Химиялық тепе-теңдік. Химия, 10 сынып, қосымша материал 1.
Оқушының аты-жөні_____________________________________________ Сыныбы________
Тапсырма 1.
1-деңгей. Бейнежазба бойынша сұрақтар:
- Химиялық тепе-теңдік дегеніміз не? __________________________________________________
- Ол неліктен динамикалық деп аталады? _______________________________________________
- Тепе-теңдіктің орнағанын қалай түсінесіз? ____________________________________________
- Тепе-теңдікке қандай факторлар әсер етуі мүмкін? ______________________________________
- Тепе-теңдік қандай реакцияларда орнайды? ____________________________________________
Бағалау және кері байланыс.
Тапсырма 2 орындау кезінде әрбір оқушы өзін-өзі жоғарыдағы жетістік критерийлері бойынша бағалайды.
Тапсырма 2.
2-деңгей.
2 топ тапсырмасы.
- Қайтымды реакциялар үшін уақыт (абцисса, сек) және реагенттер мен өнімдердің концентрациясы (ордината, моль/л) арасындағы тәуелділікті графикте көрсетіңіз.
- Қайтымды реакциялар үшін уақыт (абцисса, сек) және тура және кері реакция жылдамдықтары (ордината, моль/л*с) арасындағы тәуелділікті графикте көрсетіңіз.
Тапсырма 3.
Есеп шығару. Оқушылар жұпта есеп шығарады. Болғаннан кейін бірін-бірі бағалайды. Егер жұпта жүзеге аспаса, тақтада сыныппен бірге шығарылады.
Берілгені:
Азот пен сутек әрекеттескенде аммиак түзілген. Жүйедегі химиялық тепе-теңдік орнаған кезде, заттардың концентрациялары: [N2] = 0,3 моль/л; [Н2] = 0,4 моль/л; [NH3] = 0,4 моль/л болған. Азот пен сутектің әректтесуі кезіндегі аммиактың түзілуі реакция теңдеуін жазыңыз және азот пен сутектің бастапқы концентрацияларын есептеңіз.
№ | Бағалау критерийлері: |
1 |
|
2 |
|
3 |
|
4 |
|
5 |
|
6 |
|
7 |
|
8 |
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?