Галогендердің қолданылуы. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4C 17 топ элементтері | Мектеп: ФМН НЗМ Орал қаласы | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Галогендердің қолданылуы | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.2.1.8 Хлорды су зарарсыздандыруда қолдануды түсіндіру,осы процестің артықшылығы мен кемшілігін білу. 10.2.1.9 Галогендердің және оның қосылыстарының физиологиялық ролін анықтау. | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары | - Периодтық жүйедегі галогендердің орнына байланысты, хлор мен йодты VІІА топша элементтері ретінде сипаттау; - Оқушыларды хлор мен йодтың физикалық, химиялық қасиеттерімен, маңызды қосылыстарымен, олардың қолданылуымен таныстыру; - Оқушыларды өз ойларын еркін айта білуге дағдыландыру; - Оқу үрдісінде топтық тапсырмалар беру арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру. | ||||||||||||
Бағалау критерийлері | - Жаңа тақырыпты өз бетінше меңгереді; -Тақырып бойынша есептер шығара алады; -Алған білімдерін іс жүзінде қолдана алады. | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар сабақ барысында қолданылатын терминдер мен сөз тіркестері:фтор, иод, тіс пастасы, Тіс пастасының құрамында.................................................... осы терминдерді тапсырмаларды орындау мен сөйлегенде қолдану қажеттілігі айтылады. | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Сабақ барысында мектеп құндылықтары жүйелі түрде енгізіледі. Ол сабақтың ажырамас бөлігі болып саналады. Мысалы: Ашықтық. Оқушылар үшін ақпарат көзі ашық болып табылады. Олар өздерінің білгендерін өзге құрбыларымен де бөлісіп отырады. Ынтымақтастық. Сабақ барысында жекелей немесе жұп болып жұмыс жасағанда, сабақтың басталуынан бастап ынтымақтастық ортасын құру талап етіледі. Өмір бойы білім алу. Оқушыларға бүгін салатын білімнің алдағы сыныптарда өтетін оқу материалдарына іргетас болып қаланатының, кейбір ұғымдардың ұысұаша ғана айтылып таныстырылып өтілетіні, алдағы сыныптарда кеңінен қолданылатыны айтылады. Сабақ барысында тек осы жоғарыдағы құндылықтар ғана емес, сонымен қатар мектебіміздің басқа да құндылықтары қажет болып, ұрымтал тұсы келгеніне байланысты кіріктіріліп барылады. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Бұл сабақта физика пәнімен пәнаралық байланыс орын алады. Сонымен бір қатарда химиядан алдыңғы уақыттарда өтілетін тарауларына, химияның жаңа салаларына кіріспелер жасалады. Тотығу-тотықсыздану реакциялары туралы алғашқы ұғымдар беріледі. | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | ||||||||||||
Бастапқы білім | Бөлшектер теориясы (6.4B) Атом құрылысы (6.4C, 7.1A) Зат күйінің өзгерісі (7.1C) Химиялық реакциялар мысалдары (7.2C) Атомдардағы электрондардың қозғалысы (8.2A) Формулалар және химиялық реакциялар (8.3A) Қосылыстардың құрылымдары (9.1B) Химиялық реакция мысалдары 2 (9.1C) | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 1-2 минут | Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру. | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 3-12-минут 12-17 18-30
30-40 41-45
46-60 51-60 61-77 | Өткен тақырып бойынша қайталау. Жаңа сабақтың оқу мақсаты, бағалау критерийлері айтылады. Тапсырма сипаты №1 Бейне көрсетілім Мұғалім іс –әрекеті: Оқушыларға бейне көрсетілім көрсетеді, көргендерін бақылап, дәптерге түсіріп отыруларын сұрайды.. Оқушыларды бақылайды, бағыт береді, бағалайды Тапсырма сипаты: Галогендердің адам ағзасына әсері. Топтық жұмыс Мұғалім іс – әрекеті: Нұсқаулық береді, оқушыларды бақылайды., керек жерінде түсіндіреді. Топтарға бір сұрақ, бір есептен беріледі. Оқушылар өз беттерімен есептер шығарады, білімдерін шыңдайды, қасындағы оқушыларға түсіндіреді Оқушы іс –әрекеті: «Айналмалы бекет» әдісі арқылы оқушылар тақырыпты өздері дәлелдеп түсіндіреді .Әр топ өздеріне берілген тақырыпшаларға дайындалады. Әр топтан бір оқушы қалады. Қалған топ мүшелері айналып, келесі топқа барады. Әр топтан қалған оқушы берілген тапсырманы келген топқа түсіндіреді 1-топ. Фтор 2-топ. Хлор 3-топ. Йод Бағалау: Оқушы- оқушы Жеке тапсырма. Тапсырма сипаты: Елімізде йод жетіспеушілігіне қарсы қандай шаралар іске асырылуда? жерінде түсіндіреді. Оқушы іс –әрекеті: Оқушылар жаңа тақырып бойынша өз ойларын айтады №1 Тапсырма сипаты : жеке Хлор Хлорды су зарарсыздандыруда қолдануды түсіндіру, процестің артықшылығы мен кемшілігін білу. Мұғалім іс –әрекеті: Оқушыларға ақпараттық мәтін таратылады. Мәтін бойынша сұрақтар беріледі. Жауа берген оқушыларға кілт беріледі Оқушы іс –әрекеті; Мәтінді оқиды . Сұрақтарға жауап береді. №2 Тапсырма сипаты: Топтық жұмыс Хлормен зарарсызданған судың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы постер қорғайды. Мұғалім іс –әрекеті: Оқушыларға ақпараттық мәтін таратылады. Оқушылардың пікірін тыңдайды. Оқушы іс –әрекеті; Мәтінді оқиды . Артықшылықтарын және кемшіліктерін саралайды. Бағалау: мұғалім - оқушы Ой толғау кезеңі №3 тапсырма Оқушылар қалалық ауыз суын хлорлау схемасын құрады. Бүгінгі өткен жаңа тақырып сіз үшін пайдалы ма, өмірде маңызы бар деп ойлайсыз ба?
Сабақ барысында қандай тапсырма ұнады, қызықты болды?
Сабақ барысында қандай тапсырма ұнамады, қызықсыз болды? Сабақ барысында бұрын естімеген жаңа ақпарат, қызықты фактілер | Химиялық қасиеті: | |||||||||||
Сабақтың соңы 78-80 минут | Оқушыларды бағалауда олардың сабаққа қатысуы, берілген зжұмыстың мақсатын дұрыс түсінуі мен орындау барысындағы іс-әрекеттері және сабақ соңында алынатын бағалау критерийлері негізге алынады. | ||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Барлық оқушылар: Галидтердің қосылыстарының не екенің біледі және оларға нақты мысалдар келтіріп, аттарын атай алады. Көптеген оқушылар: негізгі мақсатын түсініп, галоген қосылыстарының практикалық маңызын түсінеді. Кейбір оқушылар:Атқарылған іс-әрекеттердің мағынасын толық түсінеді. Іс-әрекеттерді толық орындап, өздерінің үйренгендерін өзгелермен бөлісе алады. | Оқушылардың оқу жетістігін бағалау үшін олардың берілген сұрақтар мен тапсырмаларға дұрыс және анық жауап беруі, зертханалық жұмысты сауатты орындауы басты назарда болады. Сондай-ақ олар өз ойларын ашық түрде жеткізе алулары керек. | Денсаулық сақтау технологиялары. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Кері байланыс / Feed Back
Сабақтың соңында оқушыларға бүгінгі белсенді қатысқаны үшін рахмет айтылып, олардан кері байланыс ретінде баспалдақ әдісі бойынша қорытынды жасауы сұралады.
1. Галидті қосылыстар дегеніміз не? Формуласын жазып, атын атап, бір-екі мысал келтіріңіз.
______________________________________________________________ ______________________________________________________________
______________________________________________________________
2. Зертханалық жұмысты бақылау барысында өзіңіз ойлаған дәрежеде түсіне алдыңыз ба? Түсінсеңіз ең жақсы түсінген жерінен бір үзінді жазыңыз.
______________________________________________________________
3. Сабақты өзіңіз ойлағандай қызықты өткізу үшін қандай ұсыныс айтар едіңіз?
______________________________________________________________
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?