МОЙЫНҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАРДЫ МҰҚИЯТ ОРЫНДАУ;
ТӨСЕНІШТЕГІ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ЖҮЙЕЛЕНДІРУ;
ҚАРАПАЙЫМ АКРОБАТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ КӨРСЕТУ;
ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА МӘН БЕРУ;
ӘДЕТТЕГІ ҚАТЕЛЕРГЕ НАЗАР АУДАРАДЫ, АНЫҚТАМАЛАР БЕРЕДІ;
ДЕМДІ РЕТКЕ КЕЛТІРУ ЖАТТЫҒУЛАРЫНА ДАҒДЫЛАНУ;
Назарларыңызға алғысымды білдіремін!!!
Денсаулық -зор байлық!Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру