Қазақстандағы силикат өндірісі. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар: 10.4B Бейорганикалық қосылыстарды және құймаларды өндіру

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты- жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстандағы силикат өндірісі

Сабақтың түрі

Семинар-сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты(оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.3.11 шыны, цемент өндіру үдерісі және олардың қолданылуын сипаттау;

 Сабақ мақсаттары

-шыны,цемент өндіру үдерісі және олардың қолданылуы

Бағалау критерийі

Оқушы мақсатқа жетеді,егер шыны,цементтің құрамы және қолдану аяларын түсініп өмірмен байланыстыра алса.

Тілдік мақсаттар

Құндылықтарды дарыту

Бір бірінің құндылықтарын құрметтеу, ынтымақтастық.

ЖА құндылықтары: азот қосылыстарының экологияға кері әсері

ЖА дағдылары: Критикалық және шығармашылық ойлау, өзін өзінде сенімділік және рефлексия дағдылары, сөйлеу, бекітілген іс қимыл.

Пән аралық байланыс

география, экология, экономика, математика

ИКТ қолдану дағдысы

презентация

Дағды

Зерттеушілік(мәтіннен қажетті ақпаратты алып қолдану) өзін-өзі реттеу

Ресурстар

Цемент өндіріс:

https://www.youtube.com/watch?v=5f6VTF0HIi4

https://www.youtube.com/watch?v=IqMKHcYSyTE

Шыны өндірісі:

https://www.youtube.com/watch?v=SqsnCjXcLXA

Бастапқы білім

8.3В Химиялық реакциялар энергетикасына кіріспе

8.3С Қайтымды реакциялар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақ- тың басы

0 - 7 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.

«Сенен сұрақ,менен жауап» арқылы оқушылар өткен материалды естеріне түсіреді.әр оқушы қасындағы оқушыға екі сұрақтан қояды. Сабақтың тақырыбы және мақсаты таныстырылады

Сабақтың ортасы 7 -17 мин

Activity 1

бағалау

27-29

мин

Activity 2

Жұппен жұмыс

29-36 мин

Оқушыларға оқу мақсаты таныстырылғаннан кейін суреттер бойынша сынып оқушыларын 2 топқа бөлінеді,интернет желісін пайдаланады,қосымша мәтін беріледі

  • топ : шыны өндірісі туралы
  • топ : цемент өндірісі туралы топтың ішінен оқушылардың қалауымен инженер технолог,бухгалтер –есепші сайланады.Әр топқа дайындалуға 10 мин уақыт беріледі,презентация немесе постер дайындауға болады.Әр топқа қорғауға 5 мин. Инженер технолог шыны өндірісі адамға ертеден белгілі екенін.Шыны өндірісі үшін қандай шикізаттар қажет екенін,кәдімгі шынымен ,хрусталь шынының айырмашылығын айтады.натрий мен калий силикатының артық мөлшеріндегі кремнеземмен аморфты мөлдір құймасын айтады.

Na2CO3+SiO2=Na2SiO3+CO2CaCO3+SiO2+CaSiO3+CO2

Кәдімгі шынының формуласы Na2O · CaO · 6SiO2

Шыны – тұтқырлығы жоғары оттексіз қосылыстар мен оксидтер қоспаларының  балқымасын салқындату нәтежиесінде алынатын  аморфты қатты зат. Кристалдық заттарға тән торлар шыныда жоқ. Шынының белгілі бір балқу температурасы жоқ. Қыздырғанда 450˚Стан бастап біртіндеп жұмсарады, 1000-1400˚С арасында сұйықтыққа айналады. Шыны бірден қатпайды, тек біртіндеп қоюланып қатады.

Есепші –бухгалтер шыны өндірісі үшін қолданылатын негізгі шикізаттар жөнінде мәлімдеме береді :

Негізгі шикізаттар                             Қосымша шикізаттар

  • Құм (SiO2), бояғыштар:
  • сода (Na2CO3), алтын, күміс, марганец оксидтері – күлгін
  • натрий сульфаты кобальт (ІІ) оксиді — көк түсті
  • поташ (К2CO3), Хром (ІІІ) оксиді – жасыл
  • бор (СаCO3), Никель (ІІ) оксиді – көк күлгін түс береді
  • қорғасын жосасы (Pb3O4),
  • мырышты ақ сырлар(ZnO),
  • каолин (Al2O32SiO2·2H2O),
  • доломит (СаCO3 ,MgCO3)

Шынының құрамы

Құрамы: Na2O·CaO·6SiO2 Шынының бұл  түрінен тұрмыстық, асханалық ыдыстарды дайындайды.

Құрамы:  K2O · CaO · 6SiO2 Натрий оксидін калий оксидіне алмастырсақ шыныға  мөлдірлік, беріктілік және сәулелендіру қабілеті жоғары болады.Шынының бұл түрінен терезе әйнектері мен жоғарғы сортты химиялық шыны түрлерін алуға болады.

Құрамы: SiO2·K2O·PbO. Шынының бұл түрінің сәулелендіру қабілеттілігі жоғары,адам ағзасына тиетін қаупі барына тоқталады. Егер:24-30% аралығында болса қорғасынды хрусталь деп атайды.18-24% арлығында болса төменгі хрусталь деп атайды.

2 топ цемент өндірісі

Инженер технолог . Силикат өнеркәсібінің маңызды бір өнімі құрылысқа өте көп пайдаланылатын – цемент

Цемент (нем. Zement,лат. Саеmentum ұсақталған тас,қиыршық тас) —гидравликалық байланыстырғыш материалдар тобы; негізгі құрылыс материалдарының бірі; органикалық емес материалдың майда ұнтағы. Қазақстанда цемент өндіру зауыты Қазақстанның бүкіл 14 облысында бар. Мысалы: Шымкент, Өскемен, Қарағанды, Семей т.б. «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ 1997 жылы Өскемен цемент зауыты негізінде құрылған. Ұйымдағы цемент сапасының мінсіздігі теңдессіз шикізаттың (батпақ және әк) қоры есебінен қамтамасыз етіледі. Тек осындай сападағы шикізаттан құрылыста жоғарғы маңыздылығымен кеңінен қолданылатын 500-маркалы және одан да жоғарғы сападағы цемент алынуы мүмкін. 2008 жылдың сәуір айынан ішкі ауыр бетондардың гидротехникалық құралдары үшін цементтің жаңа түрі – шлакопортландцемент (ШПЦ 400) шығарады.Цемент сумен араласқанда қатаятын қасиеті бар (яғниқамыр тәрізді пластик. күйден қатты күйге ауысатын)кальций силикаты мен кальций алюминатынанқүралады. Цементтің кейбір түрі ауада қатаяды. Ал, ендібір түрлері тек тұздардың, қышқылдардың судағыерітіндісімен араластырғанда ғана байланыстырғыштыққасиетке ие болады

Цементтің көп тараған түрінің бірі — портландцемент. Ол негізінен жоғары негізді кальций силикатынан тұрады. Төменгі негізді кальций алюминатынан алюминатты цемент өндіріледі. Есепші –бухгалтер цемент өндіру кезіндегі шикізатқа тоқталады. Оны алу үшін саз балшық пен әктасты күйдіреді. Осы кезде кальций карбонаты кальций оксиді мен көміртек диоксидіне ыдырайды. Ал негіздік оксид сазбен әрекеттесіп силикат пен кальций алюминатын түзеді. Al2O3 • 2SiO2 •2Н2О = Al2O3•2SiO2+ 2Н2О↑ СаСО3 = СаО + СО2↑ СаО + SiO2 = СаSiО3 СaO • Al2O3•SiO2 Арнаулы зауыттарда минералды шикізатты ұсату,араластыру, майдалау, күйдіру арқылы цементтікклинкер алынады. Цементтің сапасы маркаменсипатталады. Оның 200, 300,400,500 және 600 дегенмаркалары бар. Сонымен бірге цементтің тез бірігуімен қатаюы, майдалығы, т.б. белгілі бір стандартқасейкес болуы шарт. Цемент құрылыста біртұтас жәнеқұрама бетон мен темір-бетон дайындаудапайдаланылады Оқушылар әр өндіріске қатысты сұрақтар қояды..Екі топ қорғап болғаннан кейін инженер технолог,есепші-бухгалтердің жұмыстарын бағалайды

Жетекші оқушылардың аты-жөндері жазылған тақтаға түрлі-түсті жетондар жабыстырылады. Жасыл түс-өте жақсы Сары түс— жақсы Қызыл түс— қанағаттанарлық. Сабақтың келесі этапында жеке тапсырмалар және жалпы (оқушылардың сұрақтары бойынша)сұрақтар болады.

Концептуалды кестені толтыру

Силикат өндірісі нің салалары

шикізат

Химия лық реакция теңдеу лері

Өнім түрі

Қолдану аймағы

Шыны өндірісі

Цемент өндірісі

Есеп Кәдімгі шынының құрамында 13% натрий оксиді, 11,7% кальций оксиді және 75,3% кремний (ІҮ) оксиді болады. Осы берілгендерге сүйене отырып, шынының құрамын өрнектеңіздер.

Үйге жеке тапсырмалар беріледі.

https://www.youtube.com/watch?v=5f6VTF0HIi4

https://www.youtube.com/watch?v=IqMKHcYSyTE Қосымша 1

мәтін

А3қағаздары, фломастерлер, карандаштар, мәтін

Қосымша 2

Коллекция шыны

Қосымша 3

Дұрыс не бұрыс

Сабақтың соңы

36-40 мин

Рефлексия:

Қолдарындағы түсті қағаздарды көтереді.

Қызыл – Маған сабақ ұнамады, уақытым текке кетті.

Сары – Сабақ өз деңгейінде өтті, бірақ мен әлі де өз білімімді көрсетуім керек еді.

Жасыл – Сабақ жақсы өтті, өз білімімді көрсеттім, білгенім мен үйренгенім көп.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?