Концентрацияның химиялық реакция жылдамдығына әсері. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.


Атырау қаласының НазарбаевЗияткерлік мектебі

Nazarbayev Intellectual School, Atyrau

Subject Name

LessonPlan

Мұғалім:

Тақырыбы:

Концентрацияның химиялық реакция жылдамдығына әсері.

Сабақ кезеңдері

Өткізілу уақыты:

Оқу мақсаты:

10.3.2.3. Әрекеттесуші массалар заңын реакциялар үшін қолданылуын түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

  • Әрекеттесуші массалар заңын түсініп, есептер шығаруда қолдана білу

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындаулары тиіс

Әрекеттесуші массалар заңын қоланып есептеуді жүргізу үшін тиісті формуланы қолданып, жазбаша жаза білу.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Реакция, әрекеттесуші массалар заңы

Күтілетін нәтиже:

  • Әрекеттесуші массалар заңын қоланып есептер шығара алады

Құндылықтарды дамыту:

Жұптық жұмыс арқылы оқушылардың бірін-бірімен ынтымақтастықта жұмыс жасауларын жақсарту

АКТ қолдану дағдылары:

Интернет ресурстарынан қажетті мәліметтерді анықтай білу

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басталуы

1 сабақ

0-1 мин

1-4 мин

4-7 мин

7-27 мин

27- 40 мин

Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу. Сыныптың сабаққа қатысын және дайындығын тексеру.

Сыныпты 3 топқа бөлу. Топқа бөлу үшін есімдері жазылған таяқшалар қолданылады.

Топқа бөлудегі мақсат, оқушылардың өз бетінше бүгінгі тақырыпта қаралатын оқу мақсатын ашу және бірін- бірі оқыту арқылы сол мақсатқа жеткізу болып табылады.

Жаңа білім

Бүгінгі күннің тақырыбы мен оқу мақсаты және сол оқу мақсатын меңгеру үшін жасалатын іс-әрекеттер таныстырылып, талқыланады.

Топтық жұмысты 20 минут орындайды.

  • Топ. Мәтінмен жұмыс.

Тақырыпқа байланысты мәтін беріледі, сол мәтіндегі ақпартпен таныса отырып, сынып оқушыларына арналған жаднама жасау керектіктері тапсырылады. (Бұған дейін жандаманы мұғалім өзі жасап, сабақтарында таратып жүргендіктен, сол жаднаманың үлгісін негізге ала отырып жасайды)

Жаднаманы элекронды түрде жасап, мұғалімге почтасына жіберіп, мұғалім оқушыларға шығарып таратып беруге болады немесе А3 форматына қолмен жазып, фотоға түсіріп алуға болады.

2-топ. Видео материалмен жұмыс.

Оқушыларға ноутбуктер таратып, видео материалды көру үшін ссылка беріледі. Сол ссылкаға кіре отырып, материалды өз беттерінше игеру үшін 3 тапсырма жазылған карточка тапсырылады. Топтағы оқушылар есепті барлық алгоритмдерін ұстанып шығарулары керектіктері ескертіледі.

3-топ. Мәтінмен жұмыс. (1 топқа арналған мәтін қолданылады)

Берілген мәтін бойынша сыныптағы оқушыларға 3 тест, 2 қысқа жауапты, 1 толық жауаптан тұратын жұмыс парағын дайындауды және жұмыс парағын тексеру үшін жауабын дайындаулары тапсырылады.

Топтың жұмысын мұғалім сырттай бағалап, бағыт- бағдар беріп жүреді.

Сабақты қорытындылау.

Топтық жұмысты орындап болған соң әр топ өз жұмысымен алмасады, яғни жаднама жасаған 1 топ өз жұмыстарын таныстырып, өзге оқушыларға таратып береді, ал 3 есеп шығарған 2 топ өз есептерінің шартын 3 топқа береді, 3 топ өздері құрастырған тапсырманы 1және 2 топ оқушыларына таратады.

Осылайша топтар арасында байланыс орнату. Өз топтарында алған білімдерін өзге топтың тапсырмасы арқылы бекітеді.

Оқушылардың жауабын тапсырма берген топ мүшелері тексеріп, кері байланыс береді.

Қосымша 1

Ноутбук, флипчарт, маркер

Ноутбуктер



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру