Радиоактивтілік заттар туралы түсінік. Ядролық реакциялар және олардың Қазақстан энергетикалық потенциалындағы маңызы. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.1AАтом құрылысы

Мектеп:

Қостанай қ. ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

10 А, В, С, D

Қатысқандар саны:

А (...), В (…), С (…), D (...)

Қатыспағандар саны:

А (...), В (…), С (…), D (...)

Сабақ тақырыбы

Радиоактивтілік заттар туралы түсінік. Ядролық реакциялар және олардың Қазақстан энергетикалық потенциалындағы маңызы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

- радиоактивтілік заттар туралы түсіне білу;

- қарапайым ядролық реакцияларды жаза білу

-Қазақстан Республикасының ядролық энергетикасы туралы білу;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар үйренеді:

- радиоактивті сәулеленудің түрлері мен қасиеттерін біледі;

Оқушылардың көбісі үйренеді:

-ядорлық реакция теңдеулерін жаза алады;

Кейбір оқушылар үйренеді:

- альфа-, бета- және гамма- ыдыраулары үшін ену қабілеті бойынша қорытынды шығарады;

 Жетістік

 критерийлері

- атомдық энергияны қолданудың болашағын біледі;

- атомдық энергияны қолданудың маңызын түсінеді;

- тақырыпқа ие болуын көрсетті, деректерге сүйене отырып дәлелдеді, заманауи тенденцияларды және осы аймақта ахуалдарды түсінді

- нәтижелерді шығара отырып, айқын қорытындылар жасайды

- қойылған сұрақтарға жауап берді;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

тақырыпты зерттей отырып және алынған мәліметтерден өздерінің қалаулары бойынша сапалы ауызша презентация жасау;

Пәнге қатысты лексика мен терминология

деңгей, деңгейше, орбиталь, айналу, квант саны, изотоптар, (радиоактивті) ыдырау, (масс-) спектрометр, (масс-) спектр, (электрондық) конфигурация, иондану, экрандау

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

X -ті yyyy-та ашқаннан кейін, Z… тұжырымдамасы

Z атом ядросы … тұрады деп болжады

Бұл теория … ашуға көмектесті (анықталған факт)

 Құндылықтарды

 дарыту

– Сыйластық (Бір-бірінің ойын айту кезінде)

– Ынтымақтастық (жұптық жұмыс барысында)

– Ашықтық (сұрақтарды ұялматсан қою және оларға жауап беру)

Жаһандық азаматтықты тәрбиелеу

Этикалық жауапкершілік пен белсенділікті жеке және ұжымдық іс-әрекеттер арқылы тәрбиелеу

АҚТ қолдану дағдылары

Графиктермен жұмыс. Спектрдің нақты деректерін оқу үшін компьютерді пайдаланыңыз.

Өмірмен байланыс

Радиация және оның қоршаған ортаға әсері.

Пәнаралық байланыстар

Физика, экология

Бастапқы білім

«атом құрылысы», «изотоп»

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

Ұйымдастыру сәті. Амандасу.Ынтымақтастыру атмосферасын құру.

Сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттарын және жетістік критерийлерін анықтау.

Презентация

Сабақтың ортасы

3-10 мин

Бейнебаян қарау: (twigbilim.kz)

**Радиоактивті заттар

Бейнебаянды қарастырып, терминдерге анықтама жазу.

Радиация

Радиоактивтілік

Радиоактивті ыдырау

Радиация (лат. «сәулелену», «жарық шығару») – кеңістікте энергияны түрлі толқындар мен бөлшектер ретінде тарату.

Радиоактивтілік (лат. radіo – сәуле шығару, actіvus – әсерлік) –атом ядроларының басқа элементтер ядросына бөлшектер немесе гамма-кванттар шығару арқылы өздігінен түрлену құбылысы.

Радиоактивті ыдырау – радиоактивті бөлшектерді тарату.

Анықтамалардың айырмашылықтарын қарастыру.

https://twig-bilim.kz/kz/film/radioactive-substances

11-13 мин

Бейнебаян қарау:

**Радиация түрлері (bilimland.kz)

**Радиоактивті ыдырау

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/zhalpy-ximiya/atomnyng-qurylymy/lesson/radioaktivtilik

14-20 мин

Сұрақ:

*Радиоактивті ыдыраудың қандай түрлерін білесіңдер? Мұғалім радиоактивті ыдырау (α,β,γ ыдырау )түрлерін түсіндіруі қажет.

Альфа – ыдырау Плутоний атомы альфа ыдыраунәтижесінде уранға айналады және бір альфа бөлшек бөлінеді . Альфа бөлшек екі протон мен екі нейтроннан тұрады (не гелий атомының ядросы ) Бұл бөлшек ауыр болғандықтан баяу қозғалады , сондықтан оны қағаз кедергісі арқылы да тоқтатуға болады.

Бета - ыдырау

Радиактивті ыдырау кезінде ядроның ішінде нейтрондар протонға айналады да электронды не бета бөлшекті оңай бөліп шығарады. Электрон кішкене болғандықтан өте жылдам қозғалады. Сондықтан оны жұқа алюминий пластинка ғана тоқтата алады.

Гамма – ыдырау

Гамма- ыдырау негізінен альфа және бета ыдыраудан кейін жүзеге асады. Ол бөлшек емес жоғарғы энергиялы толқын, сондықтан жылдамдығы өте жоғары, оны тек бетон қабат не қорғасын тоқтатады

    • мин

Оқушыларға «Табиғи радиоактивтілік, радиоактивті ыдырау» туралы қосымша ақпарат және әр сәулелену түріне сәйкес суреттерді тарату.

Қосымша 1

Қосымша 2

Тақтамен жұмыс:

Оқушылармен бірлесе отырып, тақтада тапсырманы орындау:

26-38 мин

Оқушылардың білімін бекіту мақсатында ҚБ тапсырмасын алу.

Тапсырма:

** Радиоактивті ыдырау реакция теңдеулерін аяқтаңыз:

2) Келесі реакцияларда радиоактивті ыдыраудың қандай типі көрсетілген?

Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.

Қосымша 3

37-38 мин

Үй жұмысы:

Топтық жұмыс (4топ)

Тапсырмаларды ғаламтор ресурстарымен немесе ақпарат ресурстарын қолдана отырып орындайды.

1 топ: Атомдық энергетиканың тарихи дамуын көрсететін интеллектуалды картаны құрастыру.

2 топ

1. Ғаламтор-ресурстарын қолданып, http://old.kazatomprom.kz/ru/pages/Kazatomprom_segodnya, «Казатомпром» ұлттық атомдық компания жұмысының барлық бағыттарын көрсететін сызбанұсқа (кесте) құрастырыңыз.

3 топ

  • «Казатомпром» Холдингісінің жарнамалық акциясын ұйымдастырасыздар. Сіздердің міндетіңіз: Қазақстанның атомдық энергетикасының дамуына қаражат бөлуге инвесторларды сендіру.
  • Бұл үшін мәтінде қолдана отырып, жарнамалық плакат құрыңыз.

4 топ:

1.Қазіргі кездегі атомдық энергетиканың артықшылықтарын, ал екінші топ кемшіліктерін дәлелдейді.

Сабақтың соңы

39-40 мин

Рефлексия. Қойылған мақсаттар мен критерийлерге оралу.

Презентация

79-80 мин

Рефлексия. Кері байланыс.

Үй жұмысы

Теориялық ақпаратты қайталау.

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлығы:

- радиоактивті сәулеленудің түрлері мен қасиеттерін біледі;

Көбісі: -ядорлық реакция теңдеулерін жаза алады;

Кейбіреулері: - альфа-, бета- және гамма- ыдыраулары үшін ену қабілеті бойынша қорытынды шығарады;

Бекітуге арналған тапсырмаларды тексере отырып, оқушылардың қаншалықты жаңа ақпаратты игергенін қадағалайды.

Интерактивті тақтамен мұқият жұмыс жасау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?