Галогендердің қолданылуы. Химия, 10 сынып, қосымша материал 1.


Ақпараттық мәтін

 

Полимер алу. Хлор полимерлер алу үшін қолданылады. Поливинилхлорид деп аталатын полимерден пластикалы терезе жақтаулары, линолиум, пластмасса бұйымдары, пенопластар, ойыншықтар, құрылыс материалдары, жасанды тері, су өткізбейтін плащтар мен аяқ киімдер,  кабель сымдарын  оқшаулағыштар жасайды. №7 слайд

Мата мен қағазды ағарту.  Хлордың ағартқыш қасиеті бар екені 1795 жылы-ақ

белгілі болған. Бірақ затты ағартатын хлор емес,  реакция кезінде түзілетін хлорлылау қышқылы ыдырағанда бөлінетін оттек атомы ағартады.

Cl2 + H2O → HCl + HClO → 2HCl + O.  Мата, қағаз, картондарды ағартудың  бұл тәсілі  бірнеше ғасырдан бері қолданып келеді. №8 слайд

Ауыз суды залалсыздандыру. Сұйық хлорды ең алғаш Нью-Йорк қаласының су жүйесін тазалау үшін 1895 жылы қолданған. 100 л суға  200 мг хлор қажет.  №9 слайд

Химия өндірісінде тұз қышқылын, хлор  әгін, бертолле тұзын, йод, бром,  дәрі-дәрмектер алуда; №10 слайд

Металлургияда металл бетін  оксидтерден тазартуда;

Хлордың фреон деп аталатын қосылысы тоңазытқышта салқындатқыш зат ретінде;   Тағам өндірісінде Е925тағамдық қоспасы пайдаланылады. №11 слайд

Бояулар алу, еріткіштер алу, мұнай өнімдерін тазартуда қолданылады.

Хлор әскери улы зат ретінде  (иприт, фосген) қолданылады.

Мыңдаған адамдардың өмірін сақтап қалған құрал. №12 слайд

Бірінші дүниежүзілік соғыста 1915 жылы Германия хлорды тұншықтырғыш улы зат терінде қолданған.  1915 жылдың көктемінде Белгияның Ипр қаласы маңында ағылшындар мен неміс әскері қарама-қарсы келді.  22 сәуір күні таң ертеңгісін ағылшын әскері  неміс окоптары жағынан  сарғыш-жасыл түсті бұлт келе жатқанын байқайды. Бұл хлор газы болатын. Хлор газынан 15000 жауынгер уланып, оның  5000-ы қайтыс болады. Ағылшындар мұндай соғысқа мүлде дайын емес еді. Себебі, олар соғыс ережесі бойынша улы заттарды қолдануға болмайтын ережені екі жақ та сақтайды деген сенімде болған еді.  Бірақ, неміс штабы бұл ережеге бағынған жоқ. Бір айдан соң немістер орыс әскеріне қарсы газды шабуыл жасады. Түнде шығарылған 150 т улы хлордан 9000 адам қайтыс болды. Газды шабуылдан қорғану үшін тез арада қорғаныс құралын табу қажет болды.  1915 жылы орыс ғалымы Н.Д.Зелинский  газтұтқыш ойлап тапты. Бұл аппаратта улағыш газды  сорып алатын белсенді көміртегі салынған.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?