алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Химиялық тепе – теңдік. Химия, 10 сынып, дидактикалық материал.

 ХИМИЯЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК

 Химиялық тепе-теңдік - тура және кері реакцияның жылдамдықтары өзара тең болғандағы жүйенің күйі.

 Тепе-теңдік кезінде тура және кері реакция тоқталмайды. Сондықтан мұндай тепе-теңдікті жылжымалы немесе динамикалық тепе-теңдік деп атайды. Екі реакцияның әсері бірін-бірі жоятындықтан әрекеттесуші қоспадан айтарлықтай өзгеріс болмайды: барлық әрекеттесетін яғни бастапқы және түзілген заттардың концентрациясы - тұрақты еш өзгеріссіз болады. Химиялық тепе-теңдік кезіндегі қалыптасатын әрекеттесуші заттардың концентрациясын тепе – теңдік концентрациясы деп атайды.

 Химиялық тепе-теңдік күйге әрекеттесетін заттардың концентрациясы температура, ал газ күйіндегі заттарға - қысым әсер етеді. Бұл параметрлердің біреуі өзгерсе тепе-теңдік бұзылып, басқа тепе-теңдік концентрациясына сай жаңа теп-теңдік пайда болғанға дейін әрекеттесуші заттардың концентрациясы өзгеріп отырады. Реакцияласушы жүйенің бір тепе-теңдік күйден басқа тепе-теңдік күйге ауысуын химиялық тепе-теңдіктің ығысуы деп атайды.

 Ле Шателье принципі тепе-теңдік күйіндегі жүйеге сырттан әсер етсе (концентрация, температура, қысым өзгерсе), онда қарама-қарсы екі реакцияның ішінен сол әсерді азайтатынының жүруіне көмектеседі.

 Химиялық тепе-теңдіктің  бұзылуын сипаттайтын заңдылықтар,  тепе-теңдіктегі жүйелерге әр түрлі факторлардың әсерін анықтайтын жалпы принциптің дербес жағдайы болып табылады. Бұл принцип Ле Шателье принципі деген атаумен белгілі. Оның химиялық тепе-теңдікке қолданылуын былай тұжырымдауға болады: егер тепе-теңдіктегі жүйеге қандай да бір әсер етсек, онда өтетін процестердің нәтижесінде тепе-теңдік сол әсердің кемитін бағытына қарай ығысады.

 Шындығында, жүйеге реакцияға қатысатын заттардың біреуін енгізгенде тепе-теңдік сол заттың жұмсалуы жағына ығысады. Қысымды көтергенде ол жүйеде қысым төмендейтін жаққа ығысады. Температураны көтергенде  тепе-теңдік эндотермиялық реакция жағына ығысады – жүйедегі температура төмендейді.

 Ле Шателье  принципі тек химиялық тепе-теңдікке  емес, әр түрлі физика-химиялық  тепе-теңдіктерге де қолданылады.  Тепе-теңдіктің ығысуы қайнау, кристалдану, еру сияқты процестер өзгергенде Ле Шателье принципіне сәйкес жүреді.

 Ле Шателье принципін 1885 жылы А.Ле Шателье (1850-1936) тұжырымдап, ал теориялық тұрғыдан 1887 жылы К.Ф.Браун (1850-1918) негіздеген.

  • ТЕМПЕРАТУРА ӘСЕРІ

Температураның әсері тек экзо- және эндотермиялық реакциялардың тепе-теңдігін ығыстыра алады.

  • КОНЦЕНТРАЦИЯ ӘСЕРІ
  • Реагенттердің концентрациясын жоғарылату ↑, тепе-теңдікті өнімдер түзілу жағына ығыстырады.
  • Өнімдер концентрациясын жоғарылату↑, тепе-теңдікті реагенттер түзілу жағына ығыстырады.
  • ҚЫСЫМНЫҢ ӘСЕРІ

Қысым тек газдарға әсер етеді. Тепе-теңдікке қысымның әсерін байқау үшін теңдеудің сол және оң жағындағы заттардың молекула санын салыстыру қажет.

Қысым жоғарылығанда Р ↑, тепе-теңдік көлемі аз (газ молекулаларының аз жағына) бағытқа ығысады. Қысым төмендегенде Р ↓, көлемі көп (газ молекулаларының көп жағына) бағытқа ығысады.

Катализатор бірдей дәрежеде тура және кері реакциялардың жылдамдығын арттырады. Бірақ тепе- теңдіктің ығысуына әсер етпейді

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Қарап көріңіз 👇

Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 керемет тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы