Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 18 сабақ.


18 сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық

Тақырып: Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындар.

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін оушылармен бірге құрастыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.

  • Жүру жаттығуларын орындау;
  • Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;
  • Жылдамдыққа жүгіру;
  • Тынысты қалыпқа келтіру

Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Сабақтың негізгі бөлімінде

Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындар

Мақсаты: ойындар арқылы оқушылардың командалық жұмыстың маңызын түсініп, көшбасшылық дағдылары жетілдіру, оқыту мақсаттарын шешу.

Сипаттама: ойындар арқылы топқа бөлініп жарысады, бірнеше командалар өзара сайысқа түседі.

«Үшіншісі артық» ойыны

Әзірлік. Ойыншылар үлкен шеңбердің бойына жұптасып тұрады. Яғни, жұптар бір-бірінің алдына қатарласа тұрады. Әр жұптың ара қашықтығы 3-5 метр. Ойын басында бір жұпты таңдап, біреуін «қашқын», біреуін «қуғын» қылып сайлап алады.

Ойынды баяндау. Мұғалімнің «баста» деген командасынан кейін «қашқын» шеңберді айналып қос аяқпен қашады. Ал, «қуғыншы» оны қуады. «Қашқын» шаршаған уақытта шеңбер бойында тұрған жұптың алдына келіп тұра қалса, артыңдағы ойыншы «қашқын» болып қашады. Егерде «қуғыншы» да шаршаса, олда осындай әрекет жасайды. «Қуғыншы» «қашқынды» ұстап алса, керісінше бірін-бірі қуады. Ойын барлық жұп қатысқанша жалғасады.

(суретегідей жұптарды орналастыру қажет)

Ережесі.

1. Белгі берілгенде жүгіреді.

2. Шеңбердің сыртында ойыншылар қос аяқпен жүгіреді

3. Шеңбердің ішінде бір аяқпен секіріп жүгіреді.

Мұғалім әрекеті:

Ойын кезінде оқушыларды бақылап, кемшіліктерді айтады және оқушыларды өз тарапынан бағалайды. Оқушылардың қимыл-қозғалыстарының дағдылануын бағалау, бақылау. Оқушылардың қозғалыс координацияларының жетілуіне мақтау, мадақтау сөздер айтып, қызығушылықтарын ояту мен қатар икемділік, ептілік дағдыларын дамыту.

Бағалау: Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді. Мұғалім әрбір ойыннан соң команда мүшелерінің жеке жетістіктерін айтып тұрады.

Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындардың мәні

Қимыл – қозғалыстарға үйретудің физиологиялық заңдылықтары. Адамның ерікті қимыл – қозғалыстарының қалыптасуы санасының белсенді түрде қатысуымен қабаттаса жүреді. Қимыл – қозғалыстарға үйретудің нәтижесі жатталатын дене жаттығуларының маңызын түсінуіне, оқушылардың қызығушылығына,оқыту әдістерінің балалардың жастық ерекшеліктеріне сәйкес келуіне тәуелді.Адамның қимыл – қозғалыс әрекеттері екінші сигналдық жүйенің қызметімен тығыз байланысты. Сондықтан қимыл амалдарына үйрету

процесінде оларды іс жүзінде орындап көрсетумен қатар, сөзбен бейнелер жасалғаны жөн. Алайда, ерікті қимылдарды бойға сіңіру процесінде қимыл тәжірибесінің шешуші рөл атқаратынын естен шығармаған жөн.Адамның ерікті қимылдарын жануарлардың шартты рефлекстерімен теңеуге болмайды. Қимыл – қозғалыс дағдыларын үйрену және оларды орнықтыру жеделдігі көптеген жағдайларда оқытушының шеберлігіне,қуаттау әдістерінің ебін табуына,баланың сабаққа деген ынта – жігерін арттыра білуге байланысты. Сондықтан физиологиялық әрі педагогикалық тұрғыдан алғанда да,түсінік беріп,жаттығулардың орындалуына баға беріп,баланың қимыл әрекеттеріне тұрақты бақылау жасап отырғанымыз дұрыс.

Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері. Оқушыларға әлемдік деңгейде білім, тәрбие беру – қазіргі заман талабы. Бұл заңды да, өйткені біздің қоғам өмірінде адамгершілік бастамаларының ролі барған сайын артып, моральдық факторлардың ықпал аясы кеңейе түсуде. Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері – оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін сақтап, адамгершілік нормаларынан ауытқушылыққа жол бермеуді қалыптастыру. Бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттағанда бәрін білсем, үйренсем деп үміттенеді. Нақтылы ойлауға шамасы жетпесе де, азамат болсам деп қиялдайды. Бастауыш сынып – қиын да күрделі. Оқушылар жас, оның үстіне ой-өрісі тар, тіл байлығы кем. Сабақтан бұрын ойнағанды жақсы көреді. Жылауы да, жұбануы да оңай. Ұрсуды, кеюді көтермейді. Олармен тіл табыса білу үшін үлкендер өз жасын шегеріп, былайша айтқанда, «баламен бала болуға тура келеді.

Қорытынды бөлімде:

Сабақтан алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізу.

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар кері байланыс картасын толтырып қалдырады.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздік үштікті атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Оқушыларға «кері байланыс карталарын» толтырып қалдыруды тапсырады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу