Амин қышқылдарының физикалық және химиялық қасиеттері. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.


Химия.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:11.3AАминдер және амин қышқылдары.

Мектеп:

Күні:

Мұғалім аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Амин қышқылдарының физикалық және химиялық қасиеттері (2 сабақ)

Осы сабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме)

11.5.1.11 Амин қышқылдарының екідайлығын тәжірибе жүзінде дәлелдеу

Сабақмақсаттары

Оқушылар біледі:

  • Екідайлықты еске түсіреді
  • Амин қышқылдарының екідайлығын көрсететін тәжірибе жүргізуді
  • Амин қышқылдарының қышқылдармен және негіздермен реакция теңдеуін жазуды

Жетістіккритерийлері

Оқушылар оқу мақсатына жетеді, егер

Екідайлы терминін түсіндірсе

Амин қышқылының қышқылдармен реакциясын жаза алса

Амин қышқылының негіздермен реакциясын жаза алса

 Тілдікмақсаттар

Пәннің сөздік қорлары және терминологиясы:

Екідайлық  негіздік немесе қышқылық болып жүре алады

Диалог және жазу фразаларына пайдалы жиынтық:

Глицин қышқылдық әрекетке қабілетті

Глицин негіздік әрекетке қабілетті

Құндылықтарды дамыту

Бұл сабақ оқушыларды денсаулығына ұқыпты қарауға тәрбиелейді

Пәнаралықбайланыстар

Биология 8.4.1.3 ақуыздардың биологиялық қызметі мен қасиеттерін сипаттау

АКТ қолдану дағдылары

Мұғалім сабақ тақырыбын түсіндіру үшін презентация және видео матриалдарды қолданады.

Оқушылар білім веб-сайттарынан ақпарат алу үшін интернет қолданады

Бастапқы білім

9.4.3.2Көмірсутектер және оның туындылары: спирттер, альдегидтер, карбон қышқылдары, амин қышқылдарыклассификациясы білу

11.5.1.4Аммиак, амин және анилиннің негіздік қасиеттерін салыстыру

11.4.2.11Химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазу

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

1-3 мин

Оқушылардың зейінін шоғырландыру.

Тирозин ми жұмысына әсер ететінін және фантазиялық ойлау мүмкіндігін арттыратындықтан оны «креатив» аминқышқылы деп атайтынын білесің бе?

Тирозиннің басым бөлігі: жұмыртқа ақуызы, ірімшік, қызыл және қара уылдырық, тауық төсеті және басқа ет түрлерінің ақуыз өнімдерінен құралады.

Слайдтан тирозиннің формуласын көрсетіңіз және тапсырмасын беріңіз.

Тапсырма: тирозиннің ерітіндісінің рН болжаңыз. Өзіңіздің жауабыңызды түсіндіріңіз.

Бұл тапсырманың мақсаты амин қышқылының әр бөлігі өзіне тән қасиетке ие екенін білдіреді.

1 слайд.

2 слайд.

Кішкентай ақ тақталар.

4-5мин

Сабақтың мақсаттарын қою.

Тақырыпты және оқу мақсатын қою.

3-4 слайдтар.

6-8мин

Сөздік

Тирозиннің формуласына қараңыз. Осы заттың негізгі үш тобын атаңыз және белгілеңіз. (амин, карбон қышқылы, бонзол сақинасы).

Әрбір функционалды топтың негізгі реакцияларын атаңыз. (Амин – қышқылмен, карбон қышқылы – негізбен, бензол сақинасы – электрофильмен).

Егер зат қышқылдық және негіздік екі қасиетті де көрсетсе, ол терминді қалай атаймыз? (Екідайлы).

Қықартылған атауын қолдана отырып екідайлы терминіне анықтама беріңіз.

2 слайд.

5-6 слайдтар.

Сабақтыңортасы

9-23 мин

Тәжірибе

Қауіпсіздік ережесін ескертеміз: HClжәнеNaOHкүйдіргіш заттар.

Тәжірибені жүргізу үшін жұмыс парағын қолданыңыз.

Қорытынды жазыңыз.

Егер реагенттер жоқ болса - видеоға қараңыз.

Реагенттер: глицин, NaOH, фенолфталейн, HCl, метилоранж.

Зертханалық құрылғылар: сынауыққа арналған тұрғы, 2 сынауық, 2 пипетка.

https://bilimland.kz/en/courses/mobile-school-subjects/chemistry/upper-secondary/19-organic-nitrogen-compounds-amines-amino-acids-peptides-and-proteins/lesson/19-04-amphoteric-properties-of-amino-acids

24-33 мин

Тапсырма

Әртүрлі аминқышқылдарының қышқылмен және негізбен реакция теңдеулерін жазыңыз. Аминқышқылдарымен жұмыс жасағанда сақ болыңыздар.

Әр өнімнің зарядын анықтаңыз. Түзілген ио типтерін анықтаңыз.

Осы уақытта қалыптастырушы бағалауды жасаңыз. Үлгірімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жасау.

Жұмыс парағы

34-35 мин

Талқылау

Жауапты қараңыз және өзіңізді бағалаңыз.

7-8 слайдтар.

Егер уақыт артылса

Ноутбукпен жұмыс

https://chemguide.co.uk/organicprops/aminoacids/acidbase.html

Сабақтыңсоңы

36-38 мин

Белгілеу

Оқушылар өздерінің ойларын түсіндіріп беру үшін тез белгілеуге суреттеп береді.

39-40 мин

Үй тапсырмасы

Үй жұмысын орындауды ұмытпаңыз.

9 слайд.

Roger Norris, Lawrie Ryan and David Acaster, Cambridge International AS and A Level Chemistry Coursebook кітаптың 395 беттегі 5 тапсырманың b (ііі, іv)

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Барлық оқушылар: аминқышқылдардың қышқылдармен және негіздермен реакциясын жазады.

Оқушылар көпшілігі: бүйір тіздек реакцияларын ұмытпайды

Кейбір оқушылар: аминқышқылдары топтарының бір-бірімен реакцияға түсетінін түсінеді

Ауызша сұрау - Мұғалімнің жекелеген сұрағы.

Жазбаша бағалау – оқушылардың барлық жауаптары слайд бойынша тексеріледі.

Өздерін бағалау – күшті оқушылар әлсіз оқушыларға көмектеседі.

Оқушылар сыныпта жұмыс жасау кезінде негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.

Күшті негіздермен жұмыс жасағанда аса сақ болу қажет, себеді ол ұлпаларға тез әсер етеді.

Сіз жұмыс жасап отырған қышқылдың әртүрлі концентрациясы теріге, көзге, қышқыл будың жұтуына немесе жұтылуына байланысты іртүрлі әсерлері болады. Мұндай әсер ету түрлерінің әрқайсысы сіздің денсаулығыңызға қауіп төндіруі мүмкін және оны дереу алдын алу керек.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?