Кремний және оның қосылыстарының құрылысы, қасиеттері және қолданылуы. Химия, 9 сынып, сабақ жоспары,.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.4А 14-топ. Кремний химиясы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Кремний және оның қосылыстарының құрылысы, қасиеттері және қолданылуы

Оқу мақсаттары:

9.2.1.16 кремний, кремний оксиді және кремний карбидінің құрылысы, қасиеттері және қолданылуын білу;

9.2.1.18 кремнийдің және оның қосылыстарының қазіргі әлемдегі алатын орнын бағалау.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар білу керек:

- кремний, кремний оксиді және кремний карбидінің құрылыстары мен негізгі қасиеттерін;

Оқушылардың көбісі білуі керек:

- кремний, кремний оксиді және кремний карбидінің қасиеттеріне қарай қолданылуын;

Кейбір оқушылар білуі керек:

- кремний, кремний оксиді және кремний карбидінің қазіргі әлемдегі алатын орнын.

Бағалау критерийлері:

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

  • Кремний және оның қосылыстарының құрылысына қарап, қасиеттерін болжай алса;
  • Кремний және оның қосылыстарының қасиеттерінің негізінде қолдану аясын сипаттай алса;
  • Кремний және оның қосылыстарының әлем бойынша қолданылуының маңызын түсіндіре алса.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар кремний мен оның қосылыстарының құрылысын, қасиеттерін және қолданылуын түсінеді, сұрақтарға жауап береді және жауаптарын дәлелдей алады.

Пәнге қатысты лексика және терминология: кремний, кремний диоксиді, кремний карбиді, кристалды кремний, аморфты кремний, тетреэдр құрылымды, алмаз тәріздес, құрылымдық формула, физикалық және химиялық қасиеттер.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық – жұптық жұмыс арқылы қалыптастырылады.

Өмір бойына білім алу – кремний мен оның қосылыстарының химиялық және физикалық қасиеттерін құрылысына қарай болжай алады.

Пәнаралық байланыстар

Физика, жаратылыстану.

АКТ қолдану дағдылары

Презентация және ресурстармен жұмыс істеп, ақпаратты өңдеу.

Бастапқы білім

7.4А Атом құрылысы;

7.4В Периодтық жүйеге кіріспе;

8.4А Көміртегі және оның қосылыстары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен сәлемдесу. Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақтың тақырыбымен және оқу мақсаттарымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.

Оқушыларға бүгінгі сабақ барысын айту:

– Сабақты жұптық жұмыспен бастайсыздар, әр жұпқа тақырып бойынша қысқаша мәтін беріледі, әрқайсысыңыз мәтінмен танысып, өз түсінгендеріңізді басқаларға жеткізу мақсатында «Карусель» әдісін пайдаланасыздар. Өз орындарыңызға қайтып келген соң, әрқайсысыңыз өздік жұмыс орындап, білімдеріңізді тексересіздер. Іс-әрекеттеріңізге қарай сабақ соңында бағаларыңыз беріледі.

Сабақтың ортасы

Жұптарға тақырып бойынша мәтіндер таратылады.

Мәтінмен танысуға 5 мин уақыт беріледі.

(Сынып оқушыларының санына қарай жұптың тапсырмаларын біріктіріп жіберуг де болады).

1-жұп – Кремнийдің аллотропиясы;

2-жұп – Кремнийдің алынуы, физикалық қасиеттері және қолданылуы;

3-жұп – Кремнийдің химиялық қасиеттері;

4-жұп – Кремний диоксидінің құрылысы, қасиеттері мен қолданылуы;

5-жұп – Кремний карбидінің құрылысы, қасиеттері мен қолданылуы;

6-жұп – Кремний қышқылының алынуы мен қасиеттері.

«Карусель» әдісі: Мұғалімнің шапалақ белгісі арқылы 2 мин сайын жұптардың құрамы ауысады.

Өздік жұмыс тапсырмаларымен таныстырылады.

  • Кремний, кремний оксиді мен кремний карбидінің құрылысы, қасиеттері және қолданылуы көрсетілген кесте/сызбанұсқа құрыңыздар.
  • Кремний оксиді мен кремний қышқылының химиялық қасиеттері бойынша кластер құрып, бір мысалдан келтіріңіздер.
  • Алмаз, кремний, кремний диоксиді және кремний карбидінің кристалдық торларының 3D суретін салып, шар стерженьді модельдерін құрастырыңыздар.

Оқушыларда модельдеу барысында қиындық туса, презентациядағы соңғы слайдтарды қолдануға болады.

Оқушыларды бағалау.

РРР, Қосымша 1

РРР, шар стерженьді модельдеу жинағы

9, 10-слайдтар

Сабақ соңы

Оқушылармен оқу мақсаттарына жеткен-жетпегендерін талқылау.

Үй тапсырмасы: Кремнийдің және оның қосылыстарының қазіргі әлемдегі алатын орны (1 сөйлем)

РРР

Рефлексия:

Тұжырым

Ия

Жоқ

Қиындықтар бар

Кремний, кремний оксиді мен кремний карбидінің құрылыстарын сипаттай аламын

Кремний, кремний оксиді мен кремний карбидінің құрылыстарын алмазбен салыстыра аламын

Кремний, кремний оксиді мен кремний карбидінің құрылыстарына қарай физикалық қасиеттерін болжай аламын

Кремний және оның қосылыстарының алыну жолдарын және химиялық қасиеттерін түсіндім

Кремний және оның қосылыстарының қолданылуын сипаттай аламын

Кремнийдің аллотропиялық түрөзгерістерін атай аламын

Кремний мен оның

қосылыстарының құрылыстарын модельдей аламын

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұпта жұмыс жасағанда, тапсырма орындауда қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмен оқушыны оқыта алады.

Өздік жұмысты орындағанда оқушылардың сұрақ қою жиілігіне қарап бағалаймын.

Оқушылар оқылған материалды қоршаған орта мен адам денсаулығы талаптарымен сәйкестендіре алады.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?