алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Ішкі энергия өзгерісі. Байланыс энтальпиясы. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.3

Мектеп: Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кудербаева Г.Ф.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Ішкі энергия өзгерісі. Байланыс энтальпиясы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

- ішкі энергия және энтальпия өзгерістері жылу эффектісі болып табылатындығын түсіну

- химиялық реакциялар - байланыстардың үзілуі мен жаңа байланыстардың түзілу процесін қамтитындығын түсіну

 Сабақ мақсаттары

  • Ішлі энергия және энтальпия ұғымын түсіндіре алады;
  • Байланыс энтальпиясының мәндерін қолдана отырып, реакцияның энтальпиясын есептейді;
  • Есептеу нәтижесі бойынша реакцияның экзотермиялық немесе эндотермиялық екенін анықтай алады

 Бағалау критерийлері

  • Ішкі энергия және энтальпия ұғымын түсіндіре алады;
  • Байланыс энтальпиясының мәндерін қолдана отырып, реакцияның энтальпиясын есептейді;

Есептеу нәтижесі бойынша реакцияның экзотермиялық немесе эндотермиялық екенін анықтай алады

 Тілдік мақсаттар

 

Ауызша, жазбаша сұрақтарға жауап береді, есептің шығарылуын түсіндіре алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Стандартты жағдай, байланыс энтальпиясы, экзо-, эндотермиялық реакция

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Берілген реакцияның энтальпиясы……….. қосындысына /айырмасына тең

Реакцияның энтальпиясын есептеу үшін……………. қолданылады

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Жұпта жұмыс жасау арқылы өзгелерді сыйлауды дарыту;

Өз бетімен білім алу арқылы өзіндік реттеуді қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Физика: термодинамика

Математика: таңбалары әртүрлі сандарды есептеуде қолдана білу

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация, Bilimland сайтының материалдары

Бастапқы білім

Химиялық реакциядағы энергиямен танысу

Химиялық байланыс түрлері

Химиялық реакция жылдамдығы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Сабақбасында:

Жағымды психологиялық ахуал тудыру:

«Айна» ойыны

Диалог арқылы, оқушылармен бірлесе отырып тақырыпты анықтау

Тақырыпқа сәйкес оқу мақсаты мен күтілетін нәтижелерді оқушылармен бірлесе тағайындау

Презентация

Сабақтың ортасы

20 минут

5 минут

10 минут

(С) «Жылу эффектісі», «экзотермиялық реакциялар», «эндотермиялық реакциялар», «термохимиялық теңдеулер» ұғымдарын қайталау.

Көп жағдайда әрекеттесуші жүйе мен оны қоршаған ортаның арасында тасымалданған энергия жылу түрінде беріледі.

Bilimland сайтынан эндотермиялық және экзотермиялық реакциялар, жүйенің энтальпия өзгерісі материаоларымен танысу

(М) «Энтальпия» немесе «энтальпия өзгерісі» ұғымын енгізу..

  • Жылудың реагенттерден қоршаған ортаға берілу реакциялары экзотермиялық деп аталады. 
  • Экзотермиялық реакциялар үшін ∆H<0
  • Жылудың қоршаған ортадан реагенттерге өтуімен сипатталатын реакциялар

эндотермиялық реакциялар деп аталады. 

Эндотермиялық реакциялар үшін ∆H>0  

Стандартты жағдай

    • Температура 250C (298K)
    • Қысым 1атм (100кПa),
    • Концентрация 1моль/ дм3
    • Стандартты жағдайларда тұрақты физикалық күйі

Стандартты жану энтальпиясы

Анықтамасы Стандартты жағдайда 1 моль зат оттегіде толық жанғандағы энтальпияның өзгерісі

Белгіленуі ∆Hж

Мәні Әрдайым экзотермиялықжану кезінде энергия бөлінеді

Мысалы CH4 (г) + 2O2 (г) CO2 (г) + 2H2O (с)

Стандартты атомдану энтальпиясы

Анықтамасы Стандартты жағдайда 1 моль газ күйіндегі атомдардың өз элементінен түзілу кезіндегі энтальпияның өзгерісі

Белгіленуі DH°at

Мәні Әрдайым эндотермиялықатомдарды бөлу үшін энергия жұмсалады

Мысалы Na (қ) Na(г)

Стадартты түзілу энтальпиясы

Анықтамасы Стандартты жағдайда 1 моль қосылыстың құрамына кіретін элементтерден түзілуі кезіндегі энтальпияның өзгерісі

Белгіленуі ∆Hт

Мәні Әрдайым экзотермиялыққосылыс түзілгенде энергия бөлінеді

Мысалы Mg(қ) + Cl2(г) MgCl2(қ) ∆Hf

Видеоны көріп, сұрақтарға жауап беру.

Байланыс (энергия) энтальпиясы

Анықтамасы Байланыс энтальпиясы (немесе байланыс энергиясы) 1 моль берілген байланысты үзуге кеткендегі энтальпияның өзгерісі

Белгіленуі ∆Hб

Мәні Байланыстың үзілуі эндотермиялық, түзілуі экзотермиялық.

(М, С) Оқушыларға проблемалық сұрақ:

-Реакцияға қатысатын заттарда байланыстардың үзілуі мен реакция өнімдерінде жаңа байланыстардың түзілу үдерістерінің айырмашылығы неде?

Оқушыларға әртүрлі байланыс энергиясының мәндерімен кесте беру және ол мәндердің айырмашылығын түсіндіруді сұрау.

Сандық есептерге мысалдар келтіру: байланыс энергиясы арқылы реакция энтальпиясын есептеу

Жұптық жұмыс. Қалыптастырушы бағалау

Тапсырма:

Берілген «Байланыс энтальпиясы кестесін» пайдаланып, пропанның түзілу энтальпиясын есептеңдер.

Жеке дара жұмыс. Қалыптастырушы бағалау №3 тапсырма (қосымшада)

Өзара бірін-бірі бағалау.

Презентация

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/zhalpy-ximiya/ximiyalyq-reakcziyalardyng-zhuruining-negizgi-zangdylyqtary/ximiyalyq-termodinamika/lesson/ehndotermiyalyq-zhane-ehkzotermiyalyq-reakcziyalar

Видеоматериал

қосымшада

Тапсырма2

Тапсырма 3

Сабақтың соңы

5 минут

Оқу мақсатына қайта оралып оқушылардан кері байланыс алу.

Нысананы қолданып, өзегіне оқу мақсаты жазылған қағазды жапсырып, оқушыларға жапсырма қағазға ең ұнаған сәтті, кері жағына ең жағымсыз сәтті жаздырып, оқу мақсатына жетуде нысананың қай аумағында тұрғанын анықтатып, стикерді жапсыруды ұсыну.

Үй тапсырмасын беру

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Ішлі энергия және энтальпия ұғымын түсіндіре алады;
  • Байланыс энтальпиясының мәндерін қолдана отырып, реакцияның энтальпиясын есептейді;

Есептеу нәтижесі бойынша реакцияның экзотермиялық немесе эндотермиялық екенін анықтай алады

Ауызша сұрақ-жауап, байланыстың үзілун, байланыстың түзілуін есептеу, байланыс энтальпиясы, түзілу энтальпиясын есептеу дағдылары бағаланады

Өзара бағалау кезінде қозғалыс ұйымдастырылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 керемет тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, бата қайыру


Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы