Топтық қозғалыс әрекетінің прогресі. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 90 сабақ.
№90 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.
№ 7 бөлім: Ойын арқылы әлеуметтік дағдылар
Тақырып: Топтық қозғалыс әрекетінің прогресі
Тақырыпқа сай іс-әрекеттер:
Оқушы сабақтың басынан мұғалім айтқан ережелерді ескере отырып, мақсатқа сай тапсырмаларды мұқият орындауы қажет.
Кіріспе бөлімде қауіпсіздік ережелерін мұқият есте сақтап, денені қыздыру жаттығуларын орындайды. Жалпы дамыту жаттығуларын орындауда мұғалім айтан нұсқаулықтарды ескере денені созу жаттығуларын орындайды.
Негізгі бөлімде оқу мақсатына сай іс-әрекеттер жасайды. Мұғалім берген тапсырмалар немесе қимыл-қозғалыс ойынын ережемен ойнау қажет. Құрал-саймандармен жұмыс жасауда мұқият болу керек.
Сабақтың қорытынды бөлімінде өткізілген сабаққа қорытынды жасап, кері байланыс беру қажет.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
Негізгі бөлім: «Топтық қозғалыс әрекетінің прогресі»
Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын түсіндіре отырып, қауіпсіздікті ескерту. Тапсырмаларды орындау барысында немесе қимыл-қозғалыс ойындарын ойнау барысында қауіпсіздікті сақтап, бір-біріне көмектесуге шақыру.
Оқу мақсатына жету үшін ойнатылатын ойынның ережесін оқушыларға түсіндіру.
Оқушылардың ортасынан мұғалім екі оқушыны таңдап алып, көздерін байлайды. Олардың аяқтарының астында бірнеше заттар болады. Жүргізуші көзге байланған ойыншыларға бір минут ішінде барлық "саңырауқұлақтарды"жинауға бұйрық береді. Шеңбер ішіндегі ойыншылар "саңырауқұлақтар"жинай бастайды. Олардың қайсысы белгіленген уақытта "саңырауқұлақтарды" көп жинайды, ол жеңімпаз деп жарияланады. Шеңбердің ішіне басқа ойыншылар кіреді. Бұл ойынды ойыншыларды тең екі топқа бөлу арқылы өткізуге болады.
Ойынды қорытындылау.
Оқушылардың сезім мүшелерінің дамуын және қозғалыс әрекеттерінің шеберлігін дамыту мақсатында ойнатылғандығын оқушыларға ескерту. Ойын кезінде жылдам әрекет жасаған ойыншыларды мақтау, мадақтау арқылы оқушыларды бағалау.
«МЕРГЕН» ойынын ойнату.
Бір бірінен 10-15 м қашықтықта екі параллель сызық жүргізіледі. Олардың ортасында диаметрі 2 м шеңбер сызылады. Бір ойыншы мерген болып сайланады. Ол қолындағы доппен шеңбер ішінде болады. Қалған ойыншылар бір жолдан екіншісіне ауыса бастайды. Мергенші оларға допты лақтыру арқылы тигізе бастайды. Кімге доп тисе, сол ойыншы мергенші рөліне ауысады.
Ойынның басында мұғалімнің белгісімен «отыр» деген команда кезінде кімде кім қалып қойса, сол ойыншы ортаға мергенші болып сайланады. Мергенші ойыншыларға допты лақтыру кезінде бір ойыншы қағып алатын болса, онда ол ойыншыға бір ұпай беріледі. Ойын осылай жалғасады.
Оқушылардың шеберлік, шапшаңдық, жылдамдық қабілеттерін жақарту мақсатында ойналады.
«Сабақты қорытындылау»
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.
Сипаттама: Өткен тақырып туралы талқылау үшін мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушы мен капитанды атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Мұғалім сұрағына жауап береді. Өзінің жетістігі туралы айтады.
Бағалау: Мұғалім оқушыларына «Рефлексиялық нысана» парақшасын таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады.
Уақыт қалса, тағы да қимыл-қозғалыс ойыны ойнату.
Керекті құрал-жабдықтар
ысқырық дартс, дротик
доптар жеңіл доптар
кеглилер кәрзеңке
секіртпе кіші доптар
шығыршықтар маты
секіртпе қапшығы барьер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру