Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.
«Келісілді» |
| ||
Мектеп: | Мұғалім: | ||
Химия пәні бойынша ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ | |||
Күні: | Сынып: 9 Сабақ № | ||
Бөлім: | |||
Сабақтың тақырыбы | Тотығу-тотықсыздану реакциялары | ||
Оқыту мақсаттары | 9.2.2.5- тотығу –тотықсыздану реакцияларын тотығу дәрежесінің өзгеруімен жүретін реакциялар екенін түсіну | ||
Сабақтың мақсаты |
| ||
Бағалау критерийлері | 1.Оқушылар қосылыстарда атомдардың тотығу дәрежелерін дұрыс көрсетеді 2.Тотығу –тотықсыздану реакциясын жазып, тотықтырғышпен тотықсыздандырғышты ткөрсетеді. 3.Тотығу –тотықсыздану реакцияларының типтерін ажырата алады; | ||
Құндылықтары | Оқушылардың өзара сыйластығы, ашықтық, коллабративті орта | ||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика және терминология: Тотығады/тотығу, тотықсыздану, тотықсызданады сутегі қосымша, жою, процесс, жоғалту, арттыру, кері, орын алатын Оқушылар орындай алады: Тотықсыздану және тотығу жөнінде сұрақтар қою және оларға жауап беру, сонымен қатар олардың арасында ауызша/жазбаша салыстырмалар жасау. Тотығу –тотықсыздану реакциялары ................................................ Элемент реакция барысында тотығу дәрежелерін ......................... | ||
Пәнаралық байланыс | Арифметка | ||
Алдыңғы білім | Атом құрылысы Тотығу дәрежесі Химиялық реакциялардың типтері Оттектің тотығуы. Оттекте жану | ||
Сабақ барысы | |||
Жоспарланған сабақ кезеңі | Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар | Ресурстар | |
Өткен материалды қайталау 1-5 минут | Сәлемдесу. Сыныпта жағымды атмосфера орнату Оқушылар берілген сұрақарға жауап беру:
Топтық жұмыс: Оқушыларды топқа бөліп, берілген қосылыстардағы элементтердің тотығу дәрежелерін қоюды ұсыну 1 топ: Сl2O7, SO3, H3PO4, P2O5, Na2CO3, CuSO4, Cl2, 2 топ: HClO4, K2Cr2O7, Cr2(SO4)3, Al(NO3)3, CaSO4, 3 топ: NaMnO4, MnCl2, HNO3, N2, N2O, HNO2, H2S, Ca3(PO4)2 | Презентация Таратпа материал | |
Жаңа материалды игеру 8- 24 минут | Тотығу дәрежесіне сай химиялық реакияларды жіктеу Фронтальды сұрау: 1.Химиялық реакция дегеніміз не? 2.Химиялық реакциялардың типтерін атаңыз? Мұғалім: Яғни бұл химиялық реакцияларды тотығу дәрежесіне сай екі топқа бөлеміз тотығу дәрежесі өзгере жүретін және өзгермейтін. Мысалы, : NaOH + HCl → NaCl + H2O (тотығу дәрежесі өзгеріссіз) Na + H2O → NaOH + H2↑(тотығу дәрежесі өзгерген) •Қосылыстардың құрамында тотығу дәрежесін қалай есептейді? Мұғалім негізгі ұғымдарды талқылап, анықтама берді. Тотығу Тотықсыздану Тотығу-тотықсыздану реакциялары Тотықтырғыш Тотықсыздандырғыш Қорытынды:Тотығу және тотықсыздану бір-бірінен бөлуге болмайтын процестер: тотығу тотықсызданусыз болмайды және керсінше, тотықсыздану тотығусыз болмайды. Тотығу –тотықсыздану процестері табиғат пен техникада маңызды рөл атқарады. Тыныс алу, фотосинтез, зат алмасу және бірқатар биологиялық процестер тотығу-тотықсыздану реакциялары болып табылады. Оқушыларға тотығу –тотықсызану реакцияларын орындау ережесі көрсетіледі:
CuS+HNO3 —>Cu(NO3)2+ S + NO+H2O
Cu+2S-2 +H+1N+5O-23 —> Cu+2(N+5O-23)-12+ S0 + N+2O-2+H+12O-2 Реакция барысында берілген реакция теңдеуінде тотығу дәрежелері өзгерген элементтерді анықтайды Cu+2S-2 +H+1N+5O-23 —> Cu+2(N+5O-23)-12+ S0 + N+2O-2+H+12O-2
Элементтердің тотығу дәрежелерінің өзгерісін мына сызба нұсқа арқылы көрсетеміз N+5 →+3e N+2 S-2→ - 2e S0 S-2 (в CuS) тотықсыздандырғыш, себебі күкірт электрондарын беруде N+5 (в HNO3) азот тотықтырғыш себебі ол электрондарды өзіне қабылдауда Тотығу –тотықсыздану реацияларының жіктелуі Тотығу –тотықсыздану реакцияларының бірнеше типтері болады: 1.Реакцияға қатысушы әртүрлі заттар арасында атомдардың тотығу дәррежелері өзгере жүретін реакциялар молекулааралық тотығу –тотықсыздану реакциялары. 2.Реакцияға қатысушы бір ғана заттың құрамындағы әртүрлі элемент атомдарының тотығу дәрежелері өзгере жүретін молекулаішілік тотығу –тотықсыздану реакциялары. 3. Реакцияға қатысушы бір ғана зат құрамындағы бір элемент атомының тотығу дәрежесінің өзгеруі арқылы жүреді. Мұдай реакциялар диспропорциялану деп аталады.
| Презентация Қолдау ақпараты: http://www.chemguide.co.uk/inorganic/redox/equations.html Жартылай реакция әдісін қолданумен теңестрілген теңдеулер: http://library.kcc.hawaii.edu/external/chemistry/bal_equations_rules.html Таратпа материал | |
Жаңа материалды бекіту 324-38 минут | Оқушылар жеке жұмыстар орындайды: Берілген реакция теңдеулерінде тотығу дәрежелерін қойып, тотығу дәрежесі өзгерген элементтерді анықтайды және тотықтырғышпен тотықсыздандырғышты көрсетіп ажыратады.
Бағалау: Мұғалім оқушылардың жұмыстарын тексеріп жүріп, кері байланыс береді. Оқушылар жұпта берілген реакция теңдеулерін қарастырып, тотығу-тотықсыздану реакцияларын анықтауды PbO + 2HCl ⟶ PbCl2 + H2O PbO2 + 4HCl ⟶ PbCl2 + 2H2O + Cl2 AlCl3 + 3NH3 + 3H2O ⟶ Al(OH)3 + 3NH4Cl 2CrO2─+2OH – + 3H2O2 ⟶2Cr2O42- + 4H2O CaCO3 ⟶ CaO + CO2 Бағалау: Оқушылар жұпта жұмыстарын тексеріп, кері байланыс береді Мұғалім оқушылардың жауаптарын талқылай тырып, кері байланыс береді | ||
Рефлексия 38-39 минут | Оқушылармен сабақ мақсаттарын қайталау. Жалпылау. | ||
Үй тапсырмасы | Үй тапсырмасы Тотығу тотықсыздану реакциялары Қосымша 1 | ||
Сабақ бойынша рефлексия | |||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?