Кремний және оның қосылыстарының құрылысы, қасиеттері және қолданылуы. Химия, 9 сынып, дидактикалық материал.


1-жұп

Кремнийдің аллотропиясы.

Кремнийдің екі аллотропиялық түрөзгерісі бар. Ол – кристалдық және аморфты кремний.

Кристалдық кремний – қара сұр, металдық жылтыры бар, өте қатты, сынғыш, қиын балқитын, аздап электр тоғын өткізетін зат. Құрылымы алмаз тәріздес және берік ковалентті байланыс түзеді. Инертті.

Аморфты кремний – сұрғылт түсті, ылғал тартқыш (гигроскопты), құрылымы алмаз тәріздес, реакцияға қабілетті ұнтақ зат.

Кристалды кремний Аморфты кремний

2-жұп

Кремний

Алынуы. Кремнийді лабораторияда магнийді ұнтақ ақ құммен қосып қызыдырып алады:

+ +

Реакция нәтижесінде сұрғылт ұнтақ аморфты кремний алынады.

Өнеркәсіпте құм мен көмір өоспасын қыздырып алады:

+ +

Физикалық қасиеттері. Қатты, кристалды, қиын балқитын зат, tб= 1728°C, tқ = 2590°C.

Қолданылуы. Таза кремний – жартылай өткізгіш, сол себепті техникада, электротехникада, фотоэлемент жасауда кеңінен қолданылады. Жартылай өткізгіштерде кремний кристалдары күн энергиясының сәулесін электр энергиясына айналдыратыны пайдаланылады. Сонымен қатар отқа және қышқылға төзімді болат алу үшін де кремний қажет. Кремнийдің құймаларға қосылуы олардың коррозияға төзімділігін арттырады.

 

 3-жұп

Кремнийдің химиялық қасиеттері. Кремний атомдары өзара ковалентті полюссіз байланыс түзеді. Оның кристалдық торы – атомдық. Кәдімгі жағдайда кремний химиялық инертті элемент және бөлме температурасында тек фтор газымен әрекеттесе алады: Si +2F2 = SiF4

Кремнийді қыздырса, белсенділігі жоғарылайды.

Аморфты кремний қыздырғанда тотықсыздандырғыш ретінде жай заттармен әрекеттеседі.

Кремнийді 400—500 °C қыздырғанда O2, Cl2, Br2, S заттарымен әрекеттеседі: 

Si + O2  SiO2 Si + 2Cl2  SiCl4

Азотпен кремний 1000 °C температурада әрекеттесіп, нитрид Si3N4 түзеді; бормен – термиялық және химиялық тұрақты боридтер SiB3, SiB6 и SiB12 түзеді; көміртекпен – кремний карбидін SiC (карборунд) түзеді.

Кремний сутегімен тікелей әрекеттеспейді, оның ұшқыш сутекті қосылысын SiH4 (силан) еритін металл силицидтеріне күшті қышқыл қосу арқылы алады: Mg2Si + 4HCl → SiH4 + 2MgCl2

Кремний қыздырғанда металдармен силицидтер түзеді. Металмен әрекеттескенде тотықтырғыш рөлін атқарады: Si + 2Mg Mg2Si

Кремний қышқылдармен әрекеттеспейді, тек НNO3 мен HF қышқылдарының қоспасымен әрекеттеседі: 3Si+8HNO3+18HF=3H2[SiF6]+4NO+8H2O

Сілті ерітінділерінде суықта қарқынды ериді (бейметалдық қасиеттері):

Si + 2NaOH + H2O = Na2SiO3 + 2H2

Жоғары температурада сумен баяу әрекеттеседі: Si + 3H2O H2SiO3 + 2H2

4-жұп

Кремний диоксиді

Құрылысы. Кремний диоксиді – кремнийоттекті тетраэдрлардан тұратын полимерлі құрылысы алмазға ұқсас атомдық кристалдық торы бар қатты зат.

Кремний диоксидінің кристалдық торы берік ковалентті байланыспен байланысқан кремний және оттегі атомдарынан тұрады. Әрбір кремний атомына оттегінің төрт атомы қосылған, ал әр оттегі атомы кремнийдің екі атомымен байланысқан.

Физикалық қасиеттері. Кремнезем – қиын балқитын зат. Оның балқу температурасы 1714°С. Балқыған кремнезем суығанда аморфты кварц шынысына айналады. Құрамында кремний диоксиді өзі ғана болса, ақ түсті құм, ал темір қосылыстары араласса, сары немесе қызғылт қоңыр түсті болады.

Химиялық қасиеттері. Кремний диоксиді – қышқылдық оксид. Қышқылдық оксид ретінде негіздік оксидтермен және сілтілермен әрекеттесе алады, ал сумен реакция мүлдем жүрмейді. Ол іс жүзінде суда ерімейді.

Оны сілтімен қосып ұзақ қыздырғанда, силикат түзіледі: SiO2 + 2NaOH Na2SiO3 + H2O

Кремний диоксидін карбонаттармен қосып қыздырғанда, ұшқыш газ СО2 бөлінеді:

SiO2 + Na2CO3 Na2SiO3 + CO2

Фтормен және фторсутекпен оңай әрекеттеседі: 

SiO2 + 4HF = SiF4 + 2 H2O

SiO2 + F2 = SiF4 + O2

Қолданылуы. Табиғи кремнезем – барлық кремний қосылыстарын алудың басты шикізаты. Оны байланыстырғыш ретінде құрылыста және шыны, қыш, цемент, оптикалық линзалар өндірісінде, адсорбент алатын басты шикізат ретінде қолданады.

5-жұп

SiC – кремний карбиді (карборунд).

Құрылысы. Кремний карбидінде атомдық кристалдық тор, мұндағы кремнийдің әрбір атомы көміртектің төрт атомымен қоршалған, және керісінше. Атомдар арасындағы ковалентті байланыстар өте берік. Сондықтан карборунд қаттылығы бойынша алмазға жақын. 

Физикалық қасиеттері. Кремний карбиді – түссіз қиын балқитын қатты зат.

Алынуы. Құм және кокс қоспасынан электрлік пеште алады: SiO2 + 3C SiC + 2CO

Химиялық қасиеттері. Кремний карбиді химиялық байланысының беріктігі арқасында басқа заттардан жоғары химиялық және радиациялық төзімділігімен, физикалық қасиеттерінің температуралық тұрақтылығымен, механикалық беріктігімен және қаттылығымен ерекшеленеді. Инертті атмосферада кремний карбиді тек өте жоғары температурада айырылады:

SiC Si + C

Қатты қыздырылған буда кремний карбиді айырылады: SiC + 2H2O SiO2 + CH4

Қыздырғанда оттегімен әрекеттеседі: 2SiC + 3O2 2SiO2 + 2CO

Галогендермен әрекеттеседі: 1000оС температурада SiC + 4Cl2  SiCl4 + CCl4 

100оС температурада SiC + 2Cl2  SiCl4 + C 

Азотпен кремний нитридін түзеді:

6SiC + 7N2 2Si3N4 + 3C2N2

Белсенді металдармен силицид түзеді: 2SiC + 5Mg 2Mg2Si + MgC2

Концентрленген фторсутек (балқытқыш), азот және ортофосфор қышқылдарынан басқа қышқылдармен мүлдем әрекеттеспейді.

Қолданылуы. Жасанды бағалы тастар және қайрақ тастар, темір қорытпаларын өңдейтін құралдар жасауда қолданылады. Карборунд сондай-ақ бұрғылар, тегістегіш заттар жасауда, стамотологиялық құралдар өндірісінде, отқа, қышқылға төзімді заттар алу үшін де пайдаланылады.

6-жұп

Кремний қышқылы

Кремний қышқылын шартты түрде былай келтіруге болады:

H2Si03 - метакремний қышқылы,

H4Si04 - ортокремний қышқылы,

H4Si308 - трикремний қышқылы.

Метакремний қышқылы іркілдек (коллоид) күйінде болады.

Алынуы. Еритін тұзынан күшті қышқылмен бөліп алуға болады:

Na2Si03 + H2S04 (конц.) = H2Si03↓+ Na2S04

Физикалық қасиеттері.  H2SiO3 – өте әлсіз (көмір қышқылынан да), тұрақсыз, суда аз еритін (гель тәрізді қоймалжың ерітінді түзеді).

Химиялық қасиеттері. Н2Si03 қыздырғанда оңай айырылады: H2Si03  Н20 + Si02

Екі сатыда диссоциацияланады; тұздары СИЛИКАТТАР деп аталады:

NaHSiO3- натрий гидросиликаты

Na2Si03 - натрий силикаты

1) қышқылдармен: Na2SiO3+H2O+CO2=Na2CO3+H2SiO3

2) тұздармен: Na2SiO3+CaCl2=2NaCl+CaSiO3

3) Минералдардың құрамына кіретін силикаттар табиғи жағдайларда су мен көмірқышқыл газының әсерінен бұзылады – тау жыныстарының мүжілуі:

K2O • Al2O3 • 6SiO2 (дала шпаты)  + CO2 + 2H2O → Al2O3 • 2SiO2 • 2H2O (каолинит (ақ балшық)) + 4SiO2 (кремнезём (құм)) + K2CO3

Na2Si03, K2Si03 - еритін тұздар, оларды сұйық шыны деп атайды, желім ретінде қолданылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?