Алкогольдің адам ағзасына әсері. Химия, 10 сынып, презентация.


Заттарды не біріктіреді?

Құрамында этил спирті бар

пайдалы

Зиян

неге?

Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болады?

10.4.2.30 спирттердің адам ағзасына уытты әсерін зерделеу

Алкогольдің адам ағзасына әсері

Бағалау критерийі:

Тәжірибе нәтижесінде әр түрлі заттарға спирттердің әсер етуін бақылайды және соның нәтижесі негізінде адам ағзасына уытты әсерін болжап, түсінеді

Дескрипторлар:

этанолдың суда ерігіштік және онда басқа заттардың ерігіштік қасиеттері негізінде алкогольдің қанға сіңу ерекшелігін анықтайды

ақуыз денатурациясы нәтижесінде алкогольдің жоғары концентрациясы ағзаға түскенде, ағза жасушалары қандай өзгеріске ұшырайтынын анықтайды

алкотестердің нәтижесі неліктен жасыл түс көрсететінін анықтайды

спирттердің адам ағзасына уытты әсерін ажыратады

этанол

Суда ерігіштігі

Иісі

Түсі

Агрегаттық күйі

Спирт

Эксперимент 1

Этанолдың суда ерігіштігі

Мақсаты: этанолдың физикалық қасиеттерін зерттеу

Жұмыс барысы: Сынауыққа 1 мл су және сондай көлемде этанолды құйыңдар.

Эксперимент 2

Этанол – еріткіш

Мақсаты: этанолдың еріткіш қасиетін анықтау.

Құралдар мен реактивтер: 3 сынауық, этил спирті, су, сұйық май, дәрі және тағамдық бояғыш.

Жұмыс барысы: бірінші сынауыққа 1 мл су, екіншісіне – 1 мл этанол құйыңдар. Әр сынауыққа сұйық майды құйыңдар. Осы тәжірибені басқа заттар үшін қайталаңдар.

Спирттің жасушаға әсері

спирт

молекуласы

жасуша

май қабаты

хромосомалар

ядро

https://www.youtube.com/watch?v=ntG29HXwVFM

Эксперимент 3

Этанолдың әсерінен ақуыздың денатурациясы

Мақсаты: ақуыздың құрылысына этанолдың әсерін зерттеу.

Құралдар мен реактивтер: сынауықтар, әр түрлі концентрациялы этил спиртінің ерітіндісі, су, ақуыз.

Жұмыс барысы: сынауықтарға 1 мл ақуыздан құйыңдар. Бірінші сынауыққа 3 мл су, екіншісіне – 1% спирт ерітіндісін, үшіншісіне – 10%, төртіншісіне – 40% және бесіншісіне – 80-90% спирт ерітінділерін құйыңдар.

Эксперимент 4

Калий дихроматымен этанолдың тотығуы

Мақсаты: тәжірибе негізінде алкотестердің қалай жұмыс істейтінін анықтау және этанолдың ағзадағы өзгерісін сипаттау

Құралдар мен реактивтер: сынауықтар, этил спирті, калий дихроматы, күкірт қышқылы.

Жұмыс барысы: сынауыққа 3 мл этанол және 2 мл калий дихроматы ерітіндісін, 1 мл күкірт қышқылын құйыңдар.

Бауырдағы өзгерістер

спирттің 90% бауырда шоғырланады, соның әсерінен бауырдың клеткалары өледі, өттің бөлінуі нашарлайды.

!!!

20-40 граммнан артық спиртті қолданудан бауырда сірке альдегиді түзіледі. Спирттің метаболиті алкогольдің өзінен 30 есе улы.

СІРКЕ ҚЫШҚЫЛЫ

АЦЕТАЛЬДЕГИД

ЭТАНОЛ

+ CuO = HOH+ Cu +

Эксперимент 5

Мыс сымымен этанолдың тотығуы

Мақсаты: этанолдың альдегидке дейін тотығатынын дәлелдеу.

Құралдар мен реактивтер: сынауық, этил спирті, спирт шамы, мыс сымы.

Жұмыс барысы: Мыс сымын жалынға қара түске дейін қыздырып, сынауықтағы этанолға салыңдар. Тәжірибені 2-3 рет қайталаңдар.

СПИРТ МЕТАБОЛИТІ

БАУЫРДЫҢ ЗАҚЫМДАНУЫ

БАУЫР ЦИРРОЗЫ

ЭМБРИОН МУТАЦИЯСЫ

Бейнекөріністі көріп және эксперимент нәтижесін ескере отырып, алкогольдің ағзаға тигізетін әсерін сынып форматында талқылаңдар

Дескриптор:

- спирттердің адам ағзасына уытты әсерін ажыратады

талқылау барысында кілтті сөздерді тиімді қолданады

Үйге тапсырма:

«Тірі ағзаның әртүрлі деңгейлеріне этанолдың уытты әсері»

кестені толтырыңдар:

Синквеин

5 жолдық тақпақ құрастыру

1 – бір зат есім

2 – заттың сипаттамасы (екі сын есім)

3 – іс-әрекеттің сипаттамасы (үш етістк)

4 – тақырыпқа сәйкес сөз тіркесі

5 – тақырыпты қорытындылайтын синоним

http://xn--i1abbnckbmcl9fb.xn--p1ai/%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%82%D1%8C%D0%B8/589795/

Ресуртар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?