Динамикалық тепе-теңдік. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.3А Химиялық тепе-теңдік

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Динамикалық тепе-теңдік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты

10.3.3.1 химиялық тепе-теңдіктің динамикалық сипатын түсіндіру

Сабақ мақсаты

  • Химиялық тепе-теңдік динамикалық болып табылатындығын түсіну
  • реакциялардың қайтымды болып табылатындығын білу
  • тепе-теңдікте тура және кері реакциялар бірдей жылдамдықпен жүретіндігін білу

 Жетістік

 критерийлері

Оқушылар реакциялардың қай уақытта қайтымды және қайтымсыз болатындығын анықтай алады.

Динамикалық тепе-теңдік мәнін түсінеді.

Динамикалық тепе-теңдіктін шартын біледі.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

тәжірибе нәтижелерін (ауызша немесе есеп түрінде) және қорытындыларын ұсыну

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Тепе-теңдік, статикалық, динамикалық, қайтымды.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Мен … кестесін құрдым

Менің есептеулерім … көрсетті

Мен … негізінде тәжірибе өткіздім

…үшін теңдеу… болып табылады

 Құндылықтардыыы

 дарыту

Сыйластық, ынтымақтастық (жұптық жұмыс барысында)

Өмірмен байланыс

Тұрмыстағы түрлі қайтымды реакциялар, өндіріспен байланыс

Пәнаралық байланыстар

Физика (диффузия, адсорбция мен абсорбция айырмашылығы)

Бастапқы білім

9.1А Электролиттік диссоциация

10.1B Стехиометрия

10.2B Термодинамикаға кіріспе

10.2C Кинетика

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 мин

Ұйымдастыру сәті. Ең алдымен тақтада бүгінгі сабақ тақырыбы мен мақсаты көрсетіледі.

Ұйымдастыру кезеңінде: оқушылармен кеспе қағаздар бойынша «Сұрақ-жауап» жұптық ойыны өткізіледі. Кеспе қағазда төмендегідей сұрақтар жазылған.

  • Қандай реакцияларды қайтымды немесе қайтымсыз деп атайды? Үш мысал келтіріңдер.
  • Химиялық тепе-теңдік деген не? Химиялық тепе-теңдік кезінде жүйеде қандай өзгерістер орын алады?
  • Химиялық тепе-теңдікті өзгертуге болама?

Оқушылар жұмысты бітірген соң тақтадан жауабы көрсетіледі.

Презентация

Қосыьша 1

Презентация

Сабақтың ортасы

11-25 мин

26-36 мин

Қайтымды реакциялар дегеніміз не?

Нәтижесінде бастапқы заттар (реагенттер) толығымен реакция өнімдеріне айналатын химиялық реакцияларды  қайтымсыз реакциялар деп атайды.

Бір мезгілде қарама-қарсы бағытта (тура және кері) жүретін  қайтымды реакцияларды деп атайды. Кез келген қайтымды реакция үшін бастапқы сәтте әрекеттесуші массалар заңынна сәйкес тура реакцияның жылдамдығы максимал мәнді,ал кері реакцияның жылдамдығы нөлге тең. Уақыт өте келе бастапқы заттардың концентрациялары кемиді,ал өнімдерінің концентрациялары артады. Демек,тура реакцияның жылдамдығы кемиді,кері реакцияның жылдамдығы артады. Ерте ме,кеш пе тура және кері реакцияның жылдамдықтары теңесетін кезең болады,ол кезде жүйеде тепе-теңдік күй орнайды. Оның жалпы химиялық теңдеуі:

        аА + bB  c C+ dD

   Тура және кері реакциялардың жылдамдықтары тең болғандығы жүйенің күйін химиялық тепе-теңдік деп атайды.

Оқушылар CrO42- /Cr2O72- арасындағы тепе-теңдік реакциясын жасауы керек.

Ал басқа да тепе-теңдік реакцияларын видео ролик көмегімен көрсетуге болады.

https://www.youtube.com/watch?v=uIKRc0F9k54

(CrO42- /Cr2O72- жүйесіндегі тепе-теңдік)

https://www.youtube.com/watch?v=xHGkUOM1AY4

(темір роданиді ерітісіндегі тепе-теңдік)

Оқушылар тәжірибені істеп болған соң оларда тепе-теңдікті өзгертуге болатындығы жөнінде пікір қалыптасады.

Оқушыларға динамикалық тепе-теңдік туралы видео көрсетілуден бұрын оларға сұрақтар таратылып беріледі, сосын оқушылар сол видеоға қатысты сұрақтарға жауап береді.

https://www.youtube.com/watch?v=wlD_ImYQAgQ

видео сұрақтары:

  • Тепе-теңдік деген не?
  • Динамикалық тепе-теңдік деген не?
  • Қайтымды реакция деген не?
  • Динамикалық тепе-теңдік орнау үшін қандай жағдайлар керек?
  • Жабық жүйеде қандай өзгерістер орын алады?
  • Сутек пен иодтың әрекеттесуіндегі тепе-теңдік процесін түсіндіріп беріңіз.

Интернет ресурсы

Қосыьша 2

Сабақтың соңы

37-40 мин

Рефлексия. Кері байланыс.

Үй жұмысы

Теориялық ақпаратты қайталау.

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлығы: - қайтымды/қайтымсыз реакцияларды түсіну

- тепе-теңдік реакциялардың негізгі шарттарын білу

Көбісі: - тепе-теңдіктің динамикалық екендігін және оның шарттарын білу.

Кейбіреулері: - нақты мысалдар келтіру арқылы тепе-теңдік процесін түсіндіре алады.

Бағалау оқушылардың сұрақтарға ауызша жауап беруі кезінде жүзеге асады. Қалыптастырушы бағалау жұмыстары мақсатты қаншалықты игергенін анықтайды.

Химия кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережелері. Химиялық реактивтермен мұқият жұмыс жасау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?