Полимерлену реакциясы №9 зертханалық тәжірибе "Полимерлер және олардың қасиеттері". Химия, 11 сынып, қосымша материал.


№9 зертханалық тәжірибе "Полимерлер және олардың қасиеттері"

Тәжірибе 1. Пластиктің механикалық қасиеттері.

Міндеті: Пластмассаның механикалық қасиеттерін және кейбір пластикалық материалдардың шығаратын дыбысын зерттеу.

Құрылғы: қалақша, қорғаныш көзілдірігі.

Химикаттар және басқа да материалдар: полиэтилен, полипропилен, полистирол, полиметилметакрилат, поликарбонат, полиэфирлі шайыр.

Қауіпті! Пластик ұсақ бөліктерге бөлінуі мүмкін. Қорғаныш көзілдірігін киіңіз!

Жұмыс әдістемесі

1. 30 см биіктіктен әр түрлі пластмассалы өзектерді үстел үстіне лақтырыңыз. Үлгілердің шығаратын дыбыстарын салыстырып, 1-ші кестеге нәтижелеріңізді жазыңыз.

2. Пластмассалы өзектерді тырнақпен сырып көріңіз. Нәтижелеріңізді 1-ші кестеге жазыңыз.

3. Пластмассалы өзектерді қалақшамен сырып көріңіз. Нәтижелеріңізді 1-ші кестеге жазыңыз.

4. Өзектерді майыстырыңыз және нәтижелеріңізді 2-ші кестеге жазыңыз.

Талдау

1. Өз бақылауларыңызды жалпы түрде жазыңыз.

……………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………

2. Нәтижелеріңізді кестеге жазыңыз

1-ші кесте

Пластик

Дыбыс

Қатаң

Сыруға сезімталдығы (иә/жоқ)

Ұяң

полиэтилен

полипропилен

полистирол

полиметилметакрилат

поликарбонат

полиэфирлі шайыр

2-ші кесте

Пластик

Майыстырғандағы қасиеттердің өзгеру сипаты

полиэтилен

полипропилен

полистирол

полиметилметакрилат

поликарбонат

полиэфирлі шайыр

Сұрақтар және тапсырмалар

1. Бақылауларыңыз бойынша қорытынды жасаңыз.

…………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………

……………………………………………………………………………………………………

2. Бақылауларыңыз бойынша, құрылысы мен тығыздығы туралы қандай қорытынды жасай аласыз?

………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………

3. Зерттелген пластмассалардың үлгілерінің қасиеттері қандай маңыздылыққа ие?

………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………

Тәжірибе 1. Пластмасса қасиеті: қыздырғандағы деформациялануы.

Міндеті: Қыздырғандағы пластмассаның қасиеттерінің өзгеру сипатын зерттеңіз.

Құрылғы: қысқыш, керамикалық талшықтан жасалған тостаған, Бунзен шамы, газды түтіктер, қорғаныш көзілдірігі.

Химикаттар және басқа да материалдар: полистирол, полиметилметакрилат, фенолды шайыр.

Қауіпті!

- Пластмасса үлгілерін қыздырғанда, ыстық тамшылардың сорғалауы мүмкін. Тәжірибені жұмыс үстелінде орындаған жөн. Қорғаныш көзілдірігін киіңіз!

- Қыздырғанда жағымсыз иісті улы газдар бөлінеді.

Жұмыс әдістемесі

1. Бунзен шамын жұмыс үстеліне орнатыңыз. Қысқыштарды екі қолыңызға алыңыз.

2. Бірінші қысқышпен полистирол бөлігінің бір жақ шетін ұстаңыз және үлгінің ортаңғы бөлігін шамның жалынының жарқырамайтын жерінде ұстаңыз. Екінші қысқышпен үлгінің басқа жағын алып, оны созып көріңіз. Балқыған тамшылар  жанарғы шүмегіне тамып кетпеуіне көз жеткізіңіз.

3. Басқа үлгілермен де осы әрекеттерді қайталаңыз.

Талдау

1. Өз бақылауларыңызды жалпы түрде жазыңыз.

……………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………

2. Нәтижелеріңізді кестеге жазыңыз

Пластмасса

Балқығыштық

Деформациялануы

Полистирол

Полиметилметакрилат

Фенолды шайыр

Сұрақтар және тапсырмалар

1. Бақылауларыңыз бойынша қорытынды жасаңыз.

…………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………

……………………………………………………………………………………………………

2. Берілген тәжірибе бойынша пластмассаның қолданысы жөнінде қандай қорытындылар жасай аласыз?

………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………

3. Қыздырғанда пластмассаның тағы қандай қасиеттерін зерттеуге болады?

………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?