Радиоактивтілік. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.1AАтом құрылысы

Мектеп: Талдықорған қ. ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Радиоактивтілік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.1.2.5 Изотоптардың радиоактивтілік табиғатын және қолданылуын түсіндіру;

10.1.2.6 Химиялық элемент атомдарының ядроларындағы протондық/нейтрондық қисыққа қатысты изотоп ядроларының тұрақтылығын анықтау.

10.1.2.7 Ядролық реакция теңдеулерін құру;

Сабақ мақсаттары

Радиоактивтілік ұғымын түсіндіру. Радиоактивтіліктің үш түрін анықтау және сипаттау.

Химиялық элемент атомдарының ядроларындағы протондық/нейтрондық қисығын моделдеу, изотоп ядроларының тұрақтылығын анықтау.

Ядролық реакция өнімдерін болжау, тұрмыста кездесетін радиация түрлерін сипаттау.

 Бағалау

 критерийлері

Радиоактивтілік ұғымына түсіндіре алады;

Изотоптардың радиоактивтілік табиғатын және қолданылуын түсіндіре алады;

Альфа, бета және гамма ыдыраулары үшін радиоактивті сәулелердің табиғатын дұрыс көрсетеді;

Ядролық реакция теңдеулерін құрастыра алады.

Тілдік мақсаттар

Негізгі сөздер мен сөз тіркестері:

Радиоактивтілік, ядролық ыдырау, жартылай ыдырау кезеңі, альфа/бета/гамма радиация, фундаментальдық бөлшектер, атом ядросы, тұрақты/тұрақсыз, радиоактивтілі, изотоптар, ығысу ережесі.

Радиоактивті (атомды) ыдырау .... жағдайында туындайды..

.... жағдайында ыдырау жалғасады, тоқтатылады

альфа/бетта/ /гамма үшін теңдей .. ыдырау бұл -…

Оқушылар орындай алады:

альфа-, бета- және гамма- сәулеленудің және ядролық ыдыраудың сипатын ауызша сипаттайды.

 Құндылықтарды

 дарыту

 Өмір бойы оқу/ізденіс арқылы/

Мақсаттылық / топпен жұмыс істеуде /

Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін дамыту, қабілетін арттыру

Жауапкершілік /өз білімдерін  бағалауда/ ,бірлесіп жұмыс жасауға / және кері байланыс /

АҚТ қолдану дағдылары

Графиктермен жұмыс. Нақты деректерін оқу үшін компьютерді пайдалану.

Пәнаралық байланыстар

Физика

Бастапқы білім

«атом құрылысы», «изотоп»

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру сәті.

Ынтымақтастық атмосферасын құру.

Электр энергиясын қалай қолданамыз?

Ядролық энергия туралы көзқарасыңыз қандай?Ядролық энергияны пайдалануда қорқыныш немесе күмәніңіз бар ма?

Оқушылар өз көзқарастарымен бөлісіп сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.

Өткен тақырыпты қайталау

  • Атом дегеніміз не?
  • Атом моделін салыңыздар?
  • Атомды өзгертуге болады ма?
  • Егерде өзгертсек қандай құбылысты байқар едіңіздер?

Кері байланыс беріліп, оқушылар бір – бірін толықтырады.

Мен кіммін ойыны. Атом құрылысын және химиялық элементтер таңбасын мини тақташаларды пайдаланумен жылдам қайталау.

Презентация

Сабақтың ортасы

Радиация, сәулелену туралы түсінік беру.

Радиация шығарылған жылу мен жарыққа қатысты бола алады, бірақ әдетте термин иондалған сәулеленуге қатысты қолданылады. Егер атом немесе молекула электронды қосып немесе жоғалтып, зарядталған болса, онда ол ион деп аталады. Жеткілікті энергиясы бар радиация иондалған радиация деп аталады. Ол әр алуан түрге, не гамма сәулелену секілді жоғары энергетикалық электромагниттік толқындарға, не альфа мен бета сәулелену секілді бөлшектерге айнала алады. Иондалған радиация ыдырап кеткен тұрақсыз атомдардың ядросынан табиғи жолмен таралады.

Twig видео көрініс арқылы радиоактивтілік ұғымына түсінік беру

Сұрақтарды топ арасында талқылау

  • Радиоактивтілік дегеніміз не?
  • Қандай ғалымдар зерттеді?
  • Ерлі – зайыпты Кюрилер еңбектерінің мәні неде?
  • Қандай элементтер радиоактивті деп аталады? Мысал келтіріңдер.

Ядро үлкен болған сайын олардың тұрақтылығы азайып, олар ыдырау тенденциясына ие екендігін – атом ядросының өздігінен ыдырауы радиоактивтілік деп аталатындығын түсіндіру.

Оқушыларды радиоактивтілікті анықтау тәсілі ретіндеғ иондалған бөлшектерді санау үшін прибор - Гейгер есептеуішімен таныстыру

Альфа-, бета- и гамма- сәулеленудің қасиеттерін талқылау

Сәулеленудің үш негізгі түрі бар: альфа, бета және гамма.

Альфа бөлшектер екі нейтрон және екі протоннан тұрады. Альфа бөлшектер – салыстырмалы түрде үлкен, жай қозғалады және оң зарядталған. Олардың диапазоны мен өту тереңдігі қысқа. Тұрақсыз ядродан тарайтын альфа бөлшектерді қағаз парағы немесе ауаның бірнеше сантиметрі жұта алады.

Бета бөлшектер – тез қозғалатын электрондар. Олар нейтрон протонға ыдыраған кезде, тұрақсыз атом ядросынан таралады. Олар – кішкентай, тез қозғалады және теріс зарядталған. Бета бөлшектерді ауаның бірнеше сантиметрі немесе алюминийдің бірнеше миллиметрі жұта алады.

Гамма сәулелер – жоғары энергиялы электромагниттік сәулелену. Олардың өтімділігі жоғары, сондықтан гамма сәулелерден қорғану үшін қалың қоршау қажет.

Осы үш түрмен қатар, ядроның ыдырауы кезінде тарайтын басқа да сәулеленудің түрлері бар. Электрондардың антибөлшектері, позитрондар секілді жеке протондар мен нейтрондарға тарала алады. Протондар мен нейтрондардың жиынтығы шыққан альфа бөлшектерден ауыр болатын "топпен ыдырау" да жүруі мүмкін.

Видео көрсету.

Альфа, бета және гамма сәулелену не екенін сипаттап және әр үш сәулеленудің ядро ішінде не болатынын талдау. Талдау барысында атом нөмері және атомдық массамен қандай өзгеріс болатынын көрсету керек.

Талдау нәтижесін кестеге толтыру (дәптерге жазу)

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/zhalpy-ximiya/atomnyng-qurylymy/lesson/radioaktivtilik

Radioactivity: Definition, Types & Uses - Video & Lesson Transcript | Study.com

Оқушылардың білімін бекіту мақсатында ҚБ тапсырмасын алу.

О.М: 10.1.2.5 Изотоптардың радиоактивтілік табиғатын және қолданылуын түсіндіру;

Дағдылар: Білу және түсіну

Тапсырма

1. Ядролық реакция теңдеуін жазыңдар:

  • алюминий (2713Al) нейтронды қосып алып, α-бөлшегін бөліп шығарады;

............................................................................................................................................................................

  • азот (147N) α-бөлшегімен атқылағанда протон және гамма бөліп шығарады.

............................................................................................................................................................................

Бағалау критерийлері

Егер төмендегі бағалау критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

  • альфа, бета және гамма ыдыраулары үшін радиоактивті сәулелердің табиғатын дұрыс көрсетеді,
  • задрядын табады және ену қабілеті бойынша қорытынды шығарады.

Атом құрылысы туралы білімдеріңізді пайдаланып, төмендегі тұжырымдардың дұрыс – бұрыстығын анықтаңыз. Егер жауап бұрыс болса, қалай түзетуге болады? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.

True / False

1 Тамақтану кезінде сәуле бөлінеді

2 Табиғи радиоактивтілік адамдаға қауіпті емес

3 Адам ағзасы сәуле шығарады.

4 Субатомды бөлшектер (протондар, нейтрондар және электронда атомның негізін құрайтындықтан, олар біртұтас болып табылады.

5 Жоғары дәрежеде сәулелену рак ауруын тудырады.

6 Бір элемент өздігінен басқа элементке айналады.

7 Радиоактивтілікті емдік мақсатта қолдануға болады.

8 Кейбір изотоптар радиоактивті болып табылады.

9 Радиоактивті изотоптар уақыт өткен соң басқа изотоптарға бөлінеді.

10 Жартылай ыдырау периоды - радиоактивті зат массасының жартысы ыдырайтын уақыт аралығы

11 Радиоактивтілікті жұқа қағаз көмегімен тоқтатуға болады.

12 Радиоактивтілікт кезінде шығатын сәулелер сүйектен өтеді.

Бағалау критерийі:

9 – 10 тұжырымды дұрыс белгілейді.

Өз жауаптарын дәлелді түсіндіреді.

Сабақтың соңы

Рефлексия. Қойылған мақсаттар мен критерийлерге оралу.

Үй жұмысы:

Радиация медицинада қалай қолданылады? Мысал келтір

Онкологиялық ауруларды емдейтін емханада істейтін медбикелерге қандай радиоактивтілік қаупі бар? Радиацияға шалдығу қаупін қалай азайтуға болады?

Презентация

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлығы:

- радиоактивті сәулеленудің түрлері мен қасиеттерін біледі;

Көпшілігі: ядорлық реакция теңдеулерін жаза алады;

Кейбіреулері: - альфа-, бета- және гамма- ыдыраулары үшін ену қабілеті бойынша қорытынды шығарады;

Бекітуге арналған тапсырмаларды тексере отырып, оқушылардың қаншалықты жаңа ақпаратты игергенін қадағалайды.

Интерактивті тақтамен мұқият жұмыс жасау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды