Иондық-электрондық жартылай реакция теңдеулері. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: НЗМ ХББ Қызылорда қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Талканбаева Г.К

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Иондық-электрондық жартылай реакция теңдеулері

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме

10.2.3.2 иондық-электрондық жартылай реакциялар теңдеулерін жазу;

 Сабақтың

 мақсаты

- сулы ерітіндідегі тотығу және тотықсыздану процестерін білу;

- жартылай реакция әдісімен танысу және оның бейорганикалық және органикалық химиядағы қолданылуын білу

-тотығу және тотықсыздану процестерін анықтау және иондық-электрондық жартылай реакциялар теңдеулерін жазу

 Жетістік критерийі

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

-сулы ерітінділердегі тотығу және тотықсыздану процестерін білсе;

- тотығу және тотықсыздану процестерін анықтай алса;

- тотығу – тотықсыздану үрдісіндегі жартылай реакциялар үшін ионды -электрондық теңдеулерді дұрыс жазса.

 Тілдік мақсат

 

Оқушылар орындай алады:

Тотықсыздану және тотығу жөнінде сұрақтар қою және оларға жауап беру, сонымен қатар олардың арасында ауызша/жазбаша салыстырмалар жасау

Құндылықтарды дарыту

Нақтылық, тазалық, ұқыптылық, жан-жақтылық

Пәнаралық

байланыс

Биология: тірі ағзаларда жүретін тотығу-тотықсыздану реакциялары

Бастапқы білім

7.2А Жану реакциясы

8.2А Металдардың белсенділік қатары

8.1А Атомда электрондардың қозғалысы мен таралуы

8.3А Сутек және оттек

9.1C Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары;

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың

басы

5 мин

5 мин

Ұйымдастыру

1. Оқушылардың зейіндерін шоғырландыру

Өткен сабақта тотығу-тотықсыздану реакцияларын электрондық баланс арқылы теңестіруді меңгерген болатынбыз. Өткен сабақты еске түсіру үшін

«Электронды мен – бердім, сен– алдың» ойынын ойнаймыз. (1-қосымша)

2. Жаңа сабақ

Иондық-электрондық жартылай реакция теңдеулерін жазу

1. S+6→S+4 электронды баланс әдісі бойынша теңестіруге болады. Ал, шындығында, ерітіндіде сульфаттардың анионы реакцияға енеді. Нәтижесінде, (мысалы ретінде ықтимал нұсқалардың бірі ретінде), күкірт оксиді (IV) пайда болады. Осылайша, іс жүзінде қолданыстағы бөлшектерді есепке ала отырып, процесті жазу келесідей болады:

SO42-→SO20.

ТТР барысында иондар зарядымен өзгеруімен қатар, олардың құрамы да өзгереді.

Мұндай өзара ауысуда су молекулаларының немесе ерітінді бар болатын сутек (H+) және гидроксид

(OH-) иондар қатысады

Иондық-электрондық әдіс ерітінділерде жүріп өтетін ТТР теңдеуін құрастыру үшін қолданылады.

ТТР әртүрлі: қышқылдық, бейтарап, сілтілік реакция орталарда жүруі мүмкін (ттр ерітінді ортасының әсерін талдау).

2. Презентациядағы (1-слайд бетімен жұмыс) теориялық бөлігін мұқият оқып шығыңыз және электрондық баланс әдісімен салыстырғанда жартылай-иондық баланс әдісінің артықшылығы қандай?

Оқушылар жауаптары: - ерітінді ортасы рөлі туралы айтқан жауаптары ескеріледі;

- ерітіндіде (катиондар мен аниондар) нақты пайдаланылатын бөлшектер қолданылады.

Информация для поддержки:

http://www.chemguide.co.uk/inorganic/redox/equations.html

Сбалансированные уравнения с использованием метода полуреакций:

http://library.kcc.hawaii.edu/external/chemistry/bal_equations_rules.html

Полезная информация:

http://www.chemguide.co.uk/inorganic/redox/oxidnstates.html

Периодическая таблица со степенью окисления:

http://www.thecatalyst.org/oxnotabl.html

Хорошая анимация, которая объясняет использование степеней окисления в обозначении составов: http://www.wisc-online.com/objects/ViewObject.aspx?ID=GCH3204

Сабақтың

ортасы

25 мин

1. Сұрақ: Ерітіндінің ортасы қандай болады?

(сілтілік, қышқылдық, бейтарап

2. Топқа бөлу (сілтілік, қышқылдық, бейтарап).

3. Презентацияда ( 2-3 слайд беттерімен жұмыс) берілген теориялық бөлігімен мұқият танысып,

2-қосымшада берілген тапсырмаларға жауап беріңіздер

4. Тапсырманың шешімін топта талқылау

5. Презентациямен жұмыс ( 6-9 слайд беттері бойынша)

Сұрақ: Реакция ортасы химиялық элемент атомдарының тотығу дәрежесінің өзгеруіне қалай әсер етеді?

6. Презентациямен жұмыс ( 10-12 слайд беттері)

7. Тапсырма орындау (13-слайд беттері)

Слайдтар мен қосымшалар

Сабақтың

соңы

5 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Үйге тапсырма:

Тотығу –тотықсыздану реакция теңдеулеріне үш мысалдан келтіріп, оны иондық-электрондық әдіс бойынша теңестіріп келу

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

- тотығу және тотықсыздану

үрдісі су ерітіндісінде орын алатындығын түсінеді

Кейбір оқушылар:

-тотығуға және тотықсыздануға қатысты иондық-электрондық жартылай реакциялар теңдеулері арқылы теңестре алады.

Ой талқылар кезінде жауап беруіне;

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы.

партада дұрыс отыруын қадағалау, слайдтардағы жазулардың көрнекі болуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?