Мыс пен мырыш, олардың маңызды қосылыстары. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3С d-элементтері және олардың қосылыстары

Мектеп: "Көкшетау ФМБ НЗМ"

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Абильмажинова Т.Т.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мыс пен мырыш, олардың маңызды қосылыстары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.1.25 Мыс пен мырыштың қасиеттері, қолданылуы, қосылыстары

10.2.1.26 Мыс пен мырыш иондарына сапалық реакция

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Мыс пен мырыштың қасиеттерін сипаттай алады
  • Олардың қосылыстарын анықтай алады
  • Құймаларының қолданылуын сипаттай алады

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Мыс пен мырыш және жай заттар қатысқан реакция теңдеулерін жазып, теңестіре алады
  • Мыс пен мырыш және күрделі заттар қатысқан реакцияның өнімдерін болжай алады
  • Мыс пен мырыштың сапалық реакцияларын түсіндіре алады

Кейбір оқушылар:

  • Мыс пен мырыш және күрделі заттар қатысқан реакцияның өнімдерін өнімдерін анықтап, жартылай реакция әдісі бойынша теңестіре алады
  • Мыс пен мырыштың қасиеттерін негізге ала тұра, қолданылу болашағын ұсына алады

Жетістік критерийлері

  • Қосылыстағы мыс немесе мырыштың пайыздық мөлшерін есептеп таба алады
  • Мыс пен мырыштың физикалық қасиеттерін айыра алса, оған сәйкес қолданысын ұсына алса
  • Мыс пен мырыштың құймаларының негізгі қасиеттері мен артықшылықтарын білсе
  • Периодттық кестені қолданып, мыс пен мырыштың химиялық және физикалық қасиеттерін сипаттай алса
  • Мыс пен мырыш қатысқан химиялық реакциялардың өнімдерін, өту шарттарын сипаттай алса
  • Мыс пен мырыштың сапалық реакцияларын түсіндіре алса

 Тілдік мақсаттар

 

Терминология: d-электронды бұлты, халькопирит, халькозин, малахит, азурит, куприт, пирометаллургия, гидрометаллургия, амфотерлік, екідайлы

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: мыс гидроксиді ... ериді , мырыш гидроксиді ... артық мөлшерінде ериді, концентрлі азот қышқылы мыспен әрекеттесіп, ... түзеді, сұйытылған күкірт қышқылымен мырыш ... түзеді

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Нақтылық, тазалық, ұқыптылық, жан-жақтылық, патриотизм

 Пәнаралық байланыстар

География – пайдалы қазбалардың орналасуы

Биология – мыс пен мырыштың адам денесіндегі маңызы

Экология – мыс пен мырышты алғанда, экологияға қауіптілігі

Физика – мыс пен мырыштың физикалық қасиеттері

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация, интерактивті тақта

Бастапқы білім

10.2.1.24 d-элементтерінің периодты кестеде орналасуы

10.2.1.7 Қазақстандағы көздері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

5 минут

Стартер: оқушыларды 4 топқа бөліп, әр топқа екі кеннен (біреуінде мыс бар, екіншісінде - мырыш). Тапсырманың мақсаты: кендегі мыс пен мырыштың пайыздық мөлшерлерін анықтау. Топтар бір бірімен шыққан мәндерді салыстырып, қай кеннен, қай металды алған ыңғайлы болатынын табу керек. Сөйтіп, сабақ тақырыбы мыс пен мырыш екендігіне, сатылап жетуге болады.

1 топ: халькопирит (CuFeS2 - 34.5%), цинкит (ZnO-80.2%)

2 топ: халькозин (Cu2S-79.8%), смитсонит (ZnCO3-52%)

3 топ: ковелин (CuS-66.5% ), вилленит (Zn2SiO4-58.5%)

4 топ: куприт (Cu2O-88.8%), франклинит (ZnFe2O4-26.97%)

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқушылармен бірге анықтау

Презентация

Слайд № 2-5

5 минут

Мыс пен мырыштың физикалық қасиеттерін мәтін ретінде беру: балқу және қайнау температурасы, беріктілігі, түсі, электр, жылу өткізгіштігі, кездесетін қазбалары. Оқушылар жұптасып, кестені мәтіндегі мәліметтерді қолданып толтырады. Топтар, бірін-бірі тексереді (Кестеде басқа металлдардың қасиеттерін беруге болады, мысалы, күміс: мыс күмістен кейінгі электр тоғын жақсы өткізетін металл)

Талқылау сұрақтары:

Екі металдың қасиеттерін салыстырыңдар.

Мыс пен мырышты қайда қолдануға болады?

Мыстың электр өткізгіштік қасиетін негізге алып, оның қолданылу аймағын сипаттаңдар.

Мәтін -1,

Жұмыс парағы – 1 тапсырма

5 минут

Мыс пен мырыштың құймалары және олардың қолданылуын қарастыру.

Негізгі құймаларын көрсетіп, құйманың таза металмен салыстырғандағы артықшылықтарына (қасиеттеріне) оқушылардың назарын аударту

Презентация

слайдтар № 6-11

5 минут

Мыс пен мырыштың периодтық жүйеде орналасуына қарап, оқушылармен, мүмкін болатын тотығу дәрежелерін болжап, кестені толтыру

Тапсырма бойынша сұрақтар:

  • Периодтық кестедегі элементтердің орнын анықтандар
  • Мүмкін болатын тотығу дәрежелерін көрсетіндер
  • Кристалдық торлары мен химиялық байланысын көрсетіндер
  • Химиялық реакциядағы рөлдері: тотықтырғыш, не тотықсыздандырғыш

Жұмыс парағы – 2 тапсырма

Презентация – слайд №12

7 минут

Оқушыларды шағын топтарға бөліп, мыс пен мырыштың химиялық қасиеттеріне сәйкес реакция теңдеулерін (жай заттармен, күрделі заттармен) жазып, теңестіру тапсырмаларын ұсыну.

Оқушыларға көмекші құралдарды беріп, қолдау көрсетуге болады

Ең алдымен оқушыларға реакция өнімдерін жаздыртуға мүмкіндік беріп, содан кейін презентация көмегімен дұрыс нұсқасын ұсыну. Оқушылар өздерін өздері тексереді

Жұмыс парағы – Тапсырма №3

Жауаптары презентацияда:

слайд №13-17

7 минут

№ 8 Лабораториялық жұмыс «Cu+2 пен Zn+2 иондарына сапалық реакцияларды қарастыру»

Жұмыс тәртібі: Бір пробиркаға 4-5мл CuSO4 ерітіндісі, ал екіншісіне ZnSO4 ерітіндісін құйып, түстерін қарау. Содан сон, 4-5 мл NaOH ерітіндісін құйып, өзгерістерді бақылап, кестеге толтыру

Содан сон, мыс пен мырыштың екі валентті тұздарын алып, Бунзен шамында қыздыру. Бунзен шамында жалынның түсінің өзгеруін бақылап, кестеге толтыру

Жұмыс парағы

CuSO4 ерітіндісі, ZnSO4 ерітіндісі, NaOH ерітіндісі, Cu+2 пен Zn+2 тұздары, пробиркалар, Бунзен отын шамы

3 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

«Шығуға билет» стратегиясы бойынша: әр оқушылар тапсырмаларды орындап, сабақта қандай жаңа мәлімет алғандығын айтады

Шығуға билет (ticket to exit)

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау тапсырмалардың қарапайымнан күрделіге қарай өзгеруіне негізделген.

Кейбір оқушыларға жеке қолдау көрсетіледі, ал санаулы оқушылар өз шешімдерін ұсынады

Сабақтың басында металдардың массалық үлестерін есептеу біліктері бағаланады.

Құйма және олардың қолданылуы туралы білімдерінің деңгейлері бағаланады.

Металдардың химиялық қасиеттеріне сәйкес реакция теңдеулерін жазу біліктері бағаланады

Бірі-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау түрлері қолданылады

Сергіту белсенді оқыту әдістері арқылы жүзеге асырылады

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің

Мыстың тұздарының ағза зияндылығы ескертіледу, сілтімен жұмыс ережелері, қыздыру ережелері

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?