Электртерістілік және байланыс полюстілігі. Химия, 10 сынып, презентация.
Электртерістілік және байланыс полюстілігі
Оқу мақсаттары
атомдардың электртерістілік ұғымының физикалық мәнін түсіндіру және оның негізінде химиялық байланыстың түрін болжау;
ковалентті байланысты қосылыстар үшін «нүктелер мен айқыштар» диаграммасын құрастыру;
Электртерістілік - элементтің сыртқы электрон қабатын толықтыруға ұмтылысын сипаттайтын шаманы айтады. Заттардың формулаларын жазғанда электртерістілігі төмен элемент алдымен, ал электртерістілігі жоғары элемент соңынан жазылады.
Электртерістілік период бойынша солдан оңға қарай, ал топ бойынша төменнен жоғары қарай артады.
Егер байланыс түзуші элементтердің электртерістілігі бірдей болса, ковалентті полюссіз байланыс түзеді.
Байланыс түзуші элементтердің электртерістіліктерінің айырмашылығы аз болса, ковалентті полюсті байланыс түзіледі.
«Тізбекті тапсырмалар»әдісі
1-тапсырма.
Берілген қосылыстарды химиялық байланыстары болса жіктеңдер:Н2О, СО2, N2, NН3, О2, Н2S, НF, F2, СІ2
Полюссіз байланыс Полюсті байланыс
2 тапсырма
Химиялық диктант
1.Бір элемент атомдарының басқа атомдардың электрондарын өзіне тартып алу қабілетін....... деп аталады
2.ЭТ зерттеген ғалым .....
3.Молекулаларда және кристалдық торларда атомдар арасындағы электрлік тартылыс күштерінің әсерінен атомдардың өзара тартылып байланысуын ...... ...... деп атаймыз.
4. Химиялық байланыс түзілгенде сыртқы қабаттағы .... өзгеріске ұшырайды
5. Ортақ электрон жұбын түзу арқылы пайда болатын химиялық байланысты ......... ........ деп аталады.
6.Оттегі,хлор,сутегі,азот молекулалары коваленттік ...... байланыс түзеді
Рефлексия
«Білім кемесі» (Желкенді бояйды:жасыл түс-бүгінгі сабақ түсінікті,сары түс-әлі де түсініксіздеу болып тұр,қызыл түс-түсінбедім)
Қажетті ресурстар
ЭТ туралы мәлімет : http://www.yaklass.ru/p/himija/8-9-klass/stroenie-veshchestva-18844/elektrootritcatelnost-khimicheskikh-elementov-18845/re-d48636e5-fc98-49bc-aa70-ca5a271dce44
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?