Азот. №11 зертханалық тәжірибе «Азот молекуласының моделі ». Химия, 9 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.1А.

Мектеп: НЗМ. Талдықорған қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Азот. №11 зертханалық тәжірибе «Азот молекуласының моделі »

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Азоттың қасиеттерін және табиғаттағы азот айналымын түсінеді

- азот молекуласының құрылысын сипаттау

- азотқа периодтық кестедегі орны бойынша сипаттама беру

- азот қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін бағалау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар біледі:

  • зертханада қауіпсіз жұмыс жасау ережелері мен химиялық құрал-жабдықтар мен реактивтермен қауіпсіз жұмыс жасау ережелері мен қауіпсіздік техникасын сақтау қажеттілігін түсінеді
  • азоттың периодтық кестеде орналасуына сипаттама бере алады
  • Азот оксидерін және олардың қоршаған ортаға әсерін біледі

Көпшілік оқушылар біледі:

  • Азот молекуласының құрылысын түсінеді және бейнелей біледі
  • Азоттың басқа элементтермен салыстырмалы сипатын жасай алады
  • Азоттың енжарлылығын дәлелді түрде түсіндіре алады

Кейбір оқушылар біледі:

  • Экологиялық проблемаларды шешудің жолдарын көрсете алады
  • үштік байланыстың салдарын түсіндіре біледі
  • азотқа қарап фосфорға болжам жасай алады

Бағалау критерийлері

Азот молекуласының формуласын біледі

Азот молекуласының түзілу схемасын түсіндіре алады

Тілдік мақсаттар

 

Сұрақтар қою және оларға нақты дұрыс жауап беру, азоттың

  • таңбасы...
  • молекулалық формуласы...
  • периоды және тобы...
  • реттік нөмірі...
  • салыстырмалы атомдық массасы...
  • протон, нейтрон және электрон сандары...
  • периоды және тобы...
  • салыстырмалы молекулалық массасы...
  • электрондық формуласы...
  • тотығу дәрежелері...
  • физикалық қасиеті...

Пәнаралық лексика және терминология

Азот – ауаның құрамына кіреді, көлемдік үлесі...

Жер қыртысының ... салмағында ... азот болады т. б.

Сұхбат/хат үшін сөздердің пайдалы топтамасы

Нелер орын алады егер ...?

Ауадағы азоттың мөлшері көбейсе, онда ... ?

...ағзалар өледі/ қалдықтар ыдырайды?

Қалай …

Азоттың тотығу дәрежелері ..................................., неліктен?

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

қауіпсіздік ережесі

техника безопасности

accident prevention

азот

азот

nitrogen

электрондық құрылым

электронное строение

electronic structure

байланыс саны

количество связи

the amount due

т.б.

Құндылықтарды дарыту

Экологияны таза ұстауға тәрбиелеу.

Мектеп миссиясын, пайымдауды және ЖА қалыптастыру

Мәңгілік ел Жалпы әлемдік және аймақтық маселелерді шешудегі ұлттық қауіпсіздік пен біздің еліміздің жаһандык катысуы құндылығы тұрғысында

  • құрмет
  • ынтымақтастық
  • өмір бойы білім алу

құндылықтарын дарыту ынтымақтастыру атмосферасын құру, әңгіме-сұхбат жасау арқылы, топтық жеке сыныппен бірлесе отырып тапсырмаларды орындау барысындағы нақты іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Азотқа жалпы сипаттама беру мақсатында, азот қосылыстарының қоршаған орта мен тірі ағзаларға әсері

  • биологиямен
  • экологиямен
  • географиямен

байланыстыру арқылы іске асады.

АКТ қолдану дағдылары

Азоттың қоршаған ортаға әсерін интернет жүйесінен қарастырылады. Презентация, бейнетаспалар, суреттер, сызба кестелер көрсетіледі.

Бастапқы білім

Алдыңғы бөлімдердің барлығымен дерлік байланыс бар

Атом құрылысы (2) (7.1В)

Химиялық реакциялардың мысалдары (7.2В)

Химиялық реакциялардың мысалдары(9.1С)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-3 минут

4-10 минут

Ынтымақтастық атмосферасын құру

Шеңбер түзе айнала дөңгелекке тұрып шаттық шеңберін ұйымдастыру. 1, 2, 3, 4-ке дейін санау және төрт топқа бөліну ұсынылады.

Химия кабинетінде қауіпсіз жұмыс жасау ережелері мен қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру мақсатында химия кабинетінде қауіпсіз жұмыс жасау ережелері бейнеленген суреттер мен онлайн ресурстар таратылады.

Химия кабинетінде қауіпсіз жұмыс жасау ережелері бейнеленген онлайн ресурстар, арнайы журнал

Сабақтың ортасы

11-15 минут

16-21 минут

22-30 минут

31- 40 минут

41-50 минут

51-60 минут

61-66 минут

67-77 минут

Қауіпсіздік ережелері талқыланып болғаннан кейін жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқушылардың өздеріне тапқызамын, ол үшін оқушыларға тақырыпқа қатысты жұмбақ жасырамын.

Жұмбақ: Бұл элементті алғаш рет ағылшын химигі Д.Резерфорд сипаттап, 1772 жылы, осы элементтің ресми ашылған жылы болып есептеледі. Бос күйінде бұл элемент екі атомнан тұратын жай зат түзеді. Ауаның құрамында оның 78,1% кездеседі. Байланысқан күйінде бұл элемент бейорганикалық тұздар, (селитралар) және нәруыздар шірігенде пайда болатын өнім аммиак түрінде кездеседі.

Бұл қай элемент?

Әңгіме-сұхбат жүргізу мақсатында азоттың периодтық кестеде орналасуына сәйкес сипаттама беру үшін оқушыларға төменде берілген сұрақтарға жауап беру ұсынылады:

  • таңбасы...
  • молекулалық формуласы...
  • периоды және тобы...
  • реттік нөмірі...
  • салыстырмалы атомдық массасы...
  • протон, нейтрон және электрон сандары...
  • салыстырмалы молекулалық массасы...
  • электрондық формуласы...
  • тотығу дәрежелері...
  • физикалық қасиеті...

(I) (F)

Жеке тапсырма: Нүктелер және айқыштар арқылы азот молекуласының сыртқы қабаттағы электрондарды тауып, азот молекуласының электронды құрылымын салуы керек.

Топтық жұмысТапсырма: Азот молекуласының түзілуін сутегі және оттегі молекулаларының түзілуімен салыстыру.

(W) Үштік байланыстың салдарын талқылаңыз: байланыстың күшті болуы белсенділіктің төмендеуіне әкеледі.

Қорытынды жасау: сутегі молекуласының байланыс реті 1, оттегі молекуласының байланыс реті 2, ал азот молекуласының байланыс реті 3-ке тең. Үштік байланыстың түзілуі салдарынан азот енжарлық танытады, байланыстың күшті болуы белсенділіктің төмендеуіне әкеледі.

(G) (F) №11 зертханалық тәжірибе «Азот молекуласының моделі»Тапрсырма: сутегі, оттегі, азот молекулаларының шар тәрізді модельдерін құрастыру

ТОПТЫҚ ЖҰМЫСБерілген суретке қарап азоттың табиғаттағы айналымын түсіндіру

Азоттың табиғаттағы айналымын түсіндіру

Бағалау критерийі:

  • Найзағай ойнаған кездегі үрдісті түсіндіре алады
  • Топырақта нитраттар қалай түзілетіндігін біледі
  • Азот құрамына кіретін кездесетін заттарды біледі.
  • Топырақтағы байланысқан азот атмофераға қайтадан қалай оралады?
  • Сурет бойынша соңғы үрдісті түсіндіре отырып, табиғаттағы азот айналымын қорытындылайды

Бейне баян:

Бекіту:Тексеру. Топаралық бағалау

Атмосферадағы бос азот оттекпен найзағай ойнаған кезде қосылып, азот тотығын түзеді, ал жаңбыр суымен қосылып, азот қышқылын түзеді. Ол өз кезегінде топырақта нитраттар түзетіндігін осылайша өсімдікке сіңуіне мүмкіндік береді. Сөйтіп, атмосфералық бос азот айналымға кіреді. Азот түйнек бактерияларында жиналады. Азот қазба отындар құрамында болады. Азот белокты заттардың құрамында болады. Осылайша азот айналымға түседі.

Тікелей азотты ауадан кейбір бактериялар ғана қорытады, қалған организмдер тек қосылыстарын ғана пайдаланады. Минералды тыңайтқыштар аммиак, аммоний тұздары және карбамид топырақ бактериялары арқылы нитраттарға түрленеді, өсімдіктер азотты топырақтан ион түрінде сіңіреді. Адамдар және жануарлар органикалық байланысқан азотты тамақ арқылы сіңіреді. Жоғарғы организмдерде азот метаболизмінің соңғы өнімі карбамид (несепнәр) болады. Ауадағы бос азот та түрлі себептермен толықтырылып отырады. Мысалы, ағаш, шымтезек, таскөмірді жаққанда, органикалық заттар шірігенде атмосфераға азот бөлінеді. Топырақта тіршілік ететін кейбір бактериялар да ауа жетіспейтін жағдайда нитраттардан оттекті өзіне тартып, атмосфераға бос азотты бөледі.

Қосымша тапсырма:Азот қосылыстары, қоршаған орта мен тірі ағзаларға әсері ( пайдасы мен кері әсері )

  • Оқушылармен азот оксидтері және олардың физикалық қасиеттері мен түзілу процестерін қарастырамын.

Оқушыларға сұрақ беру:

  • азот оксидтерінің қоршаған ортаға оң және теріс әсерлері бар ма? (оқушылар өз жауаптарын ұсынады). Мұнда оқушылар отынның жануы және химиялық өндірістердің нәтижесінде азот оксидтерінің түзілетіндігін, олар өз кезегінде сумен әрекеттесіп, қышқыл жаңбырды туғызатынын және олардың қоршаған ортаға зиянды әсерін талқылайды.

2. Презентация бойынша бірнеше металл нитраттарын қарастыру. Оқушыларға сұрақ беру: Бұл заттардың арасында қандай ұқсастық бар? (оқушылар биология курсынан сілтілік металдардың нитраттары селитралар деп аталатындығын естеріне түсіреді). Азот өсімдіктерге неліктен қажет? (оқушылар азоттың ақуыз құрамына кіретіндігін және топырақты тыңайтатындығын түсіндіреді). Егер тыңайтқышты артық мөлшерде қолданса, қандай жағдайлар орын алады? (оқушылар нитраттардың адам ағзасына теріс әсерін айтады)

3.Сілтеме бойынша видео көрсетемін:

https://twig-bilim.kz/film/pollution-water-5553/

Азоттың табиғаттағы айналымын қарастырады, биохимиялық процестер: шіру немесе аммонификация; нитрификация; денитрификация; атмосферадағы азоттың фиксациясы.

Материалды эвтрофикация процесіне анықтама берумен аяқтаймын. Эвтрофикация дегеніміз минералды иондардың суда жиналуы, соның арқасында балдырлардың көбеюі . Бұл оттегінің төмендеуіне, судағы флора мен фаунаның өлуіне әкеледі. (анимацияны тамашалау)

Осы материалдарды меңгергеннен кейін төмендегі сұрақтар қойылады:

  • Ауада азот мөлшерінің не себептен көп?
  • Азот неге енжарлы болып келеді?
  • Азоттың қандай қосылыстары бар?
  • Оксидтік қосылыстарынның формуласын жазыңыздар.

Экологияға әсер ететін оксидтердің формулаларын және әсер ету түрлері.

Азот айналымы жөніндегі көрсетілген ресурсқа сілтеме:

http://www.bbc.co.uk/schools/gcsebitesize/science/add_ocr_pre_2011/chemicals/biocompoundsrev4.shtml

Динамическая таблица Д. И. Менделеева Бейнетаспа https://www.youtube.com/watch?v=3ky0_7CVTx4#t=29

Бейорганикалық қосылыстардың шар тәрізді модельдері коллекциясы

эфтрофикация процесі жөніндегі видео:

http://www.youtube.com/watch?v=UGqZsSuG7ao

Сабақтың соңы

75-78 минут

79-80 минут

Рефлексия жүргізу:

Нені білдім, нені үйрендім...

Нені толық түсінбедім...

Немен жұмысты жалғастыру қажет...

Үй жұмысы: Азот жалпы сипаттама, электрондық құрылымы.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалдымеңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • зертханада қауіпсіз жұмыс жасау ережелері мен химиялық құрал-жабдықтар мен реактивтермен қауіпсіз жұмыс жасау ережелері мен қауіпсіздік техникасын сақтау қажеттілігін барлық оқушылар жақсы түсінеді
  • азоттың периодтық кестеде орналасуына сипаттама бере алады, дегенмен уақытты ұтымды пайдаланбау салдарынан

азот молекуласының құрылысын уақтылы бейнелеп үлгермеді

кейбір оқушылар ғана үштік байланыстың салдарын түсіндіре біледі және азотқа қарап фосфорға болжам жасай алады

Әңгіме-сұхбат барысын оқушылар:

Ақ шағын тақтаға бірін-бірі бағалайды

(+ немесе -).

Жеке жұмыс барысын:

дұрыс жауабын тақтада көрсете отырып, әрбір оқушыны жеке дара марапаттау арқылы бағалау (қол соғу т. б.).

Сыныппен жұмыс барысын:

оқушылар бір-біріне «Басбармақ» көрсету арқылы

Қоршаған орта, тірі ағзаларға азоттың пайдасы мен кері әсерін экология, медицинамен байланыстыра дәйекті мәліметтер келтіру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылған ба? Оқушылардыңбарлығы ОМ қолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме?

Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма?

Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпыбаға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?