Күкірт қышқылын жанасу әдісімен алу. Химия, 11 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

Күкірт қышқылын жанасу әдісімен алу

ОҚУ МАҚСАТЫ:

11.2.1.18 күкірт қышқылын жанасу әдісімен алу процесін түсіндіру

Бағалау критерийлері:

Күкірт қышқылы өндірісінің негізгі сатыларын біліп сипаттай алса;

күкірт қышқылы өндірісінің негізгі сатыларына сәйкес реакция теңдеулерін жаза алса;

Күкірт қышқылын өндіруге қажетті шикізаттар:

 

1. Бос күкірт S

2. Пирит (күкірт колчеданы) FeS2

3.Күкіртсутек H2S

4.Түсті металл сульфидтері ZnS, Cu2S

І саты

Күкірт (ІV) оксидін алу

және бөгде заттардан

тазарту

ІІ саты

Күкірт (ІV) оксидін

күкірт (VІ)

оксидіне тотықтыру

ІІІ саты

Күкірт (VІ) оксидінің

абсорбциясы

Күкірт қышқылы өндірісінің жанасу әдісі

Күкірт қышқылын өндіру

Күкірт (ІV) оксидін алу , бөгде заттардан тазарту

1. Пиритті өртеу: Қарсы ағын принципі (реакция жылдамдығын арттыру үшін қандай жағдай жасауға болады?) 8000С . Технологиялық үрдіс t 0С, ұсақталған пирит, ауа, - реакция тез өтеді

Циклон . Күкірт (ІV) оксидін тазалау керек, неге?

(SO2, O2, су буы) 2 цилиндрден тұрады газ қоспасы сыртқы цилиндрден жоғарыдан төмен қозғалады.

3. Электрофильтр – өте ұсақ шаң тозаң нан құтылу үшін, металл торы (+) және жіңішке сымнан (-) зарядтан тұрады кернеуі 60000 В , шаң- тозан (-) зарядталады да торға тартылады сосын өзінің зарядын жоғалтып бункерге құлап түседі .

4. Кептіргіш мұнара . Газ қоспасы төменнен келеді ал жоғарғы жағынан концентрлі күкірт қышқылы жіберіледі. Ортасына керамикадан жасалған шығырықтар салынады, неліктен?

Күкірт қышқылын өндіру

5. Жанасу аппараты . Тазартылған күкірт (ІV) оксиді күкірт (VІ) оксидіне тотықтыру КАТАЛИЗАТОР V2O5

Ол үшін газ қоспасын алдымен жылытып алу керек, неге? Жанасу аппаратының алдына жылуалмастырғыш (Теплообменник ) қойылады.

Реакция өнімі өзінің жылуын жанасу аппаратына түсетін газ қоспасына береді. Қандай 2 үрдіс қатар бір мезетте жүреді?

1 . --------------

2. ---------------

6. 2SO2 +O2= 2 SO3+Q тотығу үрдісі жүреді КАТАЛИЗАТОР V2O5 қатысында

7. Сіңіру мұнарасы. Сіңіру мұнарасында судың орнына конц. 98%H2SO4 қолданылады неге? Олеум деген не?

. SO3 +Н2O= H2SO4 +Q Түзілген H2SO4 конц ?

ал 100% қолданса абсорбция дәрежесін төмендетеді

Күкірт қышқылын өндірудің негізгі үрдістері

Негізгі химиялық принциптері - қарсы ағын,жылу алмасу және үздіксіздік.

Химиялық реакциялар жүру үшін оптимальды жағдай жасау (химялық реакциялардың жылуын пайдалану)

Экологиялық салдары

Күкірт қышқылы өндірісінің экологиялық салдарлары және күкірт қышқылын өндіру зауыттардың қалдықтарын азайту тәсілдері

92,5% - техникалық қышқыл (купоросты май) ; 18.5% - құрамында бос SO3 бар қышқыл, 75% - нитроздық әдіспен алынған мұнаралы қышқыл, 98.3% - реактивті қышқыл, сусыз100% - моногидрат деп атайды , өйткені онда 1 моль SO3 1 моль H2O келеді

Жанасу әдісімен өндірудің артықшылықтары

1. Тұтынуға дайын таза концентрациялы күкірт қышқылы алынады

2. Ауаға түрлі газдар шықпайды

3. Қосымша өнім, шығын аз

4. Қалдықсыз

Күкірт қышқылын өндірудің нитрозды әдісі

Күкірт қышқылын өндірудің нитрозды әдісі – 75 %

Экологиялық зардабы

Атмосферада күкіртті газдар ұзақ сақталмайды. Ауа райы құрғақ жағдайда 2-3 аптадан, ылғалды және атмосферада аммиак болған жағдайда бірнеше сағаттарға дейін сақталады .

Күкіртті қосылыстар адамдар мен жануарлардың тыныс алу жолдарына әсер етіп, тыныс алуды қиындатады

Зерттеліп жатқан әдістер

Күкіртті, күкіртсутекті тура тотықтыру экологиялық таза әдістер, катализатор ретінде азот қышқылы

2S+3O2 +2H2 O=2H2 SO4

H2 S+2O2= H2 SO4

Неліктен экологиялық таза әдіс болып есептеледі?

Ірі күкірт қышқылды цехтар

Жезқазған мен Балқаш мыс балқыту комбинаттарында,

Өскеменнің қорғасын-мырыш комбинатында,

Ақтөбе және Жамбыл суперфосфат заводтарында салынған.

.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері