Көміртектің қасиеттері. Практикалық жұмыс №6 «Көміртектің физикалық және химиялық қасиеттері» Көміртектің оксидтері Практикалық жұмыс №7 «Көмірқышқыл газын алу және оның қасиеттерін зерттеу». Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.4В Көміртек және оның қосылыстары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Сабақ

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Көміртектің қасиеттері.

Практикалық жұмыс №6 «Көміртектің физикалық және химиялық қасиеттері»

Көміртектің оксидтері

Практикалық жұмыс №7 «Көмірқышқыл газын алу және оның қасиеттерін зерттеу»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.3.5 көміртегінің физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу

8.4.3.6 көміртекті отындар оттегінде жану кезінде көміртегі монооксидін немесе көміртегін түзуі мүмкін екендігін түсіну. Көміртек монооксидінің физиологиялық әсерін түсіндіру

8.4.3.7 көмірқышқыл газын алу және жинау, қасиеттерін зерттеу және оны анықтау

8.4.3.8 табиғаттағы көміртегі айналымын түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар жасайды:

-көміртегінің физикалық және химиялық қасиеттеріне зерттеу жүргізеді;

-көміртекті отындар оттегінде жану кезінде көміртегі монооксидін және диоксидін түзу үшін қажетті жағдайларды атайды;

-иіс газының тірі ағзаларға әсерін түсіндіреді;

-көмір қышқыл газын алады, анықтайды және қасиеттерін зерттейді;

-табиғаттағы көміртегі айналымының схемасын құрастырады;

Бағалау критерийлері

Оқушылар оқу мақсаттарына жетеді, егер:

-көміртегінің физикалық және химиялық қасиеттерін көрсетсе

-көміртек моно және диоксидтері қандай жағдайда түзілетінін түсіндірсе;

-иіс газының тірі ағзаға әсерінің салдарын көрсетсе;

-тәжірибе жүзінде көмірқышқыл газын алып, оны анықтаса;

-схема бойынша табиғаттағы көміртегі айналымын түсіндірсе;

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындай:

көміртекті отындар оттегінде жану кезінде көміртегі монооксидін және диоксидін түзу үшін қажетті жағдайларды сипаттайды және иіс газының тірі ағзаға әсерін түсіндіреді;

Терминология:

Көміртегі монооксиді, көміртегі диоксиді, иіс газы, көмірқышқыл газы, оттектің жетіспеушілігі, оттектің артықшылығы, толық жану, жартылай жану

Пәнге қатысты лексика

Егер жану реакциясында оттек жетіспеген болса, реакция өнімі .... болады

Егер жану барысында оттек жеткілікті мөлшерде болса, онда реакция өнімі ... болады

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Топта жұмыс істеу дағдысы

Өз сыныптастарына деген құрмет

Құндылықтарды дарыту оқушылардың бірлескен жұмысы арқылы жүзеге асады

 Пәнаралық байланыстар

Оқылатын ақпарат жану өнімдерінің тірі ағзаларға және экожүйеге әсері туралы білімдерін тереңдетеді, бұл биологиямен байланысы

Бастапқы білім

Атом құрылысы (7.4 А)

Периодтық жүйе

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау

0-1

2-7 мин

Ұйымдастыру. Сәлемдесу.

Қайталау. Сыныппен жұмыс

Оқушыларға алмаз бен графиттің құрылымдық моделі көрсетілген суреттер ұсынылады. Оқушылар суретке қарап бұл заттарға салыстырмалы сипаттама береді:

-құрылысы бойынша

-қасиеттері бойынша

Оқушыларға графит, көмір және алмаздың суреті көрсетіліп;

- бұл заттардың ұқсастықтарын

-және бұл заттардың ерекшеліктерін анықтау ұсынылады

Оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы анықталып, мақсаттар қойылады;

Презентация және суреттер

Мағынаны ашу

8-12 мин

13-33 мин

34-38 мин

39-40 мин

Практика барысында көміртектің физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу

Практикалық жұмысты орындау

Топтық жұмыс

Оқушылармен практикалық жұмыстың мақсатын талқылау.

Қауіпсіздік техника ережелерін қайталау.

Спирт шам мен шыны ыдыстарды қолдану ережелерін қайталау

Оқушылар ҚТЕ журналына қол қояды.

Оқушыларға практикалық жұмысты орындау нұсқаулығын беру

Практикалық бөлім

Оқушылар топта нұсқаулықпен таныса отырып, жұмыс барысын талқылайды, жұмысты тиімді орындау мақсатында бір-біріне нақты міндеттерді бөледі. Оқушылардың жұмысты орындауларына дайын екеніне көз жеткізген соң, жұмыс жасауға рұқсат беріледі. Жұмыс орындалу барысында жұмыс талаптарының дұрыс орындалуын бақылап, қажет болса бағыттап отыру қажет

Сыныппен жұмыс

Эксперимен нәтижелерін талқылау

Оқушылар топта жұмыс нәтижелерін талқылап, қорытынды жасайды

Әр топқа көміртектің физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты кесте толтыруды ұсыну

Топтың бірін-бірі өзара бағалау мақсатында кестелерімен алмасуды ұсыну

Оқушылардың оқу мақсаттарына жетуін анықтау мақсатында сөйлемдердегі бос орындарды толықтыруын ұсыну

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

2 сабақ

41-50 мин

51-71 мин

Проблемалық сұрақ: Бөлмені жылыту үшін жағылатын пеш орнытылған бөлменің ауасы тазаланбаса неге ол жерде қалуға болмайды?

Оқушыларға 1-2 минут талқылауға беру

Оқушылар өз аргументтерін ұсынады

Талқылау нәтижесінде оқушылар егер оттек жеткіліксіз болған жағдайда иіс газы түзілетіндігіне көз жеткізеді

Ол газ өз кезегінде улы газ болғандықтан адам денсаулығына өте зиян

Оқушыларға оттек артық және жеткіліксіз болған жағдайда отынның жану реакцияларын жазуды ұсынылады

Практикалық жұмысты орындау «Көмір қышқыл газын алу және оның қасиеттерін ұсыну»

Топтық жұмыс

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау

Қауіпсіздік техникасы:

-жылыту құралдарымен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау;

-реакция жүріп жатқан ыдыстарға жақын еңкеймеу;

-жылыту құрылғысын ыстық күйінде жинауға қатаң тиім салынады;

-қышқыл және сілті ерітінділерімен жұмыс жасауда мұқият болу;

Оқушыларға келесі тәжірибелерді орындауды ұсыну:

1.Көмір қышқыл газын мәрмәр мен қышқыл ерітіндісін әрекеттестіру арқылы алу;

2.Көмір қышқыл газын натрий гидрокарбонатын қыздыру арқылы алуды ұсыну;

3.Тәжірибенің қауіптілігіне байланысты магнийдің көмірқышқыл газында жануын демонстрация түрінде көрсету;

Мәтінмен жұмыс

Оқушыларға көміртектің табиғатта айналымы туралы мәліметі бар мәтін беру.

Мәтін мазмұнымен таныса отырып, оқушылар жұптық жұмыс орындайды. Яғни көміртектің табиғаттағы айналымын схема түрінде көрсетеді.

Оқушылардың жұмыстары қабырғаға ілінеді. Оқушылар жұмыстарды көріп, бағалайды және ауызша немесе жазбаша кері байланыс береді.

Қосымша 4

Қосымша 5

Рефлексия

Оқушылардың оқу мақсаттарын жетуін анықтау және оқу барысында пайда болған мәселелерді шешу үшін оқушылар рефлексия кестесін толтырады

Қосымша 6

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Кейбір оқушыларға практикалық жұмыстың толық нұсқаулығы таратылады

Үлгерімі жоғары оқушыларға экспериментті өздігімен жоспарлау дағдысын қалыптастыру мақссатында толық емес нұсқаулық беріледі

Оқушылардың жұмысты талқылауларын, бірін-бірі, өз-өзін бағалауын бақылау

Қауіпсіздік техникасының ережелерінің сақтай отырып жұмыс жасау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?