Энергетикалық деңгейлер. Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы: Энергетикалық деңгейлер (2)

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

СЫНЫП: 8

Қатысқандар саны:

қатыспағандар:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.1.3.4 алғашқы 20 элементтің электрондық конфигурациясы мен электронды-графикалық формулаларын жаза білу.

 Сабақтың мақсаты

  • алғашқы 20 элементтің электрондық конфигурациясы мен электронды-графикалық формулаларын жазады.
  • электрондық конфигурация негізінде элементтердің периодтық жүйедегі орнын сипаттайды.

 Бағалау критерийлері:

Оқушы мақсатқа жетеді, егер:

- алғашқы 20 элементтің электрондық-графикалық формулаларын жаза алса;

- электрондық конфигурация негізінде элементтердің периодтық жүйедегі орнын сипаттай алса.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар элементтердің электрондық конфигурациясы мен электрондық-графикалық формулаларын жазады және электрондық формулалары негізінде элементтердің периодтық жүйедегі орнын сипаттайды.

Тақырып бойынша арнайы лексика және терминология:

атом, электрондық бұлт энергетикалық деңгей, деңгейше, s және p орбиталь, ядро, топ, ішкі, сыртқы

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-2 минут

2-7 минут

  • Ұйымдастыру сәті.
  • Психологиялық ахуалды жақсарту үшін оқушылармен «Атомдар мен молекулалар» ойыны ойнатылады. Кездейсоқ санмен оқушылар 4-5 адамнан тұратын топтарға біріктіріледі.
  • Сосын сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтылады.

Еске түсірейік...

Оқушыларға сұрақтар беріледі, олар сұрақтарға жауап береді. Қажетінше кері байланыс беріліп отырады.

Атомдағы электрондардың жалпы саны неге тең?

Энергетикалық деңгей деген не?

Энергетикалық деңгейлерлің санын қалай анықтауға болады?

Сыртқы электрон қабатындағы электрондар санын қалай анықтауға болады?

Есте сақтайық

Соңғы электрондық қабатта орналасқан электрондар «сыртқы электрондар» деп аталады.

Негізгі топта орналасқан химиялық элемент атомдарының сыртқы электрон қабатындағы электрондар саны топ нөміріне сай келеді

Сабақтың ортасы

8-30 минут

Топтық жұмыс. 1-тапсырма

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындайды. Жауабы тақтаға шығарылады.

Тапсырма

1-нұсқа

2-нұсқа

1. Берілген деректер бойынша элементті анықта

а) 2e 8e 3e

ә) 2e 1e

б) 2e 8e 8e

а) 2e 4e

ә) 2e 8e 7e

б) 1e

2. Элементті периодтық кестедегі орны бойынша анықта

а) 2-период

3-топ, негізгі топша ә) 5-период

1-топ, қосымша топша

а) 4-период

3-топ, қосымша топша

ә) 2-период

6-топ, негізгі топша

Жеке жұмыс. Оқушыларға электрондық қабаттар, элеткрон бұлты туралы және электрондық конфигурацияны құрастыру алгоритмі беріледі. Содан соң оқушылар мұғалімнің көмегімен реттік нөмірі1-20 элементтердің электрондық формулаларын жазады. Топтар әрбір жазылған формуланы презентациядағы ақпарат арқылы тексеріп отырады.

Электрондық қабат

-Электрондық қабат ядроның айналасындағы барлық электрондардың жиынтығы;

-Әрбір электронның электрон қоры және өзінің қозғалу траекториясы болады;

-Электрондар ядродан әртүрлі арақашықтықта орналасқан: электрон ядроға жақын болған сайын ол онымен күштірек байланысқан, оны электрондық қабаттан жұлып алу қиынырақ;

-Ядродан алыстаған сайын электрондардың энергия қоры артады, бірақ ядромен байланысы кемиді.

Электрондық формулаларды құру алгоритмі

  •  Химиялық элемент пен оның атомының ядро зарядын жазамыз, ол элементтің реттік нөміріне тең.
  •  Энергетикалық деңгейлердің (период нөміріне сай келеді) және әр деңгейдегі электрон санын анықтаймыз.
  •  Әрбір деңгейдің толтырылу ретіне сай электрондық формуланы құрастырамыз, алдымен s-электрондар, сосын р-электрондар: деңгей нөмірі, орбиталь түрі мен ондағы электрондар саны.

1-қосымша

Сабақтың соңы

31-40 минут

Бекіту тапсырмалары

Орбитальдардың санын анықтау.

Сыртқы электрон қабатындағы электрондардың санын анықтау.

Энергетикалық деңгейдегі жалпы электрондардың санын анықтау.

Элемент атомдаының электрондық формулаларын жазу.

Сұрақтарға жауап беріңдер

Электрондық формуладағы деректер атом құрылысындағы қандай ерекшеліктерді көрсетеді?

Бір топта орналасқан элементтердің ұқсастығы немен түсіндіріледі?

Рефлексия

Оқушыларға өз оқу үлгерімдеріне қаншалықты сенімді екендігін батарея арқылы көрсету ұсынылады.

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланысДенсаулық және қауіпсіздікАКТ-мен байланыс

Құндылықтармен байланыс (оқу элементі)

Барлық оқушылар:

1-20 элементтердің электрондық конфигурацияларын жаза алады; Электрондық-графикалық формулаларды жаза алады;

Оқушылардың көбісі: Электрондық онфигурациясының негізінде элементтердің периодтық жүйедегі орнын сипаттай алады.

Кейбір оқушылар: Сыртқы қабаттағы электрондарды толтырудан көрі беріп жіберу оңай екендігін болжайды.

Бұл сабақтағы бағалау үдерісі оқушылардың бірін-бірі бағалау негізінде және мұғалімнің кері байланыс беруі түрінде жүзеге асырылады.

Топтық жұмысты жүргізу барысында оқушылардың бірін-бірі сыйлау құндылықтары дамиды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?