Күкірт қышқылын жанасу әдісімен алу. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

11.3С Азот және күкірт

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Күкірт қышқылын жанасу әдісімен алу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.2.1.18 күкірт қышқылын жанасу әдісімен алу процесін түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

күкірт қышқылын жанасу әдісімен алу процесін түсіндіру

Бағалау критерийлері

  • Күкірт қышқылы өндірісінің негізгі сатыларын біліп сипаттай алса;
  • күкірт қышқылы өндірісінің негізгі сатыларына сәйкес реакция теңдеулерін жаза алса;

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындай алады:

Күкірт қышқылын жанасу әдісімен алу процесін ауызша және жазбаша түрде сипаттау

Пәндік лексика және терминология

күкірт қышқылы, өндіріс, химиялық өнеркәсіп, контакт әдісі, Ле Шателье принципі, тепе-теңдік, жағымды жағдай, катализатор, олеум

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Күкірт қышқылы ... үшін қолданылады әлем өндірісі ...өңдеу/дайындау үшін қолданылады

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Жаһандық азаматтық:

Қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамуға ұмтылу.

Дағдылар:сыни және шығармашылық ойлау, өзіне сенімділік және рефлексия жасай алу.

экологиялық сауаттылықтарын жоғарылату

 Пәнаралық байланыстар

Биология, география

 АКТ қолдану дағдылары

«BilimLand» ресурстары, презентация

Бастапқы білім

10.1C Химиялық байланыс

10.1D Периодтылық

10.2B Термодинамикаға кіріспе

10.2C Кинетика

10.3А Химиялық тепе-теңдік

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

- оқушылардың зейінін шоғырландыру-- «Өзіңе тілегенді өзгеге тіле!»

Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.

презентация

Сабақтың ортасы

10 минут

3 минут

15 минут

10 минут

(М) және ) Күкірт қышқылын жанасу әдісімен алу туралы бейне клиптер көрсете отырып, тақырыпты көрсетіңіз. Химия - Бейорганикалық химия – Периодтық кесте – күкірт қышқылы жәнеолеум (бет.2). Оқушылар бақылай отырып, құрылымдалған жұмыс парағын толтырулары керек.

Жұмыс парағын өзара тексеру

Презентация арқылы жаңа сабақты оқушыларды қатыстыра отырып түсіндіру

Күкірт қышқылын өндіруге қажетті шикізаттар:

1. Бос күкірт S

2. Пирит (күкірт колчеданы) FeS2

3.Күкіртсутек H2S

4.Түсті металл сульфидтері ZnS, Cu2S

Пиритті өртеу: Қарсы ағын принципі (реакция жылдамдығын арттыру үшін қандай жағдай жасауға болады?) 8000С . Технологиялық үрдіс – t 0С, ұсақталған пирит, ауа, - реакция тез өтеді

  • Циклон . Күкірт (ІV) оксидін тазалау керек, неге? 2 цилиндрден тұрады газ қоспасы сыртқы цилиндрден жоғарыдан төмен қозғалады.
  • Электрофильтр – өте ұсақ шаң тозаң нан құтылу үшін, металл торы (+) және жіңішке сымнан (-) зарядтан тұрады кереуі 60000 В , шаң- тозан (-) зарядталады да торға тартылады сосын өзінің зарядын жоғалтып бункерге құлап түседі .
  • Кептіргіш мұнара . Газ қоспасы төменнен келеді ал жоғарғы жағынан концентрлі күкірт қышқылы жіберіледі. Ортасына керамикадан жасалған шығырықтар салынады, неліктен?
  • Жанасу аппараты . Тазартылған күкірт (ІV) оксиді күкірт (VІ) оксидіне тотықтыру КАТАЛИЗАТОР V2O5

Ол үшін газ қоспасын алдымен жылытып алу керек, неге? Жанасу аппаратының алдына жылуалмастырғыш қойылады.

Реакция өнімі өзінің жылуын жанасу аппаратына түсетін газ қоспасына береді.

Қандай 2 үрдіс қатар бір мезетте жүреді?

1 . --------------

2. ---------

6. 2SO2 +O2= 2 SO3+Q тотығу үрдісі жүреді КАТАЛИЗАТОР V2O5 қатысында

7. Сіңіру мұнарасы. Сіңіру мұнарасында судың орнына конц. 98% H2SO4 қолданылады неге? Олеум деген не?

SO3 2O= H2SO4 +Q Түзілген H2SO4 конц

ал 100% қолданса абсорбция дәрежесін төмендетеді

Күкірт қышқылын өндірудің негізгі үрдістері

  • Негізгі химиялық принциптері - механикаландыру және автоматтандыру
  • Химиялық реакциялар жүру үшін оптимальды жағдай жасау (химялық реакциялардың жылуын пайдалану)

Экологиялық салдарыАтмосферада күкіртті газдар ұзақ сақталмайды. Ауа райы құрғақ жағдайда 2-3 аптадан, ылғалды және атмосферада аммиак болған жағдайда бірнеше сағаттарға дейін сақталады .

Күкіртті қосылыстар адамдар мен жануарлардың тыныс алу жолдарына әсер етіп, тыныс алуды қиындатады

Мәселелік сұрақ: өндірістің жанасу әдісінің мәні неде?

Аса қабілетті оқушылар күкірт қышқылы өндірісімен, оның дүниежүзілік экономикадағы орнын зерттей алады

Күкірт қышқылын өндірудің нитрозды әдісі – 75 %

SO2 + NO2 = SO3 + NO

2NO + O2 = 2NO2

Ірі күкірт қышқылды цехтар

Жезқазған мен Балқаш мыс балқыту комбинаттарында,

Өскеменнің қорғасын-мырыш комбинатында,

Ақтөбе және Жамбыл суперфосфат заводтарында салынған.

Қалыптастырушы бағалау

https://bilimland.kz/ru/courses/chemistry-ru/neorganicheskaya-ximiya/ehlementy-i-ix-soedineniya/lesson/sernaya-kislota-i-oleum

Жұмыс парағы

Презентация

Жұмыс парағы

Сабақтың соңы

5 минут

Үйге тапсырма

Қазақстанда күкірт қышқылын өндіру тақырыбына 3-5 слайд немесе бір беттік хабарлама әзірлеу

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Видео бойынша толтырылған жұмыс парағы, презентация арқылы қойырған сұрақ-жауаптар, қалыптастырушы бағалау тапсырмасы кері байланыс беру арқылы бағаланады

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?