Көміртек, кремний және олардың маңызды қосылыстары Көміртек, кремний және олардың қосылыстарының таралымы № 8 Көрсетілім «Ерітілген қосылыстардың белсендірілген көміртекпен сіңірілуі (адсорбция)». Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Көміртек, кремний және олардың маңызды қосылыстары

Көміртек, кремний және олардың қосылыстарының таралымы

№ 8 Көрсетілім «Ерітілген қосылыстардың белсендірілген көміртекпен сіңірілуі (адсорбция)»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.2.1.34 көміртек, кремний және оның қосылыстарының физикалық және химиялық қасиеттерін білу;

10.2.1.35 иіс газымен уланудың себептерін түсіну және алғашқы көмек көрсету әдістерін сипаттау;

Сабақ мақсаттары

Оқушы:

- көміртек пен кремнийдің физикалық және химиялық қасиеттерін білу;

- көміртек, кремний және олардың қосылыстарының табиғатта таралуын түсіну;

- көміртек пен кремнийдің қасиеттерін салыстыра алу;

- көміртек, кремний және оның қосылыстарының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін түсіндіре алу;

- иіс газымен улану процесін талдай алу;

- алғашқы көмек көрсету жолдырын ұсына алу;

Жетістік критерийлері

- көміртек пен кремнийдің физикалық және химиялық қасиеттерін біледі;

- көміртек, кремний және олардың қосылыстарының табиғатта таралуын түсінеді;

- иіс газымен улану процесін талдай алады;

- алғашқы көмек көрсету жолдырын ұсына алады;

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Көміртек, кремний, көміртек пен кремний қосылыстары, аллотропиялық түрөзгерістері, ковалентті байланыстар, макромолекула, кристалдық тор;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Көміртек Х ие/түзеді/болып табылады

Кремний Х Х ие/түзеді/болып табылады

Бірақ көміртек Х ие бола алмайды/түзебейді/болып табылмайды

 Пәнаралық

 байланыс

География

Биология

Бастапқы білім

Көміртек туралы оқытатын бөлімдер (электрон құрылысы, аллотропиялық түрөзгерістер)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

4-15

Сабақ басында:

«Стартер»

Мақсаты: оқушылардың назарын сабаққа аудару

-оқушылармен бірге сабақ тақырыбы мен мақсаттарын анықтау

-жетістік критерийлерін анықтау

Мұғалімнің іс – әрекеті: суреттер көрсетілген слайдпен таныстырады, бағыттаушы сұрақтар қояды, оқушыларды ынталандырады

Оқушының іс – әрекеті: өз ойын білдіреді, талқылайды

«Периодтық кестедегі заңдылықтар»

Мақсаты: алдыңғы білімдерін еске түсіру

Сипаты: Оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер жазылған карточкалар таратылады, оқушылар сөйлемдерді аяқтау керек, кейін карточкаларын алмастырып, бір – бірінің жауаптарын тексереді, жауаптарды талқылайды.

Мұғалімнің іс – әрекеті: бақылайды, қажет болған жағдайда сұрақтар мен жауаптарды дұрыстайды.

Оқушының іс – әрекеті: сөйлемдерді аяқтайды, талқылайды

Бағалау: бірін бірін бағалау

Презентация

1-4 слайд

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

15-25

25-40

40-65

65-77

«Физикалық және химиялық қасиеттері»

Мақсаты: - көміртек пен кремнийдің физикалық және химиялық қасиеттерін білу;

- көміртек пен кремнийдің қасиеттерін салыстыра алу;

- көміртек, кремний және оның қосылыстарының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін түсіндіре алу;

Сипаты: оқушылар жұпта теориялық материалды оқиды, талдайды, дәптерлеріне кестені толтырады

Мұғалімнің іс – әрекеті: Жұптардың жұмысын бақылайды

Оқушының іс – әрекеті: жаңа материалды оқып, танысу

Бағалау критерийлері: - көміртек пен кремнийдің физикалық және химиялық қасиеттерін біледі;

Дескрипторлар: - Көміртек қасиеттерін біледі;

  • Кремнийдің қасиеттерін біледі;
  • Екі элемент қасиеттерін салыстыра алады;
  • Ұқсастықтарын анықтай алады;
  • Ерекшеліктерін анықтай алады;

Бағалау: бірін – бірі бағалау

«Табиғатта таралуы»

Мақсаты: - көміртек, кремний және олардың қосылыстарының табиғатта таралуын түсіну;

Сипаты: мұғалім оқушыларды екі топқа бөледі, бірінші топ көміртектің таралуын, екінш топ кремнийдің таралуын оқиды, кейін кестені толтырады.

Мұғалімнің іс – әрекеті: топтардың жұмысын бақылайды.

Оқушының іс – әрекеті: кестені толтырады.

Бағалау критерийлері: - көміртек, кремний және олардың қосылыстарының табиғатта таралуын түсінеді;

Дескрипторлар: - көміртектің табиғатта кездесуін сипаттай алады;

  • Қосылыстарын біледі;
  • Кремнийдің табиғатта таралуын біледі;
  • Қосылыстарын атай алады;

Бағалау: бірін – бірі бағалау

«Иіс газымен улану»

Мақсаты: - иіс газымен улану процесін талдай алу;

Сипаты: оқушылар иіс газымен улану туралы интернет – көздерінен оқиды және бір – бірімен талқылайды.

Мұғалімнің іс – әрекеті: бақылайды, көмектеседі, қолдайды

Оқушының іс – әрекеті: талдайды, мәліметтермен бөліседі

Бағалау критерийлері: - иіс газымен улану процесін талдай алады;

Дескрипторлар: - иіс газымен улану көздерін атай алады;

  • Ағзаға зиянын біледі;
  • Ағзаға әсерін жою жолдарын біледі;

Бағалау: бірін – бірі бағалау

«Иіс газымен улану кезіндегі алғашқы көмек»

Мақсаты:

- алғашқы көмек көрсету жолдырын ұсына алу;

Сипаты: оқушылар шағын топтарда иіс газымен улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек туралы оқиды

Мұғалімнің іс – әрекеті: бақылайды, көмектеседі, қолдайды

Оқушының іс – әрекеті: талдайды, презентация бойынша жауаптарын айтады

Бағалау критерийлері: - алғашқы көмек көрсету жолдарын ұсына алады;

Дескрипторлар: - ағзаға тигізетін зиянын біледі;

  • Алғашқы жәрдем көрсету жолдарын сипаттай алады;

Бағалау: өзін – өзі бағалау

Қосымша 2

Слайд 5

Қосымша 3

Слайд 6 - 7

Слайд 8

Қосымша 4

Сабақтың соңы

77-80

Рефлексия

Сипаты: (С) сабақтың басты мақсаттарын сұрақ қою арқылы қорытындылау

Мақсаты: оқушылардың түсінігін бағалау, келесі сабақта назарда ұстау керек тұстарын анықтау

Оқушының іс – әрекеті:

Мен білдім…

Мен уйрендім…

Маған ұнады…

Мен қиналдым…

Менің көңіл – күйім…

Кері байланыс: оқушы - оқушы

Стикерлер

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығыОМ қол жеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқула рболды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралыда, оқу туралыда ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлуқажет?

Қосымша 1

Период бойынша солдан оңға қарай атомдардың __________________________________________ қасиеттері азаяды

Период бойынша солдан оңға қарай атомдардың __________________________________________ қасиеттері артады

Период бойынша солдан оңға қарай атомдардың __________________________________________ қасиеттері азаяды

Период бойынша солдан оңға қарай атомдардың __________________________________________ қасиеттері артады

Қосымша 2

Қасиеттері

Көміртек

Кремний

Қосымша 3

Минералдың атауы

Минерал құрамы

Қосымша 4

Көрсетілім

«Ерітілген қосылыстардың белсендірілген көміртекпен сіңірілуі (адсорбция)»

ОМ: - көміртек пен кремнийдің физикалық және химиялық қасиеттерін білу;

Мақсаты: көміртектің адсорбциялық қасиеттерін білу;

Реактивтер мен құрал – жабдықтар: 250 мл колба, белсендірілген колба, көміртек, құм, калий перманганаты ерітіндісі, мыс купоросы

Жұмыстың барысы: 1 тәжірибе. Қоңыр қызыл түсті азот (IV) оксиді бар колбаға ұнтақталған карболен немесе көміртек «древесный уголь) салып сілкіңіз. Қоңыр қызыл түс жоғалады.

2 тәжірибе. Шыны түтікке мақта және үгітілген карболен (белсендірілген көмір), кишкене жуып кептірілген құм салыңыз. Түтікті штативке бекітіп, үстінен калий перманганаты ерітіндісін құйыңыз. Калий перманганаты ерітіндісі түтіктен толықтай ағып шыққнша күтіңіз. Кейін түтіктен мыс купоросын өткіземіз. Адсорбенттің қабатынан өткен ерітіндіні жинау үшін түтіктің төмен жағына стақан қоямыз. Оған түссіз ерітінді ағады.

3 Тәжірибе. Бір сынауыққа индиго ерітіндісін, екінші сынауыққа йод ерітіндісін құямыз. Екі сынауыққа да көміртек(древесный уголь) салыңыз, жақсылап араластырып, сұзгіден өткізіңіз. Түстің жойылғанын бақылаңыз.

Қорытынды:

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?