Мыс, мырыш және олардың маңызды қосылыстары №9 Зертханалық жұмыс «Мыс және мырыш иондарына сапалық реакциялар». Химия, 10 сынып, қосымша материал.


Мыс. Ағзадағы мөлшері. Адам ағзасындағы орташа мөлшері 75-150мг, 50% шамасы бұлшық ет және сүйекте болады. Көп мөлшері бауыр, мида, жүрек және бүйректе болады. 

Тағамның құрамында кездеседі: бауыр, теңіз өнімдері, қарақұмық, жаңғақ. Сүт өнімдерінде мыстың мөлшері өте төмен. 

Тәуліктік мөлшері: 80 мкг/кг балалар үшін, 40 мкг/кг жасы үлкен балалар үшін, 30 мкг/кг ересектер үшін. 

Алмасуы. Мыс ішектің жоғарғы бөлігінде, кейбір бөліктер асқазанда альфа амино қышқылдар және арнайы тасымалдаушы белоктардың қатысуымен сіңіріледі. Сульфидтің әсерінен мыстың сіңірілуі төмендейді, олармен ерімейтін тұз түзеді. 

Табиғатта таралуы. Мыс табиғатта таза және қосылыс түрінде кездеседі. Мыстың өндірісте қажеттілігі халькопирит CuFeS2 немесе мыс колчеданы халькозин Cu2S және борнит Cu5FeS4 сияқты түрінде қолданылады. Сонымен бірге мыстың басқа да минералдары ковеллин CuS, куприт Cu2O, азурит Cu3(CO3)2(OH)2, малахит Cu2CO3(OH)2 түрінде кездеседі. Мыс кейде таза түрінде де кездеседі. Кейбір жерлерде 400 тоннаға дейін анықталған. Мыс сульфиттері негізінен орташа температураны гидротермальды жерлерде пайда болады. Мыстың кейбір бөліктері құмтөбелермен шөлдерде кездеседі. Бұндай жерлер Ресейде, Қазақстанның Жезқазғанында, Орталық Африканың мыс белдеуінде, Германияның Мансфельд кен орнында бар. Мыс рудасы көбіне ашық әдіспен өндіріледі. Ал рудадағы мыстың мөлшері 0,3-1% ға дейін құрайды. 

Мырыш. Ол адам және жануарлар қорегіндегі басты эссенциальды микроэлемент болып табылады. Адам ағзасындағы құрамы. Адам ағзасында цинк мөлшері 2-3 г, оның 60 % сүйек бұлшық еттерінде кездеседі. Ер адамда 15 мг мырыш қалқанша безінде болады. 

Тағам көзі: бауыр, какао, ет, құс, сыр, креветкаларда, грек жаңғағы, балық. Тәуліктік қажеттілігі: 10-22 мг, жүктілерде -10-30 мг, емізетін аналарда-13-54 мг. 

Алмасуы: мырыштың тағамнан сіңірілуі 50% құрамды, белоктық диета мырыштың сіңірілуін күшейтеді, ал фосфат немесе кальцийдің мөлшері керісінше төмендетеді, кальций фитин қышқылы кездескенде мырышты сіңірмейді, фитин қышқылы кальций және мырыш ионымен ерімейтін комплекс түзеді. 

 Таралуы. Мырыш тұздарының маңыздылары: ZnS, ZnCl2, ZnSO4, ZnCO3 Мырыш сульфиді ZnS – түссіз кристалл, суда ерімейді, қышқылдар әсерінен ыдырайды, литопон деген ақ бояу құрамына кіреді. Табиғатта сфалерит (мырыш алдамышы) және вюрцит минералдары түрінде кездеседі. Смитсонит (ағылшын минерологы Дж.Смитсонның құрметіне аталған), мырыш шпаты — карбонаттар класының минералы. Химиялық формуласы: ZnCO3, құрамында ZnO — 64,9%, CO2 — 35,1%; қоспалары: Fe, Mn, Cd, Mg, Pb. Агрегаттары түйірлі немесе топырақ тәрізді масса, іркінді түрінде болады. Түсі ақ, сарғыш, сұр, қоңыр; шыныдай жылтыр. Сфалерит (грек. sphaleros – алдамшы), мырыш алдамшысы – сульфидтер класына жататын минерал. Химиялық формуласы: ZnS, құрамында Zn – 67,1%, S – 32,9%. Агрегаттары түйірлі, қабыршақ, ұнтақ. Сфалерит – түссіз, ақ, қоспаларына байланысты қара, қызыл қоңыр, жасыл, қызғылт, сарғылт түске өзгереді. Қазақстанда Кенді Алтай, Сарыарқа, Қаратау, Жетісу Алатауының полиметалл, мыс кендерінде кездеседі. Алынуы мен қолданылуын, сапалық реакцияларын слайд арқылы көрсетіп, мысалдар келтірді. Мыстан және мырыштан жасалынған заттардың суреттерін көрсетті. 

Биологиялық рөлі. Мыс жоғарғы санатты өсімдіктер мен жануарларға қажетті элементтің бірі болып табылады. Ішекте сіңірілген мыс бауырға альбуминнің көмегімен тасымалданады. Сонымен қатар мыс өте көп мөлшерде ферменттердің құрамында бар. Мысалы цитохром-с-оксидазада. Мыс пен мырышы бар супероксид дисмут ферментінде және деоттегін тасымалдайтын гемоцианин белогында бар. Малюскалар мен көпаяқтыларда мыс темірдің орнына оттегіні тасымалдайды. Мыс пен мырыш асқазан жолдарындағы өңделу кезінде бірімен-бірі бәсекелес деп болжанады. Сондықтан екеуінің біреуі ас құрамында көп болса екіншісінің азаюына алып келеді. Дені сау адамға күніне 0,9 мг мыс қажет. Мырыш қазір кезде 200-ден астам ферменттерде табылып отыр. Мырыш белок синтезінде және нуклеин қышқылдардың синтезінде үлкен роль атқарады. Мырыштың тағам құрамындағы мөлшерінің жетіспеушілігі және болмауы: арнайы микроэлементтердің дамуына әкеледі, ол бой өсуінің төмендеуі сүйек оссификациясының бұзылуы терінің патологиялық өзгерісіне әкеледі. Мырыштың жетіспеушілігі тері беткейінде көрініс береді , бой өсуінің төмендеуі және балаларда жыныстық жетілудің төмендеуі, жүйке жүйесінің ақаулары байқалады. Мырыштың жетіспеушілігі ағзада қауіпті мөлшерде кадмий және қорғасынның жинақталуына әкеледі 

 

 

КАТИОНДАРҒА САПАЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАР

Катион

Реактив немесе әрекеттесу

Бақыланатын реакция

Са2+

жалын

CO32-

Қызыл қоңыр бояу

Ақ тұнба CaCO3

Ва2+

жалын


S042-

Сары жасыл бояу

Қышқылдарда ерімейтін ақ тұнба түзу:

Ва2+ + S042- = BaS04

Сu2+

OH-

Көгілдірір кілдек тұнба Cu(OH)2

Рb2+

S2-

Қара түсті түнба түсу:

Pb2+ + S2- PbS↓

Аg+

Cl-

HNO3–те ерімейтін, бірақ концентрлі NH3 • Н20 еритін

ақ түсті тұнба:


Аg+ +Cl= AgCl ↓

Fe2+

OH-

Күңгірт жасыл түсті тұнба Fe(OH)2

Fe3+

OH-

Қара-қоңыр түсті тұнба

Fe(OH)3

Al3+

OH-

Ақ тұнба Al(OH)3

Zn2+

OH-

Ақ тұнба Zn(OH)2

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?