Амин қышқылдары. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Қызылорда қаласындағы химия-биология бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Пәні: Химия Сабақ жоспары | |||||||
Мұғалімнің аты-жөні: | Сабақтың тақырыбы: Амин қышқылдары. | ||||||
| |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқумақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.5.1.7 аминқышқылдарының тривиалды және жүйелік атауларын біледі; 11.5.1.8 амин қышқылы молекулаларының құрамы мен құрылымын сипаттаңыз; | ||||||
Сабақ мақсаттары | -амин қышқылдарының құрлысын біледі -амин қышқылдарының систиматикалық атауын атай алады | ||||||
Жетістік критерийлері | Амин қышқылдарының құрлысын түсіндіре алады; Амин қышқылдарының халықаралық систиматикалық атауын бере алады:
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Амин қышқылдары / X және У… тұрады амин / карбоксил/ гидроксил Халықаралық/Тривиалды Аминокислоты – Amino acid – Аминқышқылы Корбоксильная группа – Corboxyl group – Карбоксил тобы Амино группа – Amine group – Амин тобы | ||||||
Құндылықтарды дамыту | «Мәңгілік ел» құндылықтары: тәжірибе кезінде ғылыми көзқарасты қалыптастыру. Білім беру және тәрбие құндылықтары: Топтық жұмыс арқылы оқушылардың ынтымақтастық, өз ойларын дәлелдеп жеткізу, қоршаған ортаның пікірлеріне құрметтеу және басқалардың алдында өз міндеттері үшін жауапкершілігін түсіну қасиеттерін қалыптастыру. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Power point | ||||||
Бастапқы білім | Көміртегі қосылыстары 1 (6.3С) Көміртегі және оның қосылыстары (8.4В) Қосылыстар құрылымы (9.1В) Органикалық химияға кіріспе (10.3А) |
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарлан ған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 0-2 мин | Ұйымдастыру Сыныпта ынтымақтастық атмосферасы мен бірлескен оқу ортасын қалыптастыру
| |||||||
| Проблемалық сұрақ Аминқышқылдарының біреуінің формуласы берілген: C2H5O2N. Молекулалық формуланы талдау негізінде қандай қорытынды жасауға болады? Бұл зат органикалық заттардың қай класына жатады? Қандай органикалық заттар құрамында азот және оттегі бар? (Құрамында азоты бар: аминдер; құрамында оттегі бар: спирттер, фенолдар, альдегидтер, карбон қышқылдары, эфирлер, көмірсулар). Берілген заттың 2 молі кернеу қатарында сутегіге дейінгі орналасқан металмен әрекеттесу кезінде 1 моль сутегі бөлінеді. Осы мәліметтер негізінде қандай қорытынды жасауға болады? (Бұл зат спирт емес, тек карбон қышқылы болуы мүмкін.) Бірақ бұл зат гетерофункционалды, оның қос қасиеттері бар, сондықтан оның молекуласында басқа функционалды топ болады. Бұл топ негіздік қасиеттерді көрсетеді. Ол қандай топ бола алады? (Негізгі қасиеттерін аминдер көрсетеді, бұл аминдер тобын білдіреді.) Сабақтың тақырыбы: Амин қышқылдары Аминқышқылдары дегеніміз – молекула құрамында көмірсутек радикалымен байланысқан амин тобы – NH2 және карбоксил тобы – СООН болатын заттар. Оларды карбон қышқылдарының туындылыры деп қарастыруға болады, себебі молекула құрамындағы көмірсутек радикалдарындағы сутегі атомын амин тобы орнын басқан. Табиғатта Аминқышқылдардың 150-ден астам түрі бар. Олардың 20-сына жуығы ақуыздар түзілісінде аса маңызды қызмет атқаратын мономер блок-топшалар,осы амин қышқылдарының жартысы организмде синтезделмейді. Синтетикалық Галогенге, содан кейін аммиакқа әсер ету арқылы карбон қышқылдарынан алынады. Мысалы: аминокапрон аминэтан Амин қышқылдарының атаулары Білімді жаңарту Органикалық заттарды атаудың Халықаралық жүйелеу алгоритмін еске түсіріңіздер. Төменде берілген аминқышқылын алгоритм негізінде атаңдар. Халықаралық атаулар жүйесі бойынша қышқылдардың атына сәйкес тізбектегі амин тобының орны цифрмен көрсетіледі. 2 – аминбутан қышқылы 3 – аминбутан қышқылы Рационалды Аминқышқылдары тарихи қалыптасқан жүйе бойынша атау үшін карбоксил тобынан кейінгі көміртектен бастап, грек әріптерімен белгілейді де, сол әріптердің көмегімен амин тобының орнын көрсетеді. α – аминмай қышқылы γ – аминмай қышқылы Тривиалды Одан басқа табиғатта кездесетін түрлерінің тривиалды атаулары да болады. Мысалы: NH2–CH2 – COOH – глицин Әр аминқышқылының тривиалды (дәстүрлі) атауы бар. Кейде бұл ашылу көзімен байланысты: аспарагин алғаш рет аспарагусете (спаржа) табылды; глицин өзінің тәтті дәмі үшін осылай аталды (грек тілінен - glykys - тәтті). Аминқышқылдары – гетерофункционалды қосылыстар - NH2 амин тобы – COOH карбоксил тобы – SН тиол тобы – ОН гидроксил тобы Жұптық жұмыс Төменде берілген амин қышқылдарының халықаралық жүйе бойынша атаныздар – слайд 11-16 Ақуыз құрамына кіретін амин қышқылдарымен кесте бойынша танысу. Жұптық жұмыс Аланиннің барлық изомерлерінің шар-өзекті моделін құрастырыңыз. | Слайд 2-3 Слайд 4-10 Слайд 11-20 | ||||||
Сабақтың соңы 39-40 мин | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет
Үйге тапсырма | |||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасыны сақталуы | ||||||
Барлық оқушылар:
Көпшілік оқушылар:
Кейбір оқушылар:
| Ой талқылар кезінде жауап беруіне; Практикалық жұмысты бағалау тапсырмалары арқылы. | партада дұрыс отыруын қадағалау, слайдтардағы жазулардың көрнекі болуы |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |
Жалпыбаға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралыда, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?