Энергетикалық деңгейлер (2). Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы: Энергетикалық деңгейлер (2)

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

СЫНЫП: 8

Қатысқандар саны:

қатыспағандар:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.1.3.4 алғашқы 20 элементтің электрондық конфигурациясы мен электронды-графикалық формулаларын жаза білу.

 Сабақтың мақсаты

  • алғашқы 20 элементтің электрондық конфигурациясы мен электронды-графикалық формулаларын жазады.
  • электрондық конфигурация негізінде элементтердің периодтық жүйедегі орнын сипаттайды.

 Бағалау критерийлері:

Оқушы мақсатқа жетеді, егер:

- алғашқы 20 элементтің электрондық-графикалық формулаларын жаза алса;

- электрондық конфигурация негізінде элементтердің периодтық жүйедегі орнын сипаттай алса.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар элементтердің электрондық конфигурациясы мен электрондық-графикалық формулаларын жазады және электрондық формулалары негізінде элементтердің периодтық жүйедегі орнын сипаттайды.

Тақырып бойынша арнайы лексика және терминология:

атом, электрондық бұлт энергетикалық деңгей, деңгейше, s және p орбиталь, ядро, топ, ішкі, сыртқы

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 минут

4-5 минут

  • Ұйымдастыру сәті.
  • Психологиялық ахуалды жақсарту үшін оқушылармен «Энергетикалық деңгейлер» ойыны ойнатылады. Оқушылар айтылған деңгейдегі электрон санын анықтап, сол бойынша топтарға бірігеді.
  • Сосын сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтылады.

Атом модельдерін жасау бойынша мұғалімнің кері байланысы.

Оқушылардың алдыңғы сабақтағы жасаған моделдері бойынша кері байланыс беріледі. Егер ол тапсырманы оқушылар алдыңғы сабақта аяқтамай үйіне әкеткен болса, жұмыстар жинап алынады. Оқушылар басқа тапсырмаларды орындау барысында кері байланыс берілетін болады.

Сабақтың ортасы

6-12 минут

13-18 минут

19-23 минут

24-28 минут

29-38 минут

Топтық жұмыс. Өткен сабақтармен байланыс орнату.

Әрбір топқа 5 элементтен беріледі. Оқушылар берілген үлгіге қарап, атомды құраушы фундаментальды бөлшектерді анықтауы тиіс.

Жеке жұмыс. Оқушыларға электрондық конфигурацияны жазу қағидалары түсіндіріледі.

Энергияның артуы бойынша орналасуы:

Диагональды ереже бойынша электрондық конфигурация жазу:

Оқушылар дайын формалар таратылады, оқушылар берілген элементтер үшін электрондарды орналастыра бастайды.

Талқылау. Бағыттаушы сұрақтар.

Оқушылар өздері алған мәліметтер негізінде мұғалімге келесі сұрақтарға жауап беруі керек.

Мысалы, барлық екінші топтағы элементтердің ең сыртқы энергетикалық деңгейінде неше электрон бар?

Ал екінші периодта орналасқан элементтердің энергетикалық деңгейінің саны қандай?

Мұғалімнің түсіндіруі.

Калий мен кальцийдің электрондық конфигурациясы қандай болады?

Тақтаға калийдің электрондық конфигурациясы жазылып түсіндіріледі. Оқушылардың бірін шақырып оның графикалық формуласын жазу ұсынылады. Осы жұмыстың негізінде оқушылардың барлығы кальцийдің электрондық және графикалық формуласын жазады.

Өзара бағалау. «Паралель»

Сыныпта оқушылар өзара қарама-қарсы отырған екі линия түзіп отырады. Бір-біріне көрсетілген сұрақтарды қояды.

1.Химиялық элементтің сыртқы қабатында неше электрон бар?

2.Химиялық элементтің неше энергетикалық қабаты бар?

3.Соңғы энергетикалық қабатын толтыру үшін неше электрон жетіспейді?

Жеке жұмыс.

Оқушылар өздеріне берілген жеке жұмыстарды орындайды. Жұмысты орындау барысында оқушылар дәптерлері мен оқулықтарын қолданбағаны абзал. Жұмысты көмексіз орындау оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жұмыстардың екі нұсқасы болады. Оқушылардың жұмыстары бағалау критерийлеріне сай бағаланады.

1-нұсқа

2-нұсқа

  • Берілген реттік нөмірі бойынша элементтердің электрондық қабаттарындағы электрон санын, электрондық конфигурациясы мен графикалық формулаларын жаз.

3, 11, 19

4, 12, 20

  • Бұл элементтердің электрондық қабаттарындағы электрондар саны жайында қандай қорытынды жасауға болады?
  • Бұл элементтердің электрон сыртқы электрон қабаттарындағы электрондар саны қанша? Сыртқы электрон қабатындағы электрондардың максималды санын толтыру үшін қанша электрон қажет?

1-қосымша

2-қосымша

Сабақтың соңы

39-40 минут

Оқушылардың жеке жұмыстары жинап алынады№һ, келесі сабақта оларға кері байланыстар беріледі.

Үй жұмысы:

Реттік нөмірі 21, 22 элементтердің электронды конфигурацияларын, электронды-графикалық формулаларын жазу.

Рефлексия

Оқушыларға өз оқу үлгерімдеріне қаншалықты сенімді екендігін батарея арқылы көрсету ұсынылады.

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланысДенсаулық және қауіпсіздікАКТ-мен байланыс

Құндылықтармен байланыс (оқу элементі)

Барлық оқушылар:

1-20 элементтердің электрондық конфигурацияларын жаза алады; Электрондық-графикалық формулаларды жаза алады;

Оқушылардың көбісі: Электрондық онфигурациясының негізінде элементтердің периодтық жүйедегі орнын сипаттай алады.

Кейбір оқушылар: Сыртқы қабаттағы электрондарды толтырудан көрі беріп жіберу оңай екендігін болжайды.

Бұл сабақтағы бағалау үдерісі оқушылардың бірін-бірі бағалау негізінде және мұғалімнің кері байланыс беруі түрінде жүзеге асырылады.

Топтық жұмысты жүргізу барысында оқушылардың бірін-бірі сыйлау құндылықтары дамиды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?