Алкогольдің адам ағзасына әсері. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


10.3 D Спирттер

Сыныбы: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:

Алкогольдің адам ағзасына әсері

Оқу мақсаты:

10.4.2.30 спирттердің адам ағзасына уытты әсерін зерделеу

Сабақтың мақсаты

Эксперимент арқылы спирттердің қасиеттерін зерттей отырып, қасиеті негізінде алкогольдің ағзаға әсеріне анализ жасайды және алкогольдің өте зиян екенін дәлелдеу

Тілдік мақсат:

Оқушылар:

- Тақырып бойынша терминдер мен сөз тіркестерін сабақтың барысында қолданады. Сөйлеу, тыңдау, жазу дағдыларын дамыту.

Пәнге қатысты лексика мен терминология: спирт, метил спирті, метанол, этанол, тотығу, альдегид, улы, денатурация, алкотестер.

Бағалау критерийі

- Тәжірибе нәтижесінде әр түрлі заттарға спирттердің әсер етуін бақылайды және соның нәтижесі негізінде адам ағзасына уытты әсерін болжап, түсінеді

Дескрипторлар

  • этанолдың суда ерігіштік және онда басқа заттардың ерігіштік қасиеттері негізінде алкогольдің қанға сіңу ерекшелігін анықтайды
  • ақуыз денатурациясы нәтижесінде алкогольдің жоғары концентрациясы ағзаға түскенде, ағза жасушалары қандай өзгеріске ұшырайтынын анықтайды
  • алкотестердің нәтижесі неліктен жасыл түс көрсететінін анықтайды
  • спирттердің адам ағзасына уытты әсерін ажыратады
  • талқылау барысында кілтті сөздерді тиімді қолданады

Құндылықтармен байланыс

Сабақта топтық жұмыс істеу және нәтижелерді басқа оқушылармен ақылдасуды жүргізу арқылы талқылау өзге пікірді құрметтеу мен коммуникативті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.

Оқушылар бақылауының негізінде жатқан қағидаттарды түсіндіруде сыни тұрғыдан ойлау қасиетінің көптеген мүмкіндіктері бар.

Алдыңғы білім

 

10.2A Органикалық химияға кіріспе

10.3В Алкендер

Биологиядан алған білімдері.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы

1-4 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Тапсырма №1

Оқушылар слайдта берлген суреттер бойынша алкогольдің пайдасы мен зиянын сипаттайды.

Сабақтың мақсаты мен тақырыбы нақтыланады.

Бағалау критерийі:

Тәжірибе нәтижесінде әр түрлі заттарға спирттердің әсер етуін бақылайды және соның нәтижесі негізінде адам ағзасына уытты әсерін болжап, түсінеді

Дескрипторлары түсіндіріледі

Слайд 1-4

Ортасы

05-25 мин

26-28 мин

29-37 мин

Тапсырма №2 Эксперименттік тәжірибе орындалады. Топтық жұмыс.

(5-13 слайдтағы ақпаратты қолдана отырып, оқушыларда туындаған сұрақтарға жауап береді)

Экспериментальді бөлім.

Қауіпсіздік ережесін қайталау:

  • Заттардың мөлшерін нұсқаулықта көрсетілгендей алу қажет.
  • Спирт шамды тек шырпымен ғана жағу керек, сөндіргенде қалпақшаны пайдаланады.
  • Қызыдырылатын затты жалынның үшінші бөлігінде ұстау

Эксперимент 1. Этанолдың суда ерігіштігі

Мақсаты: этанолдың физикалық қасиеттерін зерттеуЖұмыс барысы: Сынауыққа 1 мл су және сондай көлемде этанолды құйыңдар.

Эксперимент 2. Этанол – еріткіш.

Мақсаты: этанолдың еріткіш қасиетін анықтау.

Құралдар мен реактивтер: 3 сынауық, этил спирті, су, сұйық май, дәрі және тағамдық бояғыш.

Жұмыс барысы: бірінші сынауыққа 1 мл су, екіншісіне – 1 мл этанол құйыңдар. Әр сынауыққа сұйық майды құйыңдар. Осы тәжірибені басқа заттар үшін қайталаңдар.

Еріткіш

Май

Дәрі

Бояғыш зат

Этанол

Су

Эксперимент 3. Этанолдың әсерінен ақуыздың денатурациясы.

Мақсаты: ақуыздың құрылысына этанолдың әсерін зерттеу.

Құралдар мен реактивтер: сынауықтар, әр түрлі концентрациялы этил спиртінің ерітіндісі, су, ақуыз.

Жұмыс барысы: сынауықтарға 1 мл ақуыздан құйыңдар. Бірінші сынауыққа 3 мл су, екіншісіне – 1% спирт ерітіндісін, үшіншісіне – 10%, төртіншісіне – 40% және бесіншісіне – 80-90% спирт ерітінділерін құйыңдар.

Эксперимент 4. Калий дихроматымен этанолдың тотығуы.

Мақсаты: тәжірибе негізінде алкотестердің қалай жұмыс істейтінін анықтау және этанолдың ағзадағы өзгерісін сипаттау

Құралдар мен реактивтер: сынауықтар, этил спирті, калий дихроматы, күкірт қышқылы.

Жұмыс барысы: сынауыққа 3 мл этанол және 2 мл калий дихроматы ерітіндісін, 1 мл күкірт қышқылын құйыңдар.

Эксперимент 5. Мыс сымымен этанолдың тотығуы.

Мақсаты: этанолдың альдегидке дейін тотығатынын дәлелдеу.

Құралдар мен реактивтер: сынауық, этил спирті, спирт шамы, мыс сымы.

Жұмыс барысы: Мыс сымын жалынға қара түске дейін қыздырып, сынауықтағы этанолға салыңдар. Тәжірибені 2-3 рет қайталаңдар.

Тапсырма №3

Тәжірибе рефлексиясы

Тәжірибе барысындағы туындаған қиыншылықтар мен жақсы сәттерді талдау

Топ аралық бағалау

Тапсырма №4

Бейнекөріністі көріп және эксперимент нәтижесін ескере отырып, алкогольдің ағзаға тигізетін әсерін сынып форматында талқылаңыздар

Дескриптор:

- спирттердің адам ағзасына уытты әсерін ажыратады

- талқылау барысында кілтті сөздерді тиімді қолданады

Топ аралық бағалау

Слайд 5-13

Таратпа материалдар

Слайд 14

Соңы

38-40 мин

Үйге тапсырма:

Кестені толтырыңдар: «Тірі ағзаның әртүрлі деңгейлеріне этанолдың уытты әсері»

Рефлексия

5 жолдық тақпақ құрастыру

1 – бір зат есім

2 – заттың сипаттамасы (екі сын есім)

3 – іс-әрекеттің сипаттамасы (үш етістк)

4 – тақырыпқа сәйкес сөз тіркесі

5 – тақырыпты қорытындылайтын синоним

Слайд 15-16

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ

Құндылықтармен

байланыс

Жұптағы және топтағы жұмысты дұрыс ұйымдастырады

-Қалыптастырушы бағалау бағалау критерийіне, дескрипторға сай

-топ аралық бағалау

топтағы жұмыс барысында бір-бірін құрметтеу, адалдық, жауапкершілік

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:

W = сыныппен жұмыс P = жұптық жұмыс E = оқушы эксперименті

G = топтық жұмыс I = жеке жұмыс D = мұғалім көрсетілімі

f = бағалау  = қауіпсіздік техникасы бойынша кеңестер



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?