Электртерістілік және байланыс полюстілігі. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


 Қысқа мерзімді сабақ жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Электртерістілік және байланыс полюстілігі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.4.6 атомдардың электртерістілік ұғымының физикалық мәнін түсіндіру және оның негізінде химиялық байланыстың түрін болжау;

10.1.4.7 ковалентті байланысты қосылыстар үшін «нүктелер мен айқыштар» диаграммасын құрастыру;

 Сабақ мақсаттары

- Электртерістілік ұғымының не екенің біледі және түсінеді;

- Ковалентті байланыстың не екенің біледі;

- Ковалентті байланыстың түзілу механизмін түсінеді;

- Ковалентті байланыстың түзілуін нақты мысалдар арқылы жазып түсіндіреді;

 Жетістік критерийлері

Бағалау үдерісі бүкіл сабақ бойына жүреді, мұнда оқушылардың өзін-өзі бағалау, топтардың бірін-бірі бағалауы және міндетті түрде бүкіл сабақ үдерісін қадағалаушы мұғалімнің бағалауы жүреді.

 Тілдік мақсаттар

 

Тілдік мақсат

Оқушы орындауы тиіс: ауызша және жазбаша жауаптарда ғылыми терминологияны қолдану

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Атом, электрон, валентті электрон, атомдық орбиталь, валенттік электрондар.

Құндылықтарды дарыту

 

 

Мектеп құндылықтары мен Мәңгілік Ел идеяларын сабаққа енгізу сабақтың ажырамас бөлігі. Ол құндылықтар сабақ барысында туындаған жағдайға және оқу мақсаттары мен оқушылардың жауаптарына сай қолданылып барылады.

Білім құндылықтары:

  • Құрмет. Бүкіл сабақ барысы өзара құрметке, бір-бірінің пікірлерін тыңдау мен оларға санасуға, ойларын тыңдауға негізделеді.
  • Ашықтық. Оқушылар үшін ақпарат көзі ашық болып табылады. Оқушылар өздерінің білгенің өзге құрбыларымен бөлісудің маңызы айтылып өтіледі.
  • Өмір бойы білім алу. Бүгінгі сабақта алатын білім мен дағдылар алдағы сыныптарда, емтихандарда қажет болатыны айтылады. Сонымен қатар металдар мен олардың қосылыстарының күнделікті өмірде қолданылатын жерлері айтылып өтіледі.

Сабақ барысында тек осы жоғарыдағы құндылықтар ғана емес, сонымен қатар мектебіміздің басқа да құндылықтары қажет болып, ұрымтал тұсы келгеніне байланысты кіріктіріліп барылады.

Пәнаралық байланыстар

Бұл сабақта физика пәнімен пәнаралық байланыс болады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта арқылы сабақ барысы көрсетіліп, жасалынған және жасалынуы тиіс іс-әрекеттер тізбегі көрсетіліп барылады. Мысалы, сабақ барысында қолданылатын терминдер, сұралатын сұрақтар мен тапсырмалар, оқу мақсаты мен оған оқушылармен бірлесе қойылатын критерийлер баяндалып барылады. Жаңа сабақты өтіп болғаннан соң оны бекіту тапсырмалары беріледі, сонымен бір қатарда үй тапсырмасы да көрсетіледі.

Бастапқы білім

Атом құрылымы туралы барлық тақырыптар қаралады:

Атомдағы электрондар қозғалысы (8.2А)

Формулалар және химиялық теңдеулер (8.3А)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-2 минут

3-5-минут

5-8 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.

Оқушыларға бүгінгі сабақта алдыңғы сабақта берілген үй тапсырмаларын қаншалықты меңгергенің тексеру, онда жіберілген кемшіліктермен жұмыс істеу мақсатында үй тапсырмалары сұралады.

Оқушылардан бірқатар сұрақтарға жауап беруді сұрау арқылы ауызша

талқылау/әңгімелесу жүргізіледі, қажет жерлерінде жазбаша түрде де сұралады.

Оқушылардан сұралатын сұрақтар мен тапсырмалар:

І деңгейлі тапсырмалар (білу мен түсіну):

1. «Октет ережелерінің» ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

2. Металл және бейметалл атомдарының тұрақты бөлшектерге айналуының сызбанұсқасын құрыңыз.

3. Электрон беруге қабілетті атомдарды қалай атауға болады?

4. Электронды қабылдай ала алатын атомдарды қалай атауға болады?

ІІ деңгейлі тапсырмалар (қолдану):

1. Натрий мен оттек атомдарының арасындағы электрондарды беріп жіберу және қосып алу процесін жазыңыздар.

2. Екі бейметалл атомдары әрекеттескенде не болады? Берген жауаптарыңызды жан-жақты түсіндіріңіздер.

(f) Оқушылардан талқыланған сұрақтарды түсіндіруін сұраңыз және оның дұрыстығына көз жеткізіңіз.

Жоғарыдағы сұрақтар мен тапсырмалар талқыланып болғаннан соң оқушыларға жаңа сабақтың оқу мақсаты таныстырылады.

Бүгінгі сабақтың оқу мақсаты:

10.1.4.6 атомдардың электртерістілік ұғымының физикалық мәнін түсіндіру және оның негізінде химиялық байланыстың түрін болжау;

10.1.4.7 ковалентті байланысты қосылыстар үшін «нүктелер мен айқыштар» диаграммасын құрастыру;

Осы жоғарыдағы оқу мақсатына жету жолында қандай іс-әрекеттер жасау мүмкіндігі оқушылардан сұралып, бірлесе отырып сабақтың мақсаттары анықталады (мүмкін болатын сабақтың мақсаттары):

- Электртерістілік ұғымының не екенің біледі және түсінеді;

- Ковалентті байланыстың не екенің біледі;

- Ковалентті байланыстың түзілу механизмін түсінеді;

- Ковалентті байланыстың түзілуін нақты мысалдар арқылы жазып түсіндіреді;

Бұл жоғарыда көрсетілген оқу мақсаттары мұғалімнің ұсынған нұсқасы, оқушылар тарапынан айтылған идеялар да мұқият ескеріледі. Тыңдалынады. Ортаға тасталған барлық идеялар ескеріп, ең ұтымды нұсқасы таңдалынып тақтаға флипчарт қағазында жазылады немесе тақтаға жазылады. Оқушыларға осы критерийлер бойынша сабақ өтілетіні ескертіледі және сабақ барысында осы критерийлерді басшылыққа алу ұсынылады.

Сабақтың тақырыбы:

Электртерістілік және байланыс полюстілігі

Сабақтың ортасы

9-15 минут

Электртерістілік (ЭТ) ұғымын атомдардың басқа атомдардан валенттік электрондарды тарту қабілеттілігі деп түсіндіріңіз.

ҚОСЫМША №1

(W) «Нүктелер мен айқыштар» диаграммасы идеясын ұсыныңыз. Алдымен ковалентті полюссіз, содан кейін полюсті байланыстың ерекшелігін түсіндіріңіз.

ҚОСЫМША №2

(I) (f) Аталған байланыс түріне көптеген заттардың формулаларынан мысалдар келтіріңіз, оған «Нүктелер мен айқыштар» диаграммасын құруды

сұраңыз.

ҚОСЫМША №2

Осы кезде оқу мақсаттары бойынша қысқаша бекіту процесі жүреді.

(f) Осы кезде бағалау үдерісі жүреді

Жаңа сабақ аяқталғаннан соң оқушылардың жаңа сабақты қалай меңгерегенің, алдын-ала оқушылармен бірлесе белгіленген критерийлерді негізге ала отырып сабақты бекіту процесі жүргізіледі.

Оқушылардан сұралатын сұрақтар мен тапсырмалар:

І деңгейлі тапсырмалар (білу мен түсіну):

1. Электртерістілік (ЭТ) ұғымын қалай түсінесіздер?

2. «Нүктелер мен айқыштар» диаграммасы дегенде нені түсінесіз? Нақты мысал арқылы түсіндіріңіз.

ІІ деңгейлі тапсырмалар (қолдану):

1. Ковалентті полюссіз, содан кейін полюсті байланыстың ерекшелігін нақты мысалдармен көрсетіңіз («Нүктелер мен айқыштар» диаграммасы арқылы).

2. Ковалентті полюсті және полюссіз байланыс түріне 2-3 заттың формулаларынан мысалдар келтіріңіздер.

3. Аммиак пен метан молекуласы үшін «Нүктелер мен айқыштар» диаграммасын құрыңыздар.

ЭТ туралы мәлімет : http://www.yaklass.ru/p/himija/8-9-klass/stroenie-veshchestva-18844/elektrootritcatelnost-khimicheskikh-elementov-18845/re-d48636e5-fc98-49bc-aa70-ca5a271dce44

Сабақтың соңы

38-40 минут

Оқушыларды бағалауда олардың сабаққа қатысуы, мұғалім және достары тарапынан берілген сұрақтарға жауап берулері ескеріледі. Оқушылар арасында өзін-өзі және өзара бағалау процесі жолға қойылады.

Үй тапсырмасы:

Оқу мақсатына сай үлестірме тапсырмаларды орындап келу.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Электртерістілік ұғымын біледі және түсінеді. Осы білгендерін ковалентті байланыстың түзілуінде қолдана алады.

Кейбір оқушылар:

Оқу мақсатын жете түсініп, оған жету жолында алға қойылған критерийлерді толықтай меңгереді. Оқу мақсатына толық жетіп, сабақ барысында өзінің үйренгенің өзге достарыменн бөлісе алады.

Оқушылардың оқу жетістігін бағалау үшін олардың берілген сұрақтар мен тапсырмаларға жұрыс және анық жауап беруі, практикалық жұмысты сауатты орындауы басты назарда болады. Сондай-ақ олар өз ойларын ашық түрде жеткізе алулары керек.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қосымша №1

 Электртерістілік - элеметтің сыртқы электрон қабатын толықтыруға ұмтылысын сипаттайтын шаманы айтады. Заттардың формулаларын жазғанда электртерістілігі төмен элемент алдымен, ал электртерістілігі жоғары элемент соңынан жазылады. Химиялық байланыстың түзілуі мен оның қасиеттері әрекеттесуші элементтердің атомдарының құрылысына тәуелді болады. Электртерістілік период бойынша солдан оңға қарай, ал топ бойынша төменнен жоғары қарай артады.

 * Егер байланыс түзуші элементтердің электртерістілігі бірдей болса, ковалентті полюссіз байланыс түзеді.

 * Байланыс түзуші элементтердің электртерістіліктерінің айырмашылығы аз болса, ковалентті полюсті байланыс түзіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 ҚОСЫМША №2

Ковалентті байланыс ортақ электрон жұбы түзілу арқылы іске асатын байланыс.

Ковалентті полюссіз байланыс

 Электртерістілігі бірдей атомдар арасында түзілетін байланыс. Мұнда ортақ электрондары екі атомның арасында симметриялы орналасып, ешбір атомға қарай ауытқымайды.

 

 

 

 

Ковалентті полюсті байланыс

 Ковалентті полюсті молекулада химиялық байланыс түзетін ортақ электрондар электртерістілігі күшті атомға ығыса орналасады. Молекуланың полюстілігі диполь моменті арқылы көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?