Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 10 сабақ.


Сабақ тақырыбы: Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика

3 сынып

1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы

қозғалыс әрекеттері

Оқу мақсаттары:

3.1.1.1 Негізгі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыс машықтарын білу, түсіну және жақсартып жалғастыру.

Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:

- Эстафета элементтері бар жеңіл атлетиканы түсінеді;

- Жаттығулардың денсаулыққа тигізетін әсерін біледі;

- Қозғалмалы ойындардағы қимыл-қозғалыс әрекеттерін қолданады.

Барлық эстафеталық ойындар адам денсаулығы үшін маңызды әрі көңілді.

Оқушы тез,тура жүгіру кезінде бар күшін салуға дағдыланады. Шапшаң епті қимылдауға үйренеді. Ұйымшыл болып, команда мүддесі үшін жақсы нәтиже көрсетуге тырысады. Айналаны бағдарлап аз уақытта өзінің және қарсыласының әрекетін байқап үлгереді.Сонымен қатар ойыншыны а) Жүгіру элементтері бар эстафета ойындарын оқушыларға орындату. Жүгіру кезінде қосымша жаттығулар орындауға үйрету.

ә) Қауіпсіздік ережесін мұқият сақтауға, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

б) Күш пен ептіліктің дамуын арттыру.

Қимыл қозғалысының жалпы үйлесімділігін жақсарту.ң икемділігі мен төзімділік қабілеттері арта түседі.

Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика

Тапсырма

Сынып 2-4 командаға бөлінеді. Әр команда бөлек-бөлек колонна болып тұрады және колоннада тұрған ойыншылардың өзара қашықтығы қол созым болу керек. Әр колоннаның бастаушысында бір доптан болады. Жүргізушінің белгісі бойынша алда тұрған ойыншылар допты басынан асыра келесі ойыншыға береді. Осы түрде доп колоннаның соңында тұрған ойыншыға жетеді. Ал, соңғы ойыншы допты алып колоннаның оң жағынан айналып келіп бірінші боп тұрады да, допты басынан асырып келесі ойыншыға береді. Ойынды бастаған ойыншы өз орнына қайтып келгенше ойын жалғаса береді. Ол орнына қайтып келген соң допты жоғары көтеріп, өзінің командасында тік тұруға команда береді. Ойынды бірінші бітірген команда жеңген болып есептеледі.

Ережесі. 1. Допты тек өзінің көршісіне беруге болады. Допты бірнеше ойыншыдан асырып лактыруга болмайды. 2. Допты түсіріп алган ойыншы допты алып орнына келіп, келесі ойыншыга береді. 3. Соңгы ойыншы колоннаның алдына келгенде, ойыншылар кішкене артқа жылжиды. 4. Айып үпайлары жоқ және ойынды бірінші бітірген команда жеңімпаз атанады.

«Допты басынан асыра, аяқтың арасынан және аралас түрде беру»

Дескриптор:

«Допты басынан асыра, аяқтың арасынан және аралас түрде беру»

Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;

Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;

Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;

Сабақты қорытындылау.

Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу