Органикалық заттардың құрамы мен құрылымы. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.2.А. Органикалық химияға кіріспе

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Органикалық заттардың құрамы мен құрылымы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • Органикалық химияны көмірсутектер және олардың туындыларының химиясы ретінде түсіну;
  • Көмірсутектердің эмпирикалық, молекулалық, құрылымдық және кеңістіктік формулаларын ажырата білу;

 Сабақ мақсаттары

Көмірсутектің және олардың туындыларының құрылысын білу

 Жетістік критерийлері

Оқушы мақсатқа жетеді, егер:

  • Органикалық заттарды айтады
  • Органикалық химия пәнінің нені оқытатынын айтады
  • Көмірсутектер мен олардың туындыларын ажыратады
  • Молекулалық формулаға негізделген көмірсутегі туындыларының құрылымдық формулаларын құрайды

Тілдік мақсаттар

Қазақ

Русский

English

Органикалық

химия

Органическая химия

Organic chemistry

Көмірсүтектер

Углеводороды

Hydrocarbons

Хлорметан

Хлорметан

Chloromethane

Метанал

Метаналь

Metanal

Метанол

Метанол

Methanol

Органикалық

химия

Органическая химия

Organic chemistry

Көмірсутектер

Углеводороды

Hydrocarbons

 Құндылықтарды

 дарыту

 

 

Сыныптастың пікірін құрметтеу мәдениетін қалыптастыру

Адамгершілік нормаларын, достық қарым-қатынастарын, жауаптылығын, тыңдау дағдыларын дамыту

 Пәнаралық

 байланыстар

  • физика

 АКТ қолдану

 дағдылары

Презентация, видеофрагмент бойынша тапсырмалар, суреттер, интерактивті тақта.

Бастапқы білім

8.2A Атомның электронды құрылысы.

8.4В Көміртегі және оның қосылыстары.

9.1В Қосылыстардың құрамы.

10.3А Органикалық химияға кіріспе.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

- Сәлемдесу, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін жариялау.

- Оқушылар жұп бойынша сабақтың кілт сөздерін 3 тілде айтады

- Сабаққа дайындалу.

- Ойланыңыз және жауап беріңіз!

Оқушыларға келесі заттар берілген. Тек органикалық заттарды таңдауы керек:

CH4, H2O, CaCO3, NaOH, C2H5OH, CH3COOH, H2SO4, CH3Cl, C6H12O6

Содан кейін оқушыларға өз таңдауларын түсіндіруге мүмкіндік беріледі.- Өзін-өзі бағалау. Мұғалім орындалатын жұмыстарды тексереді. Оқушылар дәптердің шетіне бағасын қояды.

  • 0 - Жауап жоқ/ Дұрыс емес
  • 1 – Қате жіберген болса
  • 2 – Барлығы дұрыс

Power point презентациясындағы слайдтар

1-5

Сабақтың ортасы

- Оқушыларға органикалық және бейорганикалық заттардың жалпы санымен таныстыру туралы аздаған ақпарат беріледі және органикалық және органикалық емес заттардың басым көпшілігін түсінеді.

- Органикалық химия - бұл көмірсутектер мен олардың туындыларын зерттейтін ғылым.Органикалық заттар - құрамында көміртегі, сутегі және басқа химиялық элементтер бар заттар.

- Көмірсутегіне анықтама беріңіз.

-«Мұны білу керек!»

Органикалық қосылыстардағы көміртегінің валенттілігі 4-ке тең.

-Тапсырма орындау. Көміртегі атомының электрондық формуласын құрыңыз және электрондардың деңгейлермен деңгейшелерде орналасуын көрсетіңіз. Атомның электронды құрылымы негізінде оқушылар органикалық қосылыстардағы көмірегі 4 валентті деп қорытынды жасайды.

- Метанның құрылымдық формуласын жазу.

Өзін-өзі бағалау. Мұғалім орындалатын жұмыстарды тексереді. Оқушылар дәптердің шетіне бағасын қояды.

  • 0 - Жауап жоқ/ Дұрыс емес
  • 1 – Қате жіберген болса

2 – Барлығы дұрыс

- Оқушыларды органикалық заттардың жіктелуімен таныстыру және оларды алкандардың туындылары екенін жеткізу (қаныққан көмірсутектер).

- Көмірсутектердің молекулалық, құрылымдық формулалары-

- Этилен-формуласы C2H4 болатын, бір қос байланыспен байланысқан қанықпаған көмірсутектердің алғашқы өкілі..

Оқушылар этиленнің және оның ең жақын гомологі-пропиленнің C3H6 құрылымдық формуласын құрастыруы қажет.

- Қандай көмірсутектердің формулалары көрсетілген?

Оқушылар молекуланың шар секілді доңғалақ модельдерімен танысады.

Оларға затты анықтау қажет.

- Көмірсутек туындылары-көмірсутегі молекулаларындағы сутек атомдарының басқа атомдарға немесе атом топтарына алмастырылған өнімдері.

Функционалдық топтардың сапалы құрамы бойынша жіктелуі

Көмірсутек туындылары

- 17 слайдты қолдана отырып, этан туындыларының құрылымдық формулаларын құрыңыз және органикалық қосылыстардың қай класына жататынын айтыңыз:

  • 1) этанол
  • 2) хлорэтан
  • 3) этиламин
  • 4) нитроэтан
  • 5) сірке альдегиді

- Өзін-өзі бағалау. Мұғалім орындалатын жұмыстарды тексереді. Оқушылар дәптердің шетіне бағасын қояды.

  • 0 - Жауап жоқ/ Дұрыс емес
  • 1 – Қате жіберген болса
  • 2- Барлығы дұрыс

- Жұппен жұмыс. «Модельдеу»

Атомдық үлгілерді қолдану арқылы студенттер осы заттардың молекулаларын модельдеуі керек:

- Жұппен жұмыс. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап береді:

Келесідей түсінік бар:

  • а) көмірсутектің эмпирикалық формуласыб) көмірсутектің молекулалық формуласыв) көмірсутектің құрылымдық формуласыг) көмірсутектің кеңістіктік формуласыОлардың айырмашылығы қандай? Жұпта талқылаңыз

- Өзіңді тексер!

21, 22, 23 слайдтар бойынша берілген формула арқылы анықтауды көрсету керек.

-«Затты табыңыз» Берілген ақпаратты бекіту.

  • Бұл тек көміртегі мен сутегі атомынан тұратын органикалық зат. Оның молярлық массасы 30 г/мольге тең.
  • Осы заттың молекулалық және құрылымдық формуласын жазыңыз

- Оқушылар дәптерлерін алмастыру арқылы бір-бірінің жұмыстарын тексереді. Жанында отырған оқушының дәптерін дұрыс жауаптарды қолдана отырып 2-балдық жүйе арқылы бағалайды.

  • 0 - Жауап жоқ/ Дұрыс емес
  • 1 – Қате жіберген болса
  • 2- Барлығы дұрыс

Power point презентациясындағы слайдтар

6-25

Атом модельдері

Сабақтың соңы

Рефлексия:

  • Сабақ қызық өтті, мен барлық тапсырманы орындай алдым
  • Сабақ қызық өтті, бірақ, кейбір тапсырмаларды орындағанда қиындықтар туындады
  • Сабақ қызықсыз өтті, маған тапсырмаларды орындау қиын болды

- Үй жұмысы.

Power point презентациясындағы слайдтар

26-27

Дифференциация – каким образом Вы планируете оказать больше поддержки? Какие задачи Вы планируете поставить перед более способными учащимися?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз..

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?