Көміртек, кремний және олардың қосылыстарының қасиеттері. Көміртек, кремний және олардың қосылыстарының табиғатта таралуы. Көрсетілім № 8 «Еріген заттың белсендірілген көмірге сіңірілуі (адсорбция). Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

ӘБ жетекшісі _________ (қолы) _______

 

Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Пән: Химия

Мұғалімнің аты-жөні: Келмұқанов Қ.Б.

Дата:

Класс:9

Оқушы саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

10.4А Маңызды p-элементтер және олардың қосылыстары

Сабақтың тақырыбы

Көміртек, кремний және олардың қосылыстарының қасиеттері.

Көміртек, кремний және олардың қосылыстарының табиғатта таралуы.

Көрсетілім № 8 «Еріген заттың белсендірілген көмірге сіңірілуі (адсорбция)

Бастапқы білім

Көміртекті оқыйтын барлық бөлімдер (электрондық құрылысы, аллотроптық модификациясы)

Элементтердің атомды және электронды құрылымды қамтитын барлық бөлімдер

Оқыту мақсаттары

10.2.1.34 көміртек, кремний және олардың қосылыстарының физикалық, химиялық қасиеттерін оқып білу;

10.2.1.35 иіс газымен уланудың қалай жүретінін түсіндіру және алғашқы көмек көрсету әдістерін сипаттау;

 Сабақтың мақсаттары

Көміртегі мен кремниді салыстыру

Бағалау критерийлері

Кремний мен көміртекті салыстыру;

Кремний мен алмаздағы көміртегінің химиялық байланыстарының және құрылымының ұқсастығы жайында қорытынды шығарды және ол немен көрсетілетінін түсіндірді.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындауы тиіс:

Кремний мен көміртегі арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды ұғыну, сұрақтарға жауап беру және дәлелдеуді жазу.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

кремний, электронлық құрылысы, көміртегі қосылыстары,кремний қосылыстары, аллотроптық модификациясы, коваленттік байланыс, макромолекула, кристаллдық тор

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Көміртегі Х ие/ түзеді / болып табылады және сонымен қатар кремний ие/түзеді /болып табылады.

Кремний Y ие/ түзеді /болып табылады, бірақ көміртегі ие емес/түзбейді/болып табылмайды

Көміртегі байланыстарды түзеді (саны,түрі) және кремний де байланыстар түзеді.(саны,түрі)

 Құндылықтарды

 дарыту

Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу.

Жаһандық азаматтық

 Пәнаралық байланыстар

Пән

Информатика

Кезең

Кремний қолданылуы

 Дифференциация

Көміртегі мен кремний қасиеттерін біледі

Кремнийдің құрылысының айырмашылық

тарын сипаттай алады

Кейбір реакцияларды болжай алады және сауатты қорытындылайды

Деңгейлік есептер

Барлығына:

1.Егер, 33 250 кДж жылу бөлінген болса, жанған көмірдің масссасы.

 

Берілгені:Q = 33 250 кДж.

       Табу керек:      m(C) = ?

Шешілуі:

Пропорция құру арқылы:

=

х = 12 (г)•33 250 (кДж)/402 (кДж) = 992,5 г.

Жауап. 992,5 г көмір жанды.

Кейбіреулеріне:

2.Көміртек жерге қалай оралады? Фотосинтез реакция теңдеуін құрыңыз.

(6СО2 + 6Н2О = С6Н12О6 + 6О2.)

3. Асханадағы таба астындағы жанатын тұрмыстық пропан газының жану реакциясын құрыңыз..

3Н8 + 5О2 = 3СО2 + 4Н2О.)

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация, интерактивті тақта

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 мин

Оқушылармен амандасу.

Жақсы көңілді атмосфера қалыптастыру.

  • Тот темірді жейді, от ......... жейді.
  • Темір кессең қысқа кес, ұзарту оңай,

............ кессең ұзын кес, қысқартуға оңай.

Мақал бойынша сабақтың тақырыбы және мақсаттары болжанады

Слайд 1-3

Сабақтың ортасы

3-10 мин

10-20мин

20-40 мин

40-45 мин

45-50 мин

50-55 мин

55-65 мин

60-75 мин

ҚБ. Тапсырма 1. (Жеке жұмыс)

(G) Оқушыларды төр топқа бөліңіз (әрбір топта бес адамнан кем емес).

Оқушылар топта жұмыс жасайды.

Тапсырма 1 (1 топ):

Көміртек және кремнидің аллотропиялық түр өзгерістерімен таныстырады;

Тапсырма 2 (2 топ)

Көміртек және кремний оксидтерімен таныстырады;

Тапсырма 3 (3 топ)

Көміртек және кремний түзетін қышқылдармен таныстырады;

Тапсырма 4 (4 топ)

Көміртек және кремний түзетін тұздармен таныстырады;

Постер немесе плакат қорғауға 5 минут.

Тапсырма 5

(G) «Елші тапсырмасы» топтағы оқушылар екі оқушы істеген плакатпен қалғандары («елшілер»)  басқа топтарға барады. Олар келгесін өз топтарына басқа топтардан үйренгендерін түсіндіреді.

ҚБ. 2-тапсырма.  Cәйкестендіру кестесін толтырады.

ФО. Тапсырма 3.

Адсорбция.

Көрсетілім № 8 «Еріген заттың белсендірілген көмірге сіңірілуі (адсорбция).

Мыңдаған өмірді сақтап қалған туынды.

Жұмбақ тас (химиялық жұмбақ ).

Адсорбцияға арналған тапсырмалар

Слайд 6-8

Слайд 12

Қосымша 1

Сабақтың соңы

75-80 мин

рефлексия

Не білдім

Не түсініксіз

Немен жұмыстану керек

Слайд

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу